Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Аудиторларды аттестаттау ережелері өзгерді

Аудиторларды аттестаттау ережелері өзгерді

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Атап айтқанда, аттестаттауға тіркелу үшін аудиторлыққа кандидат Комиссияға келесі құжаттарды ұсынатыны нақтыланды:

пәннің (пәндердің) атауын көрсете отырып, өтініш (әрбір емтиханға);жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

жоғары білімді растайтын келесі құжаттардың біреуі:

құжаттың (дипломның) нотариалды куәландырылған көшірмесі;"цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алынған электрондық құжат;шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін "Білім туралы" заңға сәйкес тану рәсімінен өткенін растайтын құжат.

Сонымен қатар мыналарды ұсыну қажет:

бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша жоғары оқу орындарындағы экономикалық, қаржылық, бақылау-тексеру немесе құқықтық салаларда, не ғылыми-педагогикалық қызмет саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);адвокат немесе нотариус болуға біліктілік емтиханын немесе аттестаттаудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі не "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алынған адвокат немесе нотариус лицензиясы (болған жағдайда);"цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алынған соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Комиссия ұсынылған ақпаратты тексереді. Экономика және қаржы саласында өтелмеген соттылығы болған жағдайда аудиторлыққа кандидатты аттестаттауға тіркемейді.

Барлық құжаттар бір папкаға тігіледі, оның сыртқы бетінде: "Жеке іс № ___", аудиторлыққа кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), рәсімделген күні көрсетіледі.

Аттестаттауды өткізу күні кәсіби кеңестің интернет-ресурсында жарияланады және Комиссия белгіленген аттестаттау күнінен кемінде екі ай бұрын кандидаттарға хабарлайды.

Аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;басқарушылық есеп;қаржы және қаржылық менеджмент;салықтар;құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);этика;аудит.

Бухгалтерлік есеп және аудит саласында келесі толық біліктіліктердің біріне ие аудиторлыққа кандидаттар: The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW) (ACA-ICAEW – Ассоциирленген дипломдалған бухгалтер), Association of Chartered Certified Accountants (ACCA) (ACCA – Дипломдалған сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы) немесе ACCA біліктілігінің "Қаржы және бизнесті басқару" дипломы бар кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

салықтар;құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама).

Бухгалтерлік есеп және аудит саласында толық Chartered Institute of Management Accountants (CIMA) (CIMA – Дипломдалған басқарушылық бухгалтерлер институты) біліктілігі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

қаржы және қаржылық менеджмент;қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;салықтар;құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);этика;аудит.

Бухгалтерлік есеп саласында DipIFR ACCA (Diploma in the International Financial Reporting – халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом) толық біліктілігі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

басқарушылық есеп;қаржы және қаржылық менеджмент;салықтар;құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);этика;аудит.

Адвокат немесе нотариус болу үшін біліктілік емтиханын тапсырған немесе аттестаттаудан өткен, не судья болу үшін біліктілік емтиханын тапсырған немесе лицензиясы бар аудиторлыққа кандидаттар "құқық" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылатыны көрсетілген.

ACCA (Ұлыбритания) "Қаржы және бизнесті басқару" дипломының келесі сертификаттары бар аудиторлыққа кандидаттар – "Бизнестің тиімділігін басқару", "Қаржылық есептілік", "Қаржылық менеджмент", "Аудит және ілеспе қызметтер", "Кәсіби этика" – тиісті емтихандарды тапсырудан босатылады.

"Аудитор" біліктілігін беру туралы шешім 10 жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде жарияланады:

Комиссия тарапынан – кәсіби кеңестің интернет-ресурсында;уәкілетті орган тарапынан – өзінің интернет-ресурсында және қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырылады, оған біліктілік куәлігінің реттік нөмірі беріледі.

Аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаларға Комиссия шешімімен "аудитор" біліктілігін беру туралы куәлік және біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрі беріледі.

Аудиторлыққа кандидаттың Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген пәндер бойынша алған оң нәтижесі нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі бес жыл ішінде жарамды деп танылады.

Сондай-ақ ҚР аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Оған сәйкес, Комиссия "аудитор" біліктілік куәлігін беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде "аудитор" біліктілігін беру туралы шешімді қазақ және орыс тілдерінде кәсіби кеңестің интернет-ресурсында жариялайды.

Аудиторлыққа кандидаттарды өткізілген аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаларға "аудитор" біліктілік куәлігін және "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрін береді.

Комиссия отырысының хаттамасы біліктілік куәліктерінің нөмірлері көрсетіле отырып және Комиссияға ұсынылған құжаттардың көшірмелерімен бірге шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі. Бұл құжаттар бес жыл бойы сақталуға тиіс.

Бұйрық 2026 жылғы 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 14:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары