ҰҚК Ресей және Өзбекстанмен бірлескен операция өткізді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан келетін есірткі контрабандасы арнасының жолын кесті. Ресейдің Тюмень қаласында халықаралық есірткі тобының мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Арнайы операция туралы не белгілі?
ҰҚК мәліметінше, есірткі Ауғанстаннан "Солтүстік бағыт" деп аталатын жол арқылы тасымалданған.
"Операция нәтижесінде Тюмень қаласында (РФ) халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды. Тінту барысында олардан 30 келі ауған гашиші тәркіленді, оның қара нарықтағы құны шамамен 300 мың долларды құрауы мүмкін", - деп хабарлады ведомство.
Аталған дерек бойынша Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Халықаралық есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен ұйымдасқан қылмыстық топтар мен криминалдық схемалар қатысушыларының әрекетіне тосқауыл қою мақсатында ауқымды операция жүргізді. Іс-шаралар Қазақстанның 10 өңіріндегі шекара маңындағы аудандарда және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















