Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда референдумды бақылау үшін 16 қоғамдық ұйым аккредиттелді

Атырауда референдумды бақылау үшін 16 қоғамдық ұйым аккредиттелді

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жалпы өңірде байқау жұмыстарын жүргізуге 17 қоғамдық ұйым өтінім берген. Соның 16-сы аккредиттелсе, тағы бір ұйымның құжаты қаралып жатыр. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан бір учаскеге бір мезетте бір ғана байқаушы кіре алады. Байқаушы өзімен бірге жеке басын және өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқасын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, ол учаскелік референдум комиссиясының жұмысына және дауыс беруге келген азаматтарға кедергі келтірмеуі қажет.

— Халықаралық деңгейде жұмыс істейтін байқаушыларға келсек, қазіргі таңда Орталық референдум комиссиясы арқылы аккредиттеу жұмысы толық аяқталды. 38 шет мемлекеттен және 11 халықаралық ұйымнан барлығы 359 байқаушы аккредиттеуден өтті. Әзірге Атырау облысында жұмыс жасап жатқан халықаралық байқаушылар жоқ. Келген жағдайда оларға қажетті жағдай жасалады, — деді Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева

Байқаушы ретінде тіркелген қоғамдық ұйымдардың өкілдері референдум барысында заң бұзушылыққа куә болған жағдайда фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқылы. Жиналған дәлелдерді пайдаланып, референдум комиссиясына немесе сотқа шағым түсіре алады.

Атырау облысында референдумды өткізу үшін 276 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Барлық комиссия қызметі Орталық референдум комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Учаскелік референдум комиссиялары 22 ақпаннан бастап өз жұмысына кірісті. Ал 27 ақпаннан бастап дауыс беруге құқығы бар азаматтар өздерінің деректерін учаскелерге барып тексеруге мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша дауыс беруге құқығы бар азамат саны 416 мыңнан асады.

15 наурыз референдум күні азамат түрлі себеппен тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын болса, алдын ала есептен шығару куәлігін алуға құқылы. 27 ақпанда басталған бұл жұмыс 14 наурыз сағат 18:00–ге дейін жалғасады. Өз учаскеңізге барып, учаскелік комиссияға жазбаша өтініш жазып, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Құжатты сенімхат негізінде жақындарыңыз арқылы да алуға болады. Ол үшін нотариаттық куәландыру талап етілмейді, яғни қағазға қолмен жазып берсеңіз жеткілікті.

— Бір елдімекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді. Дауыс беруге құқығы бар азаматтар өз учаскелері туралы мәліметті Телеграмда ашылған «AtyrauReferendumBot» аккаунты, сондай-ақ облыс әкімдігінің atyrau.gov.kz. ресми сайтының «Сайлау» парақшасындағы «РЕФЕРЕНДУМ — 2026» бөліміндегі «Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!» сілтемесіне өтіп, ЖСН-ді теріп сұрау салуға мүмкіндік бар, — деп мәлімдеді Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясы.

Сонымен қатар 109 біріңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. 22 ақпаннан бастап өңірде 276 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істеп тұр. Ал облыста 416 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие.

Атырауда референдум және әз-Наурыз күні қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 16:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары