Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қызылорда облысы құрылыс көлемі бойынша республикада көшбасшы өңірлер қатарында

Қызылорда облысы құрылыс көлемі бойынша республикада көшбасшы өңірлер қатарында

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Аймақта 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Бұл туралы елордада өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

"Аймағымызда соңғы 3 жылда алғаш рет барлық ауданда жаңадан тұрғын үйлер салынып, 1 800-ге жуық, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы 1777 пәтер жерлестерімізге табыс етілді. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен 58 миллиард 785 миллион теңге бөлінді.

Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру.

"Білімді қолдау қорының" 8 миллиард 400 миллион теңге қаржысына физика-математика бағытындағы "Білім-инновация" лицей-интернаты ел игілігіне табысталды", – деді Н.Нәлібаев.

Әкімнің сөзінше, аталған қор есебінен 2 миллиард 333 миллион теңгеге салынған Арал ауданы Мергенсай ауылындағы 150 орындық мектеп жақын күндері пайдалануға беріледі.

"Қызылорда қаласында құрылысына 11 миллиард теңге қаралған балалар мен жасөспірімдерге арналған "Сыр жұлдыздары" академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 3 миллиард теңгеден астам қаржыға Оқушылар үйі мен Өнер мектебі, облыс орталығында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының демеушілігімен 2 миллиард 500 миллион теңгеге заманауи Оқушылар сарайы ашылды. "Саутс Ойл" компаниясы музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасын салуға 4 миллиард 800 миллион теңге демеушілік жасады.

Қазіргі уақытта Президент саябағында жыл бойы жұмыс істейтін заманауи балалар тынығу лагері, Ботаникалық білім беру орталығы бой көтеріп келеді. Сондай-ақ, жұмысшы мамандарды даярлауға арналған "Құзыреттілік орталығы" ғимараты да басталды", – деді Н.Нәлібаев.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру, ауыл аймақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл қалалық мәдени-демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтті. Қорқыт Ата мемориалды аллеясы да жаңғыртудан кейін жайлы демалыс орнына айналды.

Жаңарған Президент саябағы тұрғындар көп жиналатын қаладағы көрікті орындардың бірі болады. Бүгінде саябақта бес жұлдызды қонақүй салынуда. Сырдария өзені үстінен Астана шағын ауданы мен екі аралықты байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі құрылысы жоспарланған.

Өңірде 2023 жылдан бері облыстық "Үлгілі елді мекен" конкурсы тұрақты өткізіліп келеді. Үлгілі ауылдарға облыстық бюджет қаржысына алынған 67 арнайы техника табысталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:310
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 04:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары