Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ата анасы ұлының арманын орындап, қазақстандықтардың жүрегін елжіретті

Ата анасы ұлының арманын орындап, қазақстандықтардың жүрегін елжіретті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кішкентай Темір көптен бері өз велосипеді болғанын армандаған. Ата-анасы ұлының арманын ерекше тәсілмен орындауды ұйғарды: олар жаңа велосипедті үйге барар жолда қалдырып кеткен, ал балақай көптен күткен сыйлығын кездейсоқ тауып алады. Оның шынайы реакциясы желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Tengri Life.

Ең көптен күткен сыйлық

Ата-анасы Темірге тосынсый дайындап, жаңа велосипедті оның күнделікті үйге қайтар жолында қалдырған, бірақ сыйлықтың оған арналғанын айтпаған.

Велосипедті көрген бала алғашында оған сүйсіне қарап, бірақ екі дөңгелекті көлікке жақындауға батпады. Темір оны біреудің заты деп ойлап, ұстаудан бас тартты. Көндіргеннен кейін ғана велосипедке аз уақыт отырды, содан соң отбасы басты құпияны ашты - көптен күткен сыйлық оған арналған болып шықты. Мұны түсінген бала қуанышын жасыра алмай, бірден ата-анасына алғыс айтты.

Баланың анасы Анастасия Сүлейменова Темірдің шынайы эмоциясын видеоға түсіріп алған, бұл бейнеролик әлеуметтік желіде тез танымал болды.

Неге бұл оқиға қазақстандықтардың жүрегін елжіретті?

Баланың шынайы таңданысы мен ақжарқын қуанышы желі қолданушыларының жүрегін бірден жаулап алды. Көпшілік дәл осындай қарапайым әрі жылы сәттер балалық шақты нағыз бақытты ететінін айтады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri LIVE (@tengri.live) жарияланымы

Пікір қалдырушылар Темірдің тәрбиесіне тәнті болып, баланың рұқсатсыз, өзгенің мүлкі деп санаған велосипедті алмағанына назар аударды.

Көпшілік ата-анасын ұлының бойына өзгенің мүлкіне деген құрметті сіңіргені үшін мақтады, дегенмен кейбіреулер мұндай жағдайда балаларға біреудің затын мүлдем ұстамау керектігін түсіндіру маңызды екенін атап өтті.

Әзіл де тыс қалмады - кейбір қолданушылар жақын жерде жасырынып тұрған Темірдің әкесін ірі дене бітіміне байланысты Таноспен салыстырды.

Отбасы туралы не белгілі?

Темірдің әкесі Талғат Сүлейменовтің айтуынша, бұл кадрлардың артында жантүршігерлік жол апатынан кейінгі бес жылдық оңалу тарихы тұр. Осыдан бес жыл бұрын отбасы жол апатына ұшырап, салдарынан отбасының бес мүшесінің үшеуі мүгедектік алған.

"Көлікте мен, әйелім және үш балам болды. Ол кезде үлкен қызым Сафия көптеген сынық алды. Ортаншы ұлым Самир күрделі жарақаттар алды. Бірақ ол аман қалды. Сол кезде жаңа ғана бір жасқа толған Темірдің маңдай сүйегі сынып, көптеген жарақат пен соққы алған еді. Бүгінде олардың әрбір басқан қадамы, әрбір жаңа қозғалысы, әрбір айтылған сөзі - күнделікті күрестің, оңалтудың және орасан зор ерік-жігердің нәтижесі", - деп бөлісті отағасы.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Talgat Suleimenov (@talgat_suleimenov) жарияланымы

Әкесінің өзі де ауыр жарақат алып, кейін оған мүгедектік тағайындалған. Алайда отбасы өткенмен өмір сүрмеуге шешім қабылдады. Қазір олар жаттығу жасап, спортпен шұғылданады, бала тәрбиелеп, оңалтудың жаңа әдістерін іздеп жүр.

"Мен адамдар өлерінде екі нәрсеге өкінетінін түсіндім. Олар - саяхат және отбасымен өткізген уақыт. Мен өмірімнің барынша көп бөлігін отбасыма және балаларыма арнаймын деп шештім. Біздің оқиғамыз аяныш туралы емес. Ол ең ауыр сынақтан кейін де өмір сүруге, сүюге, күресуге және үмітті үзбеуге болатыны туралы", - деді Талғат.

Қазір ерлі-зайыпты ұқсас жағдайға тап болған басқа отбасыларға көмектесу үшін Қазақстанда заманауи спорт-оңалту орталығын ашуды армандайды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Talgat Suleimenov (@talgat_suleimenov) жарияланымы

Баланың әкесінің айтуынша, велосипедті дәл осындай ерекше тәсілмен сыйлау идеясы кездейсоқ туындаған.

"Мен велосипедті сатып алып, көліктің жүк салғышына салдым да, жұмыс бабымен жүрдім. Бұл уақытта Темір анасымен бірге оңалтудан кейін үйге жаяу қайтып бара жатқан. Мен саябақ маңынан өтіп бара жатып, жұбайыма велосипедті жол бойына қойып, өзім жасырынатынымды айттым. Ол: "О, керемет, солай істейік", деді. Болды. Біз ештеңе жоспарламадық, сценарий жазбадық, бәрі өздігінен болды", - деді отағасы.

Оның айтуынша, видео жарияланғаннан кейін Темірді көшеде тани бастаған. Баланың кенет танымал болуы қуантады - ол осы оқиғадан кейін туындаған назарды ықыласпен қабылдайды.

Тағы оқыңыз: "Бәрі бір сұрақ қояды": келбеті ерекше екі жасар қазақ қызы желіні тамсандырды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 18:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары