Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Астаналық бақылаушы ерекше әдетімен Қазнетте танымал болды

Астаналық бақылаушы ерекше әдетімен Қазнетте танымал болды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сақыпжамал Шәмшиеваның бақылаушы болып жұмыс істеп жүргеніне небәрі бірнеше ай болса да, ол Астанадағы 49-бағыттағы жолаушылар үшін таныс бейнеге айналып үлгерген. Оны сөзінен бірден тануға болады - ол кез келген адамды "красавица" немесе "красавчик" деп қарсы алады. Жақында жолаушылар бұл әйел туралы әлеуметтік желіде айтып берді. Жазба 32 мың қаралым жинап, Tengri Life Сақыпжамалдың өзінен бұл ерекше әдетінің қалай пайда болғанын сұрап білді.

Бәрі қалай басталған?

Астана тұрғыны әлеуметтік желіде 49-бағыттағы ерекше бақылаушы туралы оқиғасын бөлісті: ол жас демей, кәрі демей, жолаушылардың бәріне күлкі сыйлап, әрқайсысына "красавчик" немесе "красавица" деп тіл қатады.

"Астанада бір бақылаушы әйел бар - 49-бағытта үнемі жүретіндер оны жақсы танитын шығар. Ол карталарды немесе QR-кодтарды тексерген сайын, автобустағы әр адамға жасына қарамастан "красавица" немесе "красавчик" дейді", - деп атап өтті жазба авторы.

Бақылаушының бұл әрекеті авторды қуаныш ұсақ-түйекте болады деген ойға жетелеген.

"Білесіз бе, мен не ойлаймын? Біз кейде өзіміз немесе балаларымыз үшін таңдаған салада қандай да бір жаһандық мағына іздеп жатамыз. Ал кейде адамның миссиясы осындай қарапайым нәрселерде болады: кептелісте тұрған тар автобуста жылы сөз айтып, біреудің көңіл күйін көтеру, тұтынушы жақсы көретіндей дәмді латте дайындап беру, шашты бет пішініне үйлестіріп қию немесе ұқыпты маникюр жасау. Мүмкін, өмірдің мәні осыда шығар?", - деп түйіндеді ол.

Скриншот: Threads

Жазба 32 мың қаралым жинады. Желі қолданушылары да бұл астаналық әйелді байқағанын, оның жұмысқа деген көзқарасын жапон философиясымен салыстырып, ұқсас оқиғаларын бөлісті:

"Жапондар мұны "икигай" деп атайды". "Иә, мен де бұл әйелді 49-автобуста бір-екі рет көрдім, оның "Красавчик, красавица" дегенін естідім". "Бақытты адам бәрінің бақытты болғанын қалайды!!!" "90-жылдары Ақмолада 9-бағытта бір жүргізуші болатын, ол барлық аялдамаларды микрофонмен әзіл араластырып хабарлайтын! "Жуковкада": "Жуковский атындағы арақ орталығы", "Қазақстан" дүкенінде: "Студенттер, түсеміз" дейтін (онда КГПИ мен СИПИ болатын). Таңертең сондай керемет болатын - лық толы автобустың бәрі жақсы көңіл күйде жүретін! Оның ауысымына тап болсақ, жолымыз болды деп есептейтінбіз". Жұмбақ бақылаушы кім?

Біз ол кісімен байланыса алдық. Оның есімі - Сақыпжамал Шәмшиева. Жасы 55-те, Қызылорда облысының тумасы. Астанада 2015 жылдан бері тұрады, ал желілік қызмет бақылаушысы болып биыл сәуір айында жұмысқа орналасқан.

"Биыл сәуірден бастап желілік қызмет бақылаушысы (ЖҚБ) болып жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме қатты ұнайды, жолаушылармен тілдескен әрқашан қызық. Автобусқа кіріп, амандасамын және әрқайсысына ерекше құрметпен қараймын. Жолаушылар менің оларға жігер беретінімді және менімен кездескенге әрқашан қуанышты екенін айтады", - дейді ол.


Сақыпжамал Шәмшиева жұмыс үстінде. Фотоны кейіпкер ұсынды

Оның айтуынша, жолаушылар арасында кішкентай балалар, мектеп оқушылары, жасөспірімдер, студенттер, сондай-ақ ересектер, қарт әжелер мен аталар, тіпті шетелдіктер де бар. Ол әрқайсысының тілін таба біледі.

"Өзімнің базалық ағылшын тіліммен олармен де тіл табысамын, олар дән риза болады. Соңғы уақытта тұрақты жолаушыларым маған өте жақын болып кеткенін байқаймын, мұны өзім де күтпеген едім. Бұл сондай жағымды! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мені көргенде ең жақын адамын көргендей қуанады, ал біраз уақыт көрінбей кетсем, сағынады екен", - деп атап өтті ол.

Өзінің жұмысқа деген көзқарасы желіде талқыланып жатқанын ол кеше ғана білген, ал оның ерекше ілтипаты кездейсоқ пайда болған екен.

"Кеше ғана көптеген жолаушы менің әлеуметтік желіге шыққанымды, мен туралы көптеген пікір мен жылы лебіздер жазылып жатқанын айтты. Бұл өте тебірентерлік жағдай. Мен жұмысымды адамгершілігі үшін жақсы көремін. Бақылаушы болып жаңадан бастағанда, тек амандасып, түсерде қоштасуға тырысатынмын. Бірде бір қарт әжейге: "Рахмет, сіз сұлусыз!" - деп айтып қалдым, содан кейін бұл әдетке айналып кетті", - деп бөлісті Сақыпжамал.

Сақыпжамалдың айтуынша, жолаушылар оны жиі мақтап, басқа қызметкерлерге шеберлік сабақтарын өткізу керектігін айтады екен. Әрине, мұндай мақтауды тым қатал қабылдайтындар да табылады.

"Әртүрлі адамдар болады: "Красавица демеңіз, бұл ешкімге ұнамайды" деп, аузымды жауып тастайтындар бар. Бірақ мен оған мән бермеймін - өз жұмысымды істеймін, дегенмен ондайлар өте аз. Керісінше, өте көп адам - 97 пайызы - күтіп отырады, әсіресе зейнеткерлер. Олардың көздері жайнап, қуанып, таңғалып жатады, ал бұл маған ләззат сыйлайды", - деді ол.

Сақыпжамал әлеуметтік желідегі жазбаны екінші туған күніндей сезінгенін, әріптестері мен достары оны бір-біріне жаппай жібергенін айтты. Ал оның нағыз туған күні 23 қыркүйекте, оны ол жұмыс орнында қарсы алып, автобустағы жолаушыларды қуанта бермек.

Айтпақшы, жақында Ұлттық ұлан оркестрінің музыканттары танымал америкалық трендті қайталап, Қарағандының Орталық саябағындағы аттракционда тебіліп жүріп, музыкалық шығарманы орындап шықты. Ерекше өнер көрсетілген видео желіде тез тарап кетті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 09:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары