Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Астананың Сарыарқа ауданында қоғамдық тәртіпті сақтауға арналған рейд өтті

Астананың Сарыарқа ауданында қоғамдық тәртіпті сақтауға арналған рейд өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Елордада қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық орындарда заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осыған орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Сарыарқа ауданындағы «Көктал» саябағында жергілікті атқарушы органдар, полиция мен өзге де уәкілетті қызмет өкілдерінің қатысуымен рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Рейд барысында қатысушылар саябақ аумағын аралап, демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ көпшілік демалатын орындарда тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын еске салды.

«Біз уәкілетті органдармен, оның ішінде Сарыарқа аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған профилактикалық рейдтер өткізіп келеміз. Мұндай іс-шаралар апта сайын ұйымдастырылады. Қоғамдық кеңістіктерді, саябақтар мен гүлзарларды қамтуға тырысамыз», – деді Сарыарқа ауданы әкімдігі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы Дамир Хисматуллин.

Оның айтуынша, ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың қатарында темекі тұқылдарын, бөтелкелерді және басқа да қоқысты бейберекет тастау бар. Сондай-ақ абаттандыру қағидаларын бұзу жағдайлары да анықталады. Мұндай жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Сонымен қатар рейдке қатысушылар саябақтарда демалуға және пикник ұйымдастыруға рұқсат етілгенін атап өтті. Ең бастысы – артынан қоқыс қалдырмай, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау. Ауданда бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оларды анықтауға бағытталған Smart Saryarka пилоттық жобасы да іске асырылып жатыр. Жоба басталғалы бері мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылған. Жүйе қоғамдық орындарды ластау, алкогольдік ішімдіктерді ішу және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін қалыптастыру секілді түрлі құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта жобаның тиімділігі бағаланғаннан кейін оны Астананың өзге аудандарына да енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ.

Мұндай профилактикалық шаралардың қажеттілігін қала тұрғындары да қолдайды.

«Әрине, мұндай шаралар қажет. Адамдар демалуға келіп, шемішке шағып, бөтелке мен қоқысын қалдырып кетеді. Бұлай жасауға болмайды. Саябаққа келген соң, артымызды жинап, тазалықты сақтауымыз керек», – деп елорда тұрғыны айтты.

Қоғамдық орындардағы профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да жалғасады. Олардың басты мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, тұрғындардың қоғамдық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу және қауіпсіз әрі жайлы қалалық ортаны бірлесіп қалыптастыру.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Шілде 2026 12:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары