Атырауда Toyota көлігін мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды
Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атырауда жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 391 жүргізуші анықталды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлады.
Осындай жағдайдың бірі 18 қыркүйек күні болды. Сағат 21:15 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде Еркінқала-2 ықшам ауданында Toyota Sienna автокөлігін тоқтатып, жүргізушісін тексерді. Медициналық куәландыру нәтижесінде 1990 ж.т. жүргізушінің көлік құралын жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде басқарғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару, сондай-ақ көлік құралын осындай күйдегі адамның басқаруына беру фактілері бойынша әкімшілік іс құжаттары жинақталып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйде көлік басқармауға және жолдағы өз қауіпсіздігі мен өзге де азаматтардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Сонымен қатар қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жүріп жатқанын назарға салды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Атырау Қаласы Полиция Басқармасы (@police.atyrau.06)
Бүгін, 19:15
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:101
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қыркүйек 2026 22:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















