Астаналықтар балалар реанимациясының қабырғаларын тегін бояп, Қазнетті сүйсіндірді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астанада еріктілер ауруханалар біріндегі реанимация бөлімінің қабырғаларын түрлі-түсті суреттермен тегін безендірді. Олар бірнеше палатаны жайлы етіп, кішкентай пациенттердің қиын кезеңін аз да болса жеңілдетуді мақсат етті.
Бір жазбадан туындаған идея
Еріктілердің бірі – 25 жастағы Ақсұлу Бөкекова. Қыз медициналық университетте білім алып, анестезиология бойынша резидентурадан өтіп жатыр.
"Бір апта бұрын мен UMC қызметкерінің балаларға жайлылық сыйлап, оларды қорқыныштан арылтқысы келетіні және қайырымдылықпен айналысқысы келетін еріктілерді іздеп жатқаны туралы жазбасын көрдім. Мен бірден көмектесуге қуанышты екенімді жаздым", - деді Ақсұлу Бөкекова.
Скриншот: Threads
Қыз бұл оқиға өзі үшін маңызы зор екенін айтады. Бір жағынан, ол сурет салғанды ұнатса, екінші жағынан - өз мамандығының арқасында балалар мен ата-аналар үшін жансақтау бөлімінде болу кезеңін бастан өткерудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінеді.
Жансақтау бөлімінде қалай сурет салды?"Олар үшін осы қиын кезеңді аз да болса жеңілдетіп, аурухана қабырғалары суық әрі қорқынышты болып көрінбеуін қаладық. Бұл суреттер оларды үрейден, ауырсынудан және аурухана ортасынан бір сәтке болсын сейілтсе деймін. Осындай жердің өзінде балалық шақтың шуағы, ашық түстер мен жылулық қалса екен", - деді қыз.
Ақсұлу - өздігінен үйренген суретші. Оның сурет салумен айналысқанына жеті жылға жуық уақыт болды, бүгінде бұл іс оның негізгі жұмысына айналды.
Бұл бастамаға бірнеше ерікті де қосылды. Оның айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы шамамен сегіз-тоғыз адам жиналған.
Фотоны кейіпкер ұсынды
Қатысушылар Ана мен бала орталығындағы қабырғаларды өзара бөліп алып, кім нені салатынын келісті. Команда барлық жұмысқа шамамен екі-үш күн жұмсады.
Осылайша жансақтау бөлімінің біртекті қабырғаларының орнына ашық түсті суреттер салынды. Бұл балалардың аурухана ортасынан сәл де болса серпіліп, уақытын жайлырақ жағдайда өткізуіне септігін тигізеді.
Айта кетейік, бұған дейін күздің ерекше атмосферасын бейнелейтін қазақстандық Сәуле Бекеннің жұмыстары Instagram пайдаланушыларын тәнті еткен болатын. Қыздың айтуынша, сурет салу оған үйреншікті дүниелерге жаңаша көзқараспен қарауға көмектеседі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 17:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















