Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Елордада түнде жүрген жасөспірімдерді анықтауға арналған рейд өтті

Елордада түнде жүрген жасөспірімдерді анықтауға арналған рейд өтті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

– Бізде мұндай жедел іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырады. Құқықтық тәртіпті сақтау жедел іс-шарасы аясында сегіз кинорумды араладық, – деді Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Шұғыла Аманқызы.

Фото: Алпамыс Файзолла

Оның сөзінше, кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 22:00-ден кейін көңіл көтеруге арналған ойын-сауық нысандарында жүруге болмайды. Олардың қатарына сауда орталықтары, компьютер клубтары, кинорумдер т.б. жатады. Ал 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін заңды өкілінсіз, тіпті, көшеде жүруге де рұқсат етілмейді.

Егер жасөспірімдер заңнаманы бұзса, ата-аналарына не заңды өкілдеріне әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

– Бірінші рет ұсталған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабының, 2-бөлігі бойынша ескерту беріледі. Екінші рет ұсталса, ата-анасына не заңды өкіліне 15 137 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Сонда да болған жағдайдан сабақ алмай, түнде қала кезуін жалғастыра берсе, қараусыз, қадағалаусыз жүрген жасөспірім ретінде есепке алынады. Ұсталған жасөспірімдерді заңды өкілі келіп алып кете алмаса, арнайы бейімдеу орталығына орналастырылады, – деді Шұғыла Аманқызы.

Полиция лейтенантының айтуынша, бірінші рет ұсталғаннан кейін жасөспірімдерге ескерту беріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кейін соның арқасында, әдетте, олардың көбі түзеліп, қателігін қайталамайды.

Ал Сарыарқа ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Дамир Хисматуллинның сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасып келеді.

– Сарыарқа ауданы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, профилактикалық рейд жүргізді. Оның мақсаты – заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және көшеде жүрген кәмелетке толмаған азаматтарды анықтау. Жалпы, мұндай жұмыс күн сайын жүргізіледі. Сарыарқа ауданында жыл басынан бері 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Түнде жүрген жасөспірімдердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол.

Сонымен қатар, маманның мәлімдеуінше, мұндай арнайы рейдтер апта сайын өтеді. Негізінен, караоке-барлар, түнгі клубтар, кинорумдер, компьютер клубтары т.б. орындар тексеріледі.

Жасөспірімдердің ата-аналары мен заңды өкілдері ғана емес, оларды түнгі уақытта ойын-сауық орталығына кіргізгендер де жауапқа тартылады.

– Кәмелетке толмағандарды 22:00-ден кейін қабылдаған бизнес субъектілерінің иелері мен жауапты қызметкерлеріне де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша айыппұл салынады. Биыл жыл басынан бері мұндай 7 факті тіркелді, – деді Дамир Хисматуллин.

Сонымен бірге, оның сөзінше, мұндай рейдтерде түрлі жағдайлар болады. Кей бозбалалар қашып кетуге тырысуы мүмкін. Ондай кезде «Полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бұл рейдке Астана қаласы әкімдігі Жастар саясаты басқармасына қарасты «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы да қолдау білдірді. Медиа және PR бөлімінің басшысы Анар Мырзабаева ізгі қоғам қалыптастыруға үлес қосып жатқанын айтады.

– Біздің орталық түнде жүрген жасөспірімдердің ата-анасын не заңды өкілдерін жауапқа тарта алмайды. Бірақ мұндай бастамаларға қолдау білдіреміз. Мақсатымыз – профилактикалық жұмыс жүргізу. Жас буын заңға бағынатын, тәртіпті, тәрбиелі азамат болып қалыптассын деген ниетпен осындай іс-шараларға қатысамыз, – дейді ол.

Анар Мырзабаеваның айтуынша, жастар ресурстық орталығының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған бұдан да басқа көптеген бастамасы бар.

– Мысалы, «Есірткісіз елорда», «Стоп, вандал» тәрізді жобаларды атауға болады. Былтыр біз аталған жұмыстар аясында ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, 10 тонна насыбай тәркіледік, – деді ол.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының 25 қызметкерінен бөлек, жобаларына атсалысатын 8 мың ерікті бар. Солардың 10-ы аталған рейдке қатысып, толықтай басы-қасында жүрді.

– Құқықтық мәдениетті дамыту, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөпірімдерге оң, түзу жолды көрсету мақсатында жыл сайын екі мыңға жуық іс-шара өткіземіз, – дейді Анар Мырзабаева.

Айта кетейік, бұған дейін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың қызметі жаңартылғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар, Аида Балаева кәмелетке толмағандар істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Сәуір 2026 08:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see126

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see124

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see122

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see120

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары