Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты

Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елорда жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, live-концертке қатысты. Іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.  

Концерт барысында қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойынша өз ұстанымын білдіруге үндеу жасалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, конституциялық өзгерістер – елдегі жүйелі саяси жаңғырудың жалғасы. Оның айтуынша, реформалардың негізгі мақсаты – әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, өкілді институттардың рөлін күшейту және билік тармақтарының өзара іс-қимылының неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыру. Президент ұсынылған өзгерістердің мәнін ашық түрде қоғам талқысына шығарып, халықты кеңінен ақпараттандыру маңызды екенін де атап өткен еді. 

Іс-шара қоғамдық мәдени акция форматында өтіп, оған елорда тұрғындары мен қонақтары жиналды. Сахнада белгілі қазақстандық орындаушылар – Raim, Дастан Оразбеков, Bayansulu, Nazzarbeck, Ақтоты Болшова және өзге де әртістер өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің тақырып аясындағы баяндамаларымен жалғасын тапты. Жарқынбек Амантай, Мақсат Толықбай, Айкерім Есенәлі, Ақерке Искандерова Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы референдум туралы азаматтарды хабардар етті. Сондай-ақ олар саналы таңдау жасау мен белсенді азаматтық ұстанымның маңызын атап өтті.

Өз сөзінде Жарқынбек Амантай конституциялық өзгерістер елдің саяси дамуының жаңа кезеңін және бүгінгі реформалар арқылы жүзеге асып отырған жаңғырудың тарихи әлеуетін айқындайтынын атап өтті.

«Ата заңымыз заман талабын сай және жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып әзірленді. Бұл еліміздің дамуына және мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандық референдумға қатысу арқылы өз азаматтық ұстанымын білдіріп, әділетті, ашық әрі заманауи мемлекеттің дамуына үлес қосуға тиіс», деді ол.

Ал Мақсат Толықбай Жаңа Конституция жобасы ел дамуының заманауи басымдықтарын айқындайтынын және Егемендік пен азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтетінін атап өтті.

«Құжатта білім, ғылым, инновация мемлекеттің басты стратегиялық бағыты, негізгі құндылығы ретінде айқындалды. Қолданыстағы Конституцияда халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі екені жазылса, ал жаңа құжатта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендіктің иесі екені бекітілді», деді Мақсат Толықбай.

Акерке Искандерованың айтуынша, Жаңа Конституция жобасы азаматтардың қатысу аясын кеңейтіп, жастардың қоғамдық процестерге белсенді араласуына жағдай жасайды.

«Ұсынылып отырған өзгерістердің түпкі мәні – тәуелсіздігімізді нығайту, қорғау және жаңа буынға қуатты мемлекетті аманат ету. Алдағы референдум – бұл жай ғана дауыс беру емес, әрқайсымыздың ел тағдырына қосатын үлесіміз. «Менің пікірім маңызды» деп айту мүмкіндігі. Болашақ өз қолымызда», деді ол.

Сонымен қатар Айкерім Есенәлі елдің құқықтық негізін қазіргі заман талабына сай жаңғырту қажет екенін атап өтті.

«Еліміздің дамуына жаңа қағидалар мен заманауи заңнамалық шешімдер болуға тиіс. Балаларымыздың, жастарымыздың болашағы жарқын әрі сенімді болуы үшін бізге Жаңа Конституция қажет», деді Айкерім Есенәлі.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, Жалпыұлттық түсіндіру науқаны аясындағы алғашқы ауқымды қоғамдық алаңдардың біріне айналды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жетекші саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін біріктірген коалиция құрылғаны туралы хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

Aitu экожүйесі: Ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау

Технология • Бүгін, 18:44

Ертең ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ауа райы • Бүгін, 18:04

Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті

Олимпиада • Бүгін, 17:36

Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор

Спорт • Бүгін, 16:56

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 16:48

Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды

Қоғам • Бүгін, 15:43

Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті

Олимпиада • Бүгін, 15:35

Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды 

Аймақтар • Бүгін, 14:36

Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті

Оқиға • Бүгін, 14:23

Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды

Оқиға • Бүгін, 13:45

Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты

Оқиға • Бүгін, 13:14

European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды

Спорт • Бүгін, 12:15

Олимпиада-2026: Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті

Олимпиада • Бүгін, 11:50

Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 11:15

Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?

Олимпиада • Бүгін, 10:27

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Ақпан 2026 20:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары