Атырау жастары тарихи нысандарды сақтауға кірісті
Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Сурет: gov.kzАтырауда жастардың қатысуымен «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубы ашылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңадан құрылған клуб Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне жастарды белсенді түрде тартуды көздейді.
Клуб қызметі жастардың өлке тарихын терең тануына, тарихи орындардың тағылымын ұғынуына және ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталған.
Жоба аясында мынадай іс-шаралар кешені жоспарланған:
Дәрістер мен семинарлар өткізу;
Өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру;
Тарихи нысандарды сақтау мен дәріптеуге арналған шаралар өткізу;
Өңірдегі киелі орындар мен мәдени мұра нысандары туралы танымдық материалдар дайындап, олардың маңызын халыққа кеңінен таныту.
Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қолдауы аясында «Жеті жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен басталды.
Бүгін, 15:58
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 18:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















