Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Астаналық студенттерге 380 орынды жатақхана пайдалануға берілмек

Астаналық студенттерге 380 орынды жатақхана пайдалануға берілмек

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»  Жолдауы аясында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін Астана әкімдігі құр қалдырмады. Елордадағы жатақханалардың құрылысының басы-қасында жүріп, оны түбегейлі шешуге бар мүмкіндікті салып, бақылайтын арнайы алаң құрылды. Нәтижесінде, бүгінде 100-ден астам инвесторға кеңес беріліп, 50-ге жуық инвестициялық келісімшарт жасалды. 

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында студенттер жатақханасының мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы жазған болатын.

– Өздеріңіз білетіндей, өзге қалалардан келетін студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Салалық министрлікпен, университеттермен және инвесторлармен бірлесе отырып, жатақхана орындарын көбейту бағытында жұмыс істеп жатырмыз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын, яғни 2023 жылы 7 514 орынға жатақхана жетіспеушілігі сезілген. Ал сол жылдың аяғында 1 170 орынды 8 жатақхана пайдалануға беріліп, 7 388 орынды 20 жатақхана салынды.  Мысалы, Менеджмент, бизнес және білім колледжінің жатақханасы 1 525 шаршы метр аумағын алып жатыр. Барлық тиісті талаптарға сай орындалған жатақхана ішінде демалыс бөлмесі, асүй, спортзал, жуыну бөлмесі, медициналық пункт, кір жууға арналған тұрмыстық бөлмеге дейін қамтылған. Тіпті, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған.

Бұл жатақхана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша салынған. Нақты айтсақ, 2020 жылы сол кездегі Білім және ғылым министрлігі, сол сияқты ҚР БҒМ жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ мен колледж арасында үшжақты шарт жасалған. Осындай жобалар – ең әуелі жастардың болашағына үлкен инвестиция болса, екіншіден, бизнес пен мемлекет ынтымақтастығының жақсы үлгісі. Сөйтіп, жатақхана мәселесі толығымен шешілмесе де, бастамасы жаман емес еді. Өйткені 2024 жылға жетіспей тұрған 6 344 орынның жыл соңында  1 544 орны пайдалануға берілген.  

Міне, осындай негізде елордада мемлекеттік тапсырыс ретінде жаңадан жатақханалар ашылмақ.  Бұл бизнес арқылы қаладағы әлеуметтік мәселелерді  шешуге мүмкіндік береді. Яғни, кәсіпкер әр студентті орналастырғаны үшін ақы алса, мемлекет жатақхана арқылы жастардың білім алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Сондай нысанның бірі – Астанадағы Алматы ауданында салынбақ. Бұл жатақхана әуелі жеке кәсіпкерлердің ақысына салынады. Кейін мемлекет 6 жыл бойы сол шығынды өтейді.

Ал оқу жылының басынан 4 294 орынды 6 жатақхана тапсырылды. Биылғы, яғни 2025-2026 оқу жылының басындағы ахуал бойынша қалада 25 мың орын арналған 64 студенттік жатақхана жұмыс істейді. Жылдың соңына қарай тағы 1 жатақхана  пайдалануға берілмек. Бұл – 380 орынды жатақхана.

Жаңа жатақханалардың артықшылығы студенттердің қауіпсіздігіне жауап беріп, интернет желісімен қамтылып қана қоймай, инклюзиялық ортаға дейін ойластырылған. Сондықтан қала әкімдігі тарапынан студенттердің жатақханамен қамтылуы мәселесі оңтайлы шешіліп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 15:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары