Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Астаналық бойжеткен жеңіл лазерлік отаға апарған анасы дәрігерлердің кесірінен қаза тапқанын айтады

Астаналық бойжеткен жеңіл лазерлік отаға апарған анасы дәрігерлердің кесірінен қаза тапқанын айтады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Желіде астаналық ару дәрігерлердің кінәсінен еш сырқаты жоқ анасының қаза тапқанын жеткізіп шағымданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Айтуынша, анасы лазер арқылы жасалатын ең жеңіл отаға кірген. Алайда шыққан соң оның жағдайы күрт нашарлағанына қарамастан дәрігерлер туыстарын алдап, бәрі жақсы екеніне сендірген. Бойжеткен осы жағдайға қарамастан жауапты болған дәрігерлердің әлі қызметте жүргенін сынады. 

Оқиға Астанадағы “Greenclinic” көп салалы емханасында болған. 

“Мен шок жағдайындамын. Қатты жүрегім ауырып тұр! Неге анамның өліміне себеп болған дәрігерлер: Әділет Меңдібаев пен Қайрат Катренов әлі күнге дейін бұл ауруханада жұмыс істеп жүр?! Түсінесіздер ме? Олардың немқұрайлылығы мен салғырттығынан менің анам өмірден өтті!

10 қыркүйекте анам Оразгүл Жұмағалиеваны лазерлік отаға кіретін болды. 11 қыркүйек күні таңертең оған лапароскопиялық герниопластика жасалып, торлы эндопротез қойылды. Операциядан кейін анам есін тек түстен кейін ғана жиды. Бірақ 12 қыркүйекте сұмдық басталды!”, – деп баяндады ол. 

Бойжеткеннің анасы отадан кейін қатты әлсіреп, тіпті әрең сөйлейтін дәрежеде болған. 

“Сол күні кешке қатты құса бастаған. Ал кешкі 8–9 шамасында барсам, анамды жансақтау бөліміне алып кеткен екен. Мен жылап отырғанда дәрігер Әділет Мендібаев келіп, анаммен телефон арқылы сөйлестірді. Сол кезде дауысы әлі қалыпты еді. 13 қыркүйекте әпкем Ақтаудан ұшып келді. Екеуміз бірге ауруханаға бардық. Бұл сенбі болатын. Ауруханада бірде-бір дәрігер болған жоқ! Қауіпсіздік қызметі мен медбикелер арқылы анамның жағдайын сұрадық. Олар: "Бәрі жақсы, жаңа ғана тамақтанды, уайымдамаңыздар", – деді. Бірақ кейін білсек, бұл өтірік болған екен! Медбикелер анамның жағдайы жақсы деп айтып, бізді алдаған! Ал сол сәтте менің анам азаппен жан тапсырып жатқан! Қалай ғана осылай туыстарын алдауға болады?! Олардың ар-ұят, адамгершілігі қайда?!”, – деп жазды ол.

Оразгүлге кейін дәрігерлер қайта ота жасаған. Құрсағын ашқанда ішегінің 80 пайызы қарайып кеткені анықталған.

“Сағат 10:00-де мен үйге кеттім. 14:00-де әпкем мен әкем барған кезде анам әрең дем алып, сөйлей алмай, қиналып жатыр екен. Оған қалам мен дәптер берсе, "дәретханаға барғым келеді" деп жазған. Кешке оған қайтадан операция жасалды. Ішегінің 80 пайызы қарайып кеткен. Оны дәрігер Әділет Мендібаев өзі жуып тазалаған. Ал анамның емін қадағалауға тиіс болған Қайрат Катренов сол кезде Алматыға кетіп қалған! Қалай дәрігер науқасын ауыр қалде тастап кете алады?!

Отадан кейін бүкіл отбасымыз, әкем, әпкем, ағам, кіші інім бәріміз анамның оянуын күттік. Шамамен 20:00-де ота жасаған дәрігер үйіне кетіп қалды. Ол анамның есін жиғанын да күтпеді, бізге ештеңе айтпады. Сағат 01:14-те бірінші отаны жасаған Қайрат есімді дәрігер хабарласып, анамның көз жұмғанын айтты. Бірақ менде бір ғана сұрақ бар: Қайрат Алматыдан қашан келді? Мен түн жарымына дейін күткенімде жоқ еді. Анамда ешқандай ауру болған жоқ. Ол дені сау, белсенді, жұмыс істейтін, өмірге құштар адам еді. Ал осындай жеңіл отадан кейін дені сау адамды өлтіріп қойды! Неге анамыздың өмірін сеніп тапсырған дәрігерлер соншалық жауапсыз және немқұрайлы болды? Неге дәрігерлердің адам өмірі үшін ешқандай жауапкершілігі жоқ?”, – деп қорытты ол. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 00:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары