Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Ауыл мен қала: Білім теңсіздігін реттейтін жоба

Ауыл мен қала: Білім теңсіздігін реттейтін жоба

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жиынға Оқу-ағарту бірін­ші вице-министрі Майра Мелдебекова, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті төрағасының орынбасары Мирас Закиев, Мәжіліс депутаттары Нұргүл Тау, Екатерина Смолякова, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен білім ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Мәжіліс депутаттарының пікі­рінше, «Qazaq Digital Mektebi» жоба­сын дамыту үшін елімізде ке­шенді шаралар қолға алынуы қа­жет. Ол үшін ең алдымен «Педагог мәртебесі туралы» заң актілеріне түзету енгізілуге тиіс. Сәйкесінше, мұғалімдерге білім үдерісінде жасанды интеллектіні пайдалану бойынша үздіксіз практикалық біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырған жөн.

«Qazaq Digital Mektebi» – ауыл­дағы шағын жинақты мектептер үшін әзірленіп жатқан жаңа білім моделі. Оның негізгі мақсаты – қала мен ауыл мектептері арасын­дағы білім сапасының алшақтығын азайту және ауыл оқушыларына білікті мұғалімдердің сабақтарына қолжетімділік беру.

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау жобаның қанатқақты кезеңі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шағын жинақты мектептерді қамтитынын атап өтті.

«Бүгін біз «Qazaq Digital Mektebi»-нің болашағы туралы ғана емес, сонымен қатар еліміздің, әсіресе ауылдық жерлердің болашағы ­туралы да айтып отырмыз. Өйткені ауыл мектебі – жай ғана білім ұйымы емес. Ол ауылдың сақталуына, жастардың елді мекенде қалуына, өңірдің дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық институт. Сондай-ақ мемлекеттік орта білім ұйымдарының 81 пайызы ауылдық жерлерде орналасқанын ескеруіміз керек. Мемлекет басшысы цифр­ландыру мен жасанды интеллектіні еліміздің жаңа даму драйверлерінің бірі ретінде бірнеше рет атап өтті. Қазірдің өзінде елімізде мемлекеттік қызметтер цифрландырылып, жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жұмыс жүйелі жүргізіліп жатыр. Ендігі міндет – осы мүмкіндіктерді оқушылардың, оның ішінде ауыл баласының да сапалы білім алуына бағыттау. Егер біз ауылдағы балаға Астана мен Алматыдағы үздік мұғалімдердің сабағын тыңдау мүмкіндігін бер­сек, бұл білім саласындағы теңсіздік­ті азайтудың нақты тетігі болады. «Qazaq Digital Mektebi» жобасының басты құндылығы да осында», деген Н.Тау  жобаның табысты болуы үшін оны тек техникалық жоба ретінде емес, ұлттық білім саясатының жаңа элементі ретінде қарастыру қажеттігін айтты.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова қанат­қақты жоба аясында интернет инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген 500 шағын жинақты мектеп қамтылып, негізгі пәндер бойынша онлайн оқыту ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Жоба Президенттің орта білім жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылады.

Алқалы жиында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлы­баев өңірдегі білім жүйесін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыс туралы кеңінен баяндады. Бүгінде облыста 500-ге жуық мектеп жұмыс істейді, онда 379 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 76 шағын жинақты мектепте 5 886 бала оқиды.

Кейінгі төрт жылда өңірде 69 жаңа мектеп ашылып, 6 қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 26 мектеп салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде үш ауысымды мектеп саны 52-ден 23-ке дейін қысқарды. Үш ауысымды оқытуды жою және оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында кезең-кезеңімен іске асырылатын жоспар әзірленді. Аталған жоспарға сәйкес 2026–2028 жылдары «EPC+F» тетігін пайдалана отырып, 9 мектептің құрылысын жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Салынатын бұл мектептер 18 үш ауысымда оқитын мектептің, мектебі жоқ 2 елді мекеннің және сая­жайлардан тасымалданатын 4 573 оқушының тасымал мәселесін шешуге ықпал етеді.

Жалпы, облыс әкімдігі тарапынан білім сапасын арттыру бағытында атқарып жатқан жұмыс бойынша оң нәтиже бар. Ауылды жердегі мектептердің мәселесін түбегейлі шешу және сапалы білім мақсатында «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп «Табысты 50 мектеп» жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, «Қазақстан халқына» қоры арқылы 1,5 млрд теңгеге 50 ауыл мектебі 150 заманауи пәндік (физика, химия және биология) кабинеттермен жабдықталды.

Аталған жоба аясында 3  847 педагог біліктілікті арттыру курстары­нан өтті. Одан бөлек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы ауылдық жер­­лерде тірек мектептерінің әлеуе­тін арттыру шеңберінде 9 мек­теп­тің, атап айтқанда, Жамбыл ауданы Т.Рысқұлов атындағы орта мек­тебі, Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атын­дағы мектеп гимназиясы, Райым­бек ауданы Б.Соқпақбаев атын­дағы орта мектебі, Ұйғыр ауданы Абай атындағы мектеп гимназия­сы, Қарасай ауданы С.Керімбеков атындағы орта мектебі, Іле ауданы №28 мектеп-гимназиясы, Талғар ­ауданы №4 орта мектеп-лицейі, Кеген ауданы С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясы, Еңбекшіқазақ ауданы Ж.Қаипов атындағы орта мектептің әрқайсысына 250 млн теңге қаражат бөлініп, оқу кабинеттері 100 пайыз жабдықталды.

Өткен жылы жергілікті бюджет есе­бінен шалғайда орналасқан 65 мектепті «Starlink» (Старлинк) спут­никтік технологияларына қосу үшін 124 млн теңге бөлінді. Бүгінде барлық 65 мектепке «Starlink» (Старлинк) интернеті орнатылды. Бұл шешім цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен пайдалануға және оқушылардың сапалы білімге қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыста 34 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Кейінгі жылдары педагогтердің жалақысы 2 есеге өсті. Оған қоса, заңда көзделген барлық әлеуметтік кепілдіктер толық қамтамасыз етілген. Магистрлік дәреже, тәлімгерлік және дәптер тексеру үшін төленетін үстемеақылар уақтылы төленіп  отыр. Мұғалімдерді өзіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол бермеу және артық есепті­лікті қысқарту бағытында нақты шаралар қабылданды. Ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде 32 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша арнайы курстардан өтті. Ауылдық жер­лерге білікті кадрларды тарту мақ­сатында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары жалғасып келеді.

«Тағы бір өзекті мәселе – мектеп инфрақұрылымын жаңғырту. Облыста көп жыл бұрын салын­ған және күрделі жөндеуді қажет ететін 91 білім мекемесі бар. Бюджет қаражаты есебінен жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру көп уақыт ала­ды. Соның салдарынан кейбір мек­тептердің жаңғыртылуы бірнеше жылға созылады. Осыған байланыс­ты үш ауысымдылықты жоюға, мектептерді жаңғыртуға арналған жеке республикалық бағдарлама мәселесін қарастыру қажет деп есептеймін. Алдымызда білім сапасын одан әрі арттыру, шағын жинақты мектептердің әлеуетін күшейту, цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу және педагог мәр­тебесін нығайту міндеті тұр», деді Ғани Майлыбаев.

Жасанды интеллект және цифр­лық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті төрағасының орынбасары Мирас Закиев жасанды интеллект сала­сындағы кадрларды даярлау және цифрлық білім экожүйесін дамы­ту бағытындағы бастамаларға тоқ­талды.

Оның айтуынша, елімізде іске қосылған TUMO Astana орталығы жасөспірімдерге бағдарламалау, дизайн және жасанды интеллект бағыттары бойынша тегін білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2026 жылғы 2-8 тамыз аралығында Астана қаласында Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық олимпиада өтеді. Оған әлемнің 100-ден астам елінен 500-ден астам қатысушы келеді деп жоспарланған.

«Qazaq Digital Mektebi, TUMO Astana және халықаралық олимпиа­далар – тек технологияларды қол­да­натын емес, оларды жасай ала­тын жаңа буын мамандарын қалып­тастыруға бағытталған бірыңғай стра­те­гияның бір бөлігі», деді Мирас Закиев.

Көшпелі отырыс қорытын­ды­сында қатысушылар шағын жинақ­ты мектептерді дамыту, ауыл оқу­­шы­­ларының сапалы білімге қол­жетімділігін кеңейту, цифрлық технологияларды білім жүйесіне енгізу және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру бағытындағы жұмысты жал­ғастыру қажеттігін айрықша атап өтті.

Алматы облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары