Атырауда Жастар театры референдумды шағын мерекеге айналдырды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Атырау қаласындағы «Жастар театры» ұжымы референдум күні дауыс беруге келіп, маңызды саяси науқаннан тыс қалмайтындарын көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өнер иелері бұл күнді тек азаматтық міндет қана емес, мәдени сипаттағы шағын мерекеге айналдырды.
Театр әртістері Д.Қонаев атындағы BINOM мектебі ғимаратында орналасқан референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс беру орнына қазақтың ұлттық киімдерін киіп келіп, хормен ән орындап, учаскеге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өнер ұжымының бұл бастамасы тұрғындардың да көңілінен шығып, көпшілік ерекше әсер алды.
Театр актері Игілік Әмір ұжымның азаматтық белсенділігі туралы пікір білдірді.
– Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін ескеріп, «Жастар театры» ұжымы болып өз таңдауымызды жасауға келдік. Әр азамат ел тағдырына бейжай қарамай, осындай маңызды сәтте өз дауысын беруі керек деп ойлаймын, – деді ол.
Айта кетейік, Атырау қалалық Жастар театры құрамында 30 жас әртіс бар. Ұжым мәдени шаралармен қатар, қоғамдағы маңызды оқиғаларға да белсенді қатысып келеді.
Баян Жанұзақова
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Наурыз 2026 15:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















