Атырауда жоғары сыныптың оқушысы қатарласын үшкір затпен жарақаттаған
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Атырау облыстық ПД ресми мәліметіне сүйенсек, күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
— Барлық процессуалдық әрекет оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталмақ. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, бала тәрбиесімен тиісінше айналыспаған ата-анасы да жауапкершілікке тартылатын болады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушының Атырау облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқанын мәлімдеді.
— Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланып отыр. Ол медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Медициналық көмек қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес толық көлемде көрсетіліп жатыр. Жағдай бақылауда, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Осыған дейін Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.
Бірнеше күннен кейін оқушы сабаққа қатысты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 20:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















