Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Атой салар сәт алда

Атой салар сәт алда

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алда жанкүйерлердің жүйкесін ширықтыратын жарыстар, тағдыр шешті  кездесулер мен күтпеген нәтижелер көп болмақ. Халықаралық ареналарда бәсеке күшейіп, жарыстар көрігі қыза түспек. Бұл жыл спортшылардың дайындығы мен мінезін ғана емес, жанкүйерлердің төзімі мен сенімін де сынайтын кезеңге айналмақ.

Әлем көз тіккен төрт жылдықтың аламаны

Биыл әлем жұртшылығының басты назары Италияның Милан-Кортинада қаласында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарында болмақ. Себебі төрт жылда бір келетін басты доданың алауы жағылып, ақпан айында бастауын алады. Иә, қысқы Олимпиада әрқашан ыстық естеліктерімен, тарихи жүлделерімен есте қалатыны сөзсіз. Биылғы Олим­пиаданың басты ерекшелігі – жарыстың бірнеше қалада өткізілуінде. Олардың ішінде Миланда орналасқан Ломбардия, Венето және Трентино өңірі, оның ішінде Кортина-д’Ампеццо, Вальтеллина және Валь-ди-Фьемме бар. Ашылу салтанаты екі қалада, яғни Милан мен Кортина-д’Ампеццода қатар өтеді. Спортшылар шеруі де екі аймақта бір мезетте өтіп, екі Олимпиада алауы жағылады. 

Ойындарда 116 олимпиадалық және 79 паралимпиадалық медаль жиынтығы сарапқа салынады. Барлық классикалық қысқы спорт түрлері ұсынылады. Оларды атап өтсек: тау шаңғысы, шаңғы жарысы, биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, сноуборд, фристайл, бобслей, шана спорты. Бұл доданың тағы бір жаңалығы алғаш рет ски-альпинизм жарысы да бұл тізімнен орын тапты.

Шыны керек, соңғы қысқы Олим­пиада ойындарында бағымыздың жанбай жүргеніне тарих куә. Мәселен, Пе­кинде өткен додада жүлдесіз қайтқаны­мыз бар. Одан қалса, Ресей мен Корея елдерінде өткен төрт жылдықтың басты бәсекесінде тек бір-бір қоланы місе тұтқанымызды ұмытпауымыз керек. Биыл Италияға елімізден 35 спортшы ат басын бұрмақ. Ендігі медальдан үміт күттіретіндер қатарында шорт-тректен ерлерден Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев болса, әйел­дерден  Ольга Тихонова мен Яна Хан бар. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен София Само­делкинаға және фристайл шаңғысынан Анастасия Городько мен Юлия Галышеваға үлкен үміт артылып отыр. Иә, бұл спорт­шылар өткен жылы түрлі халықаралық жарыста өз жетістігімен ерекше көзге түскен болатұғын. Қайткен күнде де, алтыннан алқа тағатынына сеніміміз мол.

Спорт және туризм министрінің айтуынша, 2026 жылғы Олимпиада ойындарының дайындығына 13 миллиард теңге бөлінген екен. Ендеше сол қаражатты ақтайтын сәт те туған сияқты.

Қазақ боксының биік белесі

Былтырғы жыл қазақ боксы үшін табысты жылдардың бірі болды. Неге десеңіз, саңлақтарымыз әлем чемпио­наттарында 10 алтын медаль, Әлемдік бокс федерациясынан бірыңғай турнир титулы және спорттың ең үздік чем­пиондары мәртебесі атағын алды. Биылға әлем чемпионаты жоспарланбаған, алайда алда Азия чемпионаты күтіп тұр. Дода осы жылдың наурыз айында Моңғолия мемлекетінде өтпек.

Команда құрамы мен іріктеу әдісі әлі жарияланған жоқ, бірақ елдің ең үздік өкілдері, соның ішінде қазіргі әлем чемпиондары Моңғолияға баруы мүмкін. Турнирге дайындық қазірдің өзінде басталды.

Құрлықаралық бәсеке

Биыл мезгілді додалар жинақталған жыл болады. Қысқы Олимпиадамен қоса, жаздыгүні Азия ойындары да өз жалғасын таппақ. XX жазғы Азия ойындары биылғы жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны ара­лығында Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Іс-шарада 41 спорт түрі, соның ішінде олимпиадалық және брейкинг, киберспорт және MMA сияқты жаңа дисциплиналар қамтылған. Қазақстан 30 спорт түрінен 500-ден астам спортшыны жіберуді жоспарлап отыр.

Қазір Азия ойындарындағы кейбір спорт түрлері бойынша бәсеке­лестіктің күштілігі соншалық, Олимпиада ойын­дарынан қалыспай келеді. Сонымен қатар Жазғы Азия ойындары спортшы­ларымыз үшін маңызды болмақ. Себебі олар Жазғы Олимпиада ойындарына дайындығын пысықтайды. Соңғы рет Жазғы Азия ойындарында асығымыз алшысынан түсті. 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласындағы додада спортшы­ларымыз 10 алтын медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде 11-орынға тұ­рақтаған еді.

Ала доп бәйгесі

Осы жылдың тағы бір атышулы до­далардың бірі футболдан әлем чем­пионаты болмақ. Бүкіл әлем көз тіге қарай­тын мундиальға тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады. Өкінішке қарай, бізден құрама болмайды.  

Турнирді әйгілі жұлдыздармен сапталған Франция, Испания, Португалия, Бразилия және Аргентина сияқты құрамаларсыз елестету қиын. Футбол дүл­дүл­дері Криштиану Роналду манса­бындағы ең қалаулы кубокты жеңуге ты­рысса, ал Лионель Месси әлем чемпионы атағын қорғауға бар күшін салады. Футбол додасы жаздың маусым-шілде айларына жоспарланған. Жарысты Америка, Мексика және Канада мемлекеттері қабылдайды.

                                                                             коллаж: Елдар ҚАБА

Әлем чемпионатының жеңімпаз командасына берілетін бас кубок 26 қаңтарда Алматыға келеді деген сыбыс бар. Ол мегаполисте бірнеше сағат қана болады екен. Түпнұсқа кубокқа қол тигізуге тыйым салынады, себебі оған тек әлем чемпионатының жеңімпаздары (ойыншылар мен жаттықтырушылар) және мемлекет басшылары ғана рұқсат етіледі. Дегенмен кубокпен бірге суретке түсуге рұқсат етіледі.

Әлем кубогы бұған дейін 2018 жылы Алматыға әкелінген болатын. Түпнұсқа кубок туры ФИФА әлем чемпионаты басталмас бұрын ұйымдастырылып, алты құрлықтағы 50 елді қамтиды.

Салмағы 6,142 келі болатын түпнұсқа, таза алтын кубок Цюрихтегі ФИФА мұра­жайынан тек екі рет шығады: әлем чемпионаты туры кезінде және әлем чемпионатының өзінде. Биылғы әлем чемпионатында кімнің жұлдызы жанар екен? Оны уақыт көрсетеді. 

UFC: Шавкат оралады

Қазақстандық жанкүйерлер 2024 жылдың желтоқсанынан бері жекпе-жек өткізбеген Шавкат Рахмоновтың октагонға қайта оралуын асыға күтуде. Жарақатына байланысты 2025 жылды өткізіп алған қазақстандық файтер 2026 жылы UFC-де өзін қайта дәлелдеуге ниетті.

Қазір Шавкат жартылай орта салмақта UFC рейтингінде екінші орында тұр. Бұл көрсеткіш оның алдағы уақытта бұрынғы чемпион Джек Делла Мадда­ленамен немесе қарқыны қатты, жұлдызы жаңа жанып келе жатқан Майкл Моралес­пен жекпе-жек өткізуіне жол ашуы мүмкін. Қай қарсылас таңдалса да, бұл титулдық айқасқа апарар шешуші қадам болмақ.

Ал MMA-дегі 2026 жылдың ең ірі оқиғаларының бірі – Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі. Қазақстандық спортшы 28 ақпанда салмақ дәрежесінде бесінші орында тұрған экс-чемпион Брэндон Мореномен кездеседі. Қазір Алмабаев өз дивизионында жетінші орында тұр, ал бұл жекпе-жек оның чемпиондық арманын айқындайтын маңызды белес болмақ.

Сонымен қатар UFC-де Әліби Идристің дебюті де жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Дияр Нұрғожай, Николай Веретенников және Бекзат Алмахан да 2026 жылы әлемдегі ең беделді MMA лигасында өнер көрсетеді деп күтілуде. Қазірдің өзінде UFC-де Қазақстаннан алты бірдей белсенді жауынгер бар.

Кәсіби бокста жағдай біршама күрделі. Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының тағдыры В сынамасының нәтижесіне тікелей байланысты. Егер 8 қаңтарда мельдоний қолданғаны дәлелденсе, қазақстандық боксшы чемпиондық титулынан айырылып, бірнеше айға жарыстардан шеттетілуі мүмкін. Бұл жағдай отандық бокстың халықаралық беделіне де әсер етпек.

Дегенмен жағымды жаңалықтар да бар. Қазақстанның соңғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов наурыз айында рингке қайта оралады деп күтілуде. Оның жекпе-жегі Дана Уайт бастамашы болған жаңа кәсіби бокс лигасының алғашқы турнирлерінің бірінде, АҚШ аумағында өтуі мүмкін. 

«Үлкен дулығаға» үлкен үміт бар

Теннисте қазақстандық спортшылар жаңа маусымды қаңтардың ортасында бастайды. Елена Рыбакина, Александр Бублик және ұлттық құрама өкілдері жылдың алғашқы ірі додасы Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды.

2026 жылы тенниссүйер қауымды тағы үш «Үлкен дулыға» турнирі күтіп тұр. Бұл турнирлерде қазақстандық теннисшілердің әрбір ойыны ел жан­күйерлерінің жіті назарында болмақ.

Жалпы алғанда, 2026 жыл спорттағы тартыс пен интригаға толы болатыны анық. Жарыстардың нәтижесі тек жеңіс пен жеңіліс арқылы өлшенбей, спорттың қоғамдағы орнын, елдің халықаралық беделін айқындайтын маңызды көрсет­кішке айналады. Жанкүйерлер үшін бұл жыл эмоцияға, үмітке толы маусым болып есте қалмақ.

Әсет ҚАЛИ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 07:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see127

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see120

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see112

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see109

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары