Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Агроөнеркәсіптік кешеннің өсу қарқыны бойынша көшбасшы өңірлер белгілі болды

Агроөнеркәсіптік кешеннің өсу қарқыны бойынша көшбасшы өңірлер белгілі болды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ауыл шаруашылығы министрлігінде 2025 жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің даму қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отырысқа Батыржан Байжұманов – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, "Атамекен" ҰКП өкілдері, бірқатар министрліктердің вице-министрлері, ҮЕҰ мен бизнес өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов жылдың қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі артқанын хабарлады. Өсімдік шаруашылығында өндіріс 7,8%-ға, мал шаруашылығында 3,3%-ға өсті.

Орташа өнімділік 16,3 ц/га құрады, таза салмақта 25,9 млн тонна дәнді дақыл жиналды, оның ішінде 19,3 млн тоннасы – бидай. Майлы дақылдардан рекордтық 4,9 млн тонна, бұршақ дақылдарынан 1 млн тонна өнім алынды. 2,8 млн тонна картоп және 3,7 млн тонна көкөніс жиналды. Шитті мақтаның жалпы түсімі 466 мың тоннаға жетіп, соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізілді.

2024-2025 маркетингтік жылы 15,3 млн тонна астық экспортталды, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 60%-ға жоғары және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып саналады.

Егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде бидай алқабы шамамен 900 мың гектарға қысқартылды. Бұл ретте бұршақ дақылдарының алқабы 275 мың гектарға, майлы дақылдар алқабы 1 млн гектардан астамға ұлғайтылды.

2025 жылы 1,8 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізілді, элиталық тұқымдардың үлесі 11,6%-ға жеткізілді. Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі көлемі алғаш рет 250 млрд теңгеге жетті: 25 мың бірлік техника сатып алынды, машина-трактор паркінің жаңару деңгейі 6,5%-ға дейін өсті.

Алқа отырысында өңірлердің ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге арттыру жөніндегі Жол картасы индикаторларын орындауына ерекше назар аударылды.

Өсу қарқыны бойынша Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары көшбасшы деп танылды. Артта қалған өңірлерге белгіленген көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізу, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және саланы дамытудың стратегиялық бағыттарына ресурстарды шоғырландыру қажеттігі көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жол картасы әр өңір бойынша саланың даму басымдықтарын айқындайтын негізгі құжат екенін атап өтті.

«Жекелеген облыс әкімдерінің орынбасарлары тарапынан тапсырмаларды орындауға формалды көзқарас танытуға жол берілмейді. Әрекетсіздік тиісті шаралар қабылдана отырып, лауазымдық міндеттерді тиісінше орындамау ретінде қаралатын болады», – деді Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ АӨК-ті дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы АӨК комитетінің төрағасы Ержан Нұрбаев баяндама жасап,  сөз сөйледі.

Алқа қорытындысы бойынша, ірі жер пайдаланушыларды мал шаруашылығын дамыта отырып, аралас шаруашылық жүргізу моделіне көшіру арқылы жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, қайта өңделген өнім үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды іске асыру, мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген кредиттеу және инвестициялық субсидиялау құралдарын барынша пайдалану, сондай-ақ ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 12:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары