Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Түркістан облысында тікелей эфирде балағат сөз айтқан стриммер жауапқа тартылды

Қызылорда облысы орман қоры бойынша алда тұр

Қызылорда облысы орман қоры бойынша алда тұр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бес жыл бұрын Мемлекет басшысы ел аумағындағы орман қорында 2 млрд ағаш егу туралы тапсырма берді. Бұл жұмыс 2027 жылдың соңына таман аяқталуға тиіс. Қазір орман қоры ұлғайып келеді. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бүгінге дейін 1 млрд 400 млн ағаш егілді. Былтырдың өзінде орман қоры 400 мың гектарға ұлғайды.

Жалпы біздің елде ең үлкен орман қоры қай өлке деп ойлайсыз? Әрине, тұмса табиғаты таң қалдыратын тал терегі жайқалған өңірлер баршылық. Солардың ішінде орман қоры бойынша алда тұрған Қызылорда облысы екен. Сенбейсіз бе?

Бір жағы тұтас Бетпақдала, Қызылқұм басқа да шөлдермен жалғасып жатқан аймақта расында сусыз көк шығуы қиын. Ал Қызылорда несімен орман қоры бойынша алға шықты дерсіздер. Мұнда сексеуіл көп.

Нұрқанат Қанапия, тілші:

- Қызылорда облысында ағаш қалың. Яғни аймақтағы орман үлесі 17 пайыздан асады. Бірақ бұл негізінен сексеуіл тоғайлары. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша облыстағы орман аумағы 4 млн гектарға жуықтайды. Жалпы елдегі 5 облыста ғана орман көлемі 1 млн гектардан асады. Тізімде Қызылордадан кейін Жамбыл тұр. Өңірде 2 млн гектардан аса орман бар. Сондай-ақ алғашқы бесеудің қатарына 1 млн 600 мың гектармен Шығыс Қазақстан облысы, әрқайсы 1,5 млн гектар орманмен Түркістан мен Алматы облыстары еніп отыр.

Ал Сыр өңірі жақын уақытта бәйгенің алдын бермейтін түрі бар. Себебі Президент Арал табанындағы 1,5 млн гектарға сексеуіл егу туралы тапсырма берген еді. Бүгінде 50 млн-ға жуық сексеуіл теңіз табанынан орын тапты.

Бақдәулет Амангелдинов, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:

- Орманмен қамтылған жерлер бойынша Қызылорда облысы алда. Олардың 3 млн 800 мың гектар орманмен қамтылған учаскелері бар. Бірақ бұл сексеуіл ормандары дейміз. Жалпы бізде еліміздің оңтүстігінде сексеуіл, ормандары көп орналасқан. Солтүстігі мен шығыс жағына қарай қарағайлы ормандар.

Орман алқабы ұлғайып келеді

Елдегі орман қоры 30 млн гектардан асады. Оның ішінде нақты ағаш өсіп тұрған жер ұлғайып келеді. Егер 2018 жылы 12 млн 900 мың гектар болса, былтыр 400 мың гектар артты. Қазір 13 млн 900 мың гектарда ағаш өсіп тұр. Ал 2030 жылға қарай 14 млн 500 мың гектарға жетуге тиіс. «Яғни 2022 жылғы Қостанай облысындағы, екі жыл бұрынғы Абай облысындағы алапат өрт орман қорының азаюына әсер еткен жоқ», - дейді министрлік өкілі.

Бақдәулет Амангелдинов, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:

- Бұған дейін есепке алынбаған орман алқаптарын анықтау немесе орман орналастыру жұмыстарын, одан бөлек отырғызылған ағаштарды орман қорына аудару есебінен осы біздің динамикамыз сақталып отыр.

Министрлік өкілінің айтуынша, орманның көбеюіне қорғау шаралары ықпал еткен. ⁠Бұл жерде заңсыз ағаш кесу мен өрттің алдын алу жұмыстары қамтылған. Жыл басынан бері орман аумағында 600-ге жуық өрт тіркелді. Ал заңсыз ағаш кесу дерегі жүзден асып, айыптылар жазаға тартылды.

Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Асхат Қарақойшиев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 10:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see139

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see138

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see132

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see132

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see130

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see128

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see125

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see120

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see120

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see108

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see108

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see105

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see104

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see97

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see96

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see92

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see89

Түркістан облысында тікелей эфирде балағат сөз айтқан стриммер жауапқа тартылды

12 Қазан 2026 20:58see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары