Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Атажұртқа атпен сапар шеккен қандастар Астанаға жетті

Атажұртқа атпен сапар шеккен қандастар Астанаға жетті

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Олар Тарбағатай аймағына қарасты Сауан ауданынан 8 тамыз күні жолға шыққан болатын. 74 күнін ат үстінде өткізген жолаушылар қазақтың ұлан-ғайыр даласын ат тұяғымен дүбірлетіп, Сарыарқаға жетті. Сапардың жалпы аралығы — 2 500 шақырымнан асады.

— Ойға алған үлкен арманымыз орындалды. Ерекше қуаныштымын! Әсерімді айтып жеткізе алмаймын. Бұл сапар — өмірімізде өшпестей орын алған ерекше естелік болып қалады, — дейді Қуанбек Түсіпханұлы.

Саяхатшылар ат жалындағы алыс сапардың қиындығын жол бойындағы ыстық ықыласпен қарсы алып, көмек көрсеткен ақпейіл жандардың ізгі ниеті ұмыттырып жібергенін айтады.

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы/Kazinform

— Шекарадан өткелі жолдағы елдің ыстық ықыласы, пейілі, мейірі бізге тілекші болып, барын беріп, жоғымызды толықтап, жүгіріп жүрген ізгі ниеті бізді ерекше тебірентті. Тіпті орыс, түрік секілді өзге ұлт өкілдері де бізді естіп, алыстан іздеп келіп, азық-түлік беріп, көмектесіп жатыр. Жол бойы тілеулес болып, қолдау көрсеткен барша ағайынға алғысымыз шексіз. Бұл — бір отбасының емес, тұтас ұлтымыздың сапары болғандай. Сапардан алған әсеріміз өте керемет: әсем табиғат, қонақжай ел, жолдағы көрікті жерлерді көріп, білгенімізді түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап отырдық. Артта қалған алыстағы ағайын да хабарласып, елдің ықыласына риза болып сәлем жолдап жатыр, — дейді жұбайлар.

Күтіп алу шарасы аясында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері жолаушыларды арнайы төсбелгімен марапаттап, алғыс хат табыс етті.

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы/Kazinform

Алыс жолды атпен бағындырып, Астанаға жеткен қандастарымызды күтіп алуға келген Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров жастардың ісі елді береке-бірлікке шақырғанын атап өтті.

— Бүгін қазақ әлемі үшін өте айтулы күн деп айтуға болады. Өйткені сонау арғы беттен Қуанбек пен Жайна қарындасымыз қазақтың қарашаңырағына ат терлетіп, елімізге деген сағынышын алып келіп отыр. Бізді бір қуантатыны — ат үстіндегі жұбайлар қазақ еліне кіргеннен бастап халқымыз бұл азаматтарға шын ықыласын, ізгі ниетін көрсетті. Бұл — ұлтымыздың ынтымағы мен бірлігінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан бұл ұзақ сапарды қазақ халқының ынтымағы мен достығының сапары болды деп айтуға толық негіз бар. Осындай игі шараны қолға алған жолаушы жұбайларға үлкен алғыс білдіреміз. Астанаға келген қадамдарыңыз құтты болсын! Әлемнің әр түкпіріндегі қандастарымыз қазақ еліне жинала берсін, — деді Ерлан Саиров.

Бұл Қуанбек пен Жайнаның алғашқы алыс сапары емес. Қол ұстасқан қос ғашық 2021 жылы Шыңжаңнан жолға шығып, 4 000 шақырымдай жолды атпен жүріп өтіп, Бейжіңге барған екен.

Айта кетейік, бұған дейін сайтымызда саяхатшылардың ұзақ сапары туралы мақала жарық көрген еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 15:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары