Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Астанада жұмысшы мамандықтарды қолдауға бағытталған байқау өтті

Астанада жұмысшы мамандықтарды қолдауға бағытталған байқау өтті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Соның ішінде алғаш рет жол қауіпсіздігімен тығыз байланысты «Үздік шиномонтажшы - 2025» байқауы ұйымдастырылды. 

Шара жастардың кәсіби дағдыларын арттыруды, техникалық мамандықтардың қоғамдағы беделін күшейтуді және жұмыс берушілер мен жас мамандар арасындағы байланысты нығайтуды көздейді. 

«Үздік» жобасы бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Алайда биыл ерекше формат ұсынылып, жұмысшы мамандықтарының кең спектрі қамтылды.

Фото: Камила Мүлік

- Бұл жылы біз бұрын болмаған мамандықтарды қостық. Оның қатарында дөңгелек жөндеу шебері, ағаш ұстасы, жиһаз өндірісінің маманы, флорист, мейрамхана сервисі, аспаз, тәрбиеші, сантехник, темір жонушы, механизатор, жүк және автобус жүргізушілері сияқты бағыттар бар, - деді «Астана Жастары» ресурстық орталығының маманы Дәуіржан Жұмахан.

Ол бұл бастама өндірістік салаларға жаңа көзқарас қалыптастырып, жастарды еңбек нарығына бейімдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қатысушылар 16 мен 35 жас аралығындағы колледж студенттері, жұмысшы жастар және техникалық қызмет көрсету саласының мамандары. Олардың еңбектерін кәсіби шеберлер бағалады.

- Бұл жобаның нақты нәтижелерін көріп отырмыз. Байқау кезінде қатысушыларды жұмысқа қабылдау туралы ұсыныстар жасалды. Яғни, бұл тек жарыс емес, жастардың кәсіби жолын бастауға бағытталған алаң, - деді Дәуіржан Жұмахан.

Ол сондай-ақ жобаның қаладағы орта арнаулы оқу орындарымен серіктестік тәжірибесін күшейткенін жеткізді.

Байқауға қатысушылардың бірі - көлік жөндеу слесарі Самин Исмаилов техникалық саладағы алғашқы тәжірибесін көрсетуді мақсат еткен.

- Колледждегі ұстаздарым үйреткен білім мен машықты дәл осы жерде көрсетуге келдім. Болашақта осы мамандық бойынша жұмыс істегім келеді, тәжірибемді тереңдеткім келеді, - деді ол.

Техникалық талаптарды қадағалаған қазылар алқасы жұмыстың сапасына ерекше назар аударды. Олардың бірі - TirePro Астана филиалының директоры және Caspian Automotive компаниясының бөлім басшысы Қарлығаш Құдайберлиева.

- Жастарға қолдаудың мұндай түрі өте маңызды. Теорияны жақсы меңгерген маман тәжірибеде бірден ерекшеленеді. Ең басты критерий - сапа мен жылдамдықтың үйлесуі. Дөңгелек жөндеуде жиі кездесетін қателік – датчик немесе дискіні зақымдау. Ұқыптылық пен техниканы дұрыс пайдалану - басты талап, - деді ол.

Сарапшының айтуынша, жол қауіпсіздігі маманның кәсіби біліктілігімен тікелей байланысты.

- Бұл - қазіргі таңда сұранысы жоғары кәсіп. Техникамен жұмыс істей алатын, үйренуге ынтасы бар маман міндетті түрде өз орнын табады. Осындай конкурстар жастардың қызығушылығын оятып, саланың дамуына серпін береді, - деп қорытындылады Құдайберлиева.

Байқау жастар арасында техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы рөлін қайта бағалауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба алдағы жылдары да жалғасын тауып, жаңа бағыттармен толықпақ.

Айта кетейік, бұған дейін Жұмысшы мамандықтар жылына орай X Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты өтетінін жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 15:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары