Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ауызсумен қамтудағы әлеует

Ауызсумен қамтудағы әлеует

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Осы міндетті орындау мақсатында іргелі істер атқарылып, талай күрделі мәселе өңірлерде оң шешімін тапты. Енді, міне, 2026 жылдың қаңтарында Үкімет Президенттің сол тапсырмасы жүзеге асырылғанын, еліміздегі барлық қала мен ірі ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету жобалары аяқталғанын жариялады. 

Қанша ауылға су келді?

Премьер-министр Олжас Бек­тенов жуырда өткен арнайы кеңесте Мемлекет бас­шы­сының төл сайлауалды бағ­дар­ламасында Үкіметтің алдына 5 жыл ішінде елді мекеннің бар­лы­ғын ауызсумен қамту міндетін қой­ғанын еске түсірді. Өнеркәсіп жә­не құрылыс министрлігінің мә­­­ліметі бойынша, Президенттің тап­сырмасы аясында 2025 жыл­дың соңына дейін халықты ауыз­сумен толық жабдықтау жұмыс­та­ры аяқталыпты. Бүгінде ны­­­саналы көрсеткішке қол жеткізілгені жа­рия етілді: елдегі барлық 90 қала, сон­дай-ақ 7,5 миллион тұрғыны өмір сүріп жатқан 6 087 ауылдық елді мекен ауызсумен жаб­дық­тау­дың орталықтандырылған жүйе­леріне қосылды.

Жалпы, ауылдар мен қала­лар­ды толығымен ауызсумен ор­та­лықтандырылған түрде қам­та­масыз етуге жалпы сомасы қан­ша қаржы жұмсалғаны бел­гі­сіз. Мұны Су ресурстары және ир­ригация министрлігі (топтық су құбыры және су үнемдеу жо­ба­ларына жауапты), Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі (сумен қам­тамасыз етудің кейбір жоба­ла­рына жетекшілік етеді), Жа­сан­ды интеллект және цифрлық да­му министрлігі (су саласын­да­ғы цифрландыруды іске асы­ра­ды) де айта алмады. Бірақ әңгіме три­ллиондаған қаржы туралы бо­лып отырса керек. Мәселен, ауыз­сумен қамту мақсаты бел­гі­ленген соңғы үкіметтік бағдар­лама «Қуатты өңірлер – ел да­муы­ның драйвері» ұлттық жо­­­­басы (2023 жылы күшін жойды) аясын­да елді сумен қамтуға 635 млрд 614 млн теңге қарастырылыпты. 

«Ел ауызсуға толық жарыды» деу ауылдың бәрінде әр үйге құ­быр тартылып, шүмек-кран қойыл­ды, сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесі іске қосылды дегенді білдірмейді екен. Мысалы, былтыр 224 елді ме­кен­де «инфрақұрылымның шек­теулілігі аясында ауызсуды беруді ұйымдастыруға мүмкіндік бе­ретін кешенді блок-модуль» ор­натылған. Кейбірінде бірнеше кө­шеде колонкалар орнатылған. Тұр­ғындары тым аз ауылдарға су­ды бұрынғыша халық «водо­воз» атайтын сутасығыш машина жет­кізеді. Мұндай жағдайда су­мен ­қамтамасыз етудің орнық­ты­лы­ғы, сенімділігі және сани­тар­­лық қауіпсіздігі жолға қойыл­са жөн. 

Тапсырма орындалды, жұмыс жалғасады

Назар аударар жайт, ауыл мен қаланы мөлдір де са­палы ауызсумен жабдықтау бір рет әрі мәңгілікке шеше салуға кел­мейді. Біраз жыл бұрын орта­лық­тандырылған су желісі тар­тыл­ған кейбір ауылда ол жүйе тез тоза бастады, қайта жаң­ғыр­туды қажетсінеді. Сон­дық­тан Пре­мьер-министр су шаруа­шы­лығы инфрақұрылы­мын одан әрі да­мытуға жүйелі түрде келу маңыз­­ды екенін атап өтті. 

– Халық санының және жал­пы экономиканың өсуімен бірге елі­­мізде су тұтыну көлемі де ұл­ғая береді. Сондықтан таза ауыз­су мәселесінің өзектілігі де күн өт­кен сайын арта түспек. Мем­ле­­кет басшысының тапсырмасы бойынша қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау жобаларын жү­зе­ге асыру аяқталды. Дегенмен ауыз­­сумен қамтамасыз ету – үз­дік­сіз жүретін процесс. Сол се­беп­ті барлық жауапты мем­ле­кет­тік орган бұл мәселені тұрақты ба­қылауда ұстауы қажет, – деп қадап айтты Олжас Бектенов.

Сумен жабдықтау желілерінің қыз­­меті мен ауызсудың сапасына на­зар аударылуы тиіс. Былтыр аза­­маттардан сумен жабдықтау мәселелері бойынша мем­ле­кет­тік ор­гандарға 70 мыңға жуық арыз-ша­ғым түскен. Әкімқара­лар елді ме­кенді таза суға «қарық қыл­­дық» деп жоғарыға есеп бе­реді, ал тұрғындар келген су­дың ішу түгіл, мал мен бақ­ша суару­ға жарамсыз екеніне на­разы. Осыған байланысты әкім­­­­­дік­терге әр­бір ша­ғым бойын­ша тек­­­серу жүргізіп, мін­­детін адал атқар­ма­ған ұйым­дарға қатаң шара қолдану жүк­телді.

Тұрғындар та­ра­пынан сұ­раныстың өсуі, жаңа аудандардың салынуы қала­лардағы қолданыстағы жүйе­лерді жаңғырту қажет­тілігін өзекті етті. О.Бектенов осы орай­да Энергетикалық және ком­муналдық секторларды жаң­ғырту жөніндегі ұлттық жо­ба­ның мүмкіндіктерін кеңі­нен пайдаланудың маңыз­ды­лы­ғын нұсқады.  

– Сондай-ақ біздің алдымыз­да әлемдік озық тәжірибелерді қол­дана отырып, қалалық су ка­­­налдарының өндірістік про­цес­терін толық автоматтандыру және цифрландыру міндеті тұр. Бастапқы су көзінен бастап соң­ғы тұтынушыға дейін суды толық бақылауды қамтамасыз ету қа­жет. Барлық жұмыс сапалы әрі уа­қытылы жүргізілуге тиіс, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Атқарушы билік 2026 жылға осы салада өз алдына бірнеше мақ­сат-міндет белгілеп отыр. Бірін­шіден, Өнеркәсіп және құ­рылыс министрлігі әкім­дікт­ер­мен бірге жалпы сипаттағы транс­­ферттердің бөлінген со­ма­лары, сондай-ақ «Энер­гети­ка­лық және коммуналдық сектор­ларды жаңғырту жөніндегі ұлт­­­тық жоба» шеңберінде сумен жаб­дықтау және су бұру жоба­ла­ры­ның жүзеге асырылуын жүйелі түр­де бақылауға жауапты. Өті­нім­дер саны мен өңделетін ақпа­рат көлемі күрт өскен, демек ве­до­мство ұлттық жобаның бі­рың­ғай электрондық платформа­сы­ның жұмысында техникалық ақаулар­дың туындау, істен шығу жағ­дайларына жол берілмеуі керек.

Екіншіден, Су ресурстары ми­­нистрлігіне таза су жетті де­лін­ген, алайда сараптама көрсет­кен­дей, ауызсумен қамтамасыз ету деңгейін жақсарту қажет еті­­­летін 142 ауылдық елді мекен­ге арналған жаңа 12 жобаны жү­зеге асыру шараларын жыл соңы­на дейін қабылдау тапсы­рыл­ды. Осы жылдың 30 шілде­сі­не дейін Түркістан облысындағы Шар­дара топтық су құбырын пай­далануға беру қажет. 15 қара­шаға дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Со­колов топтық су құбырларын жаң­ғырту жұмыстары аяқталуы тиіс.

Үшіншіден, Қаржы министр­лігі республикалық бюджет шең­берінде көзделген сумен жаб­дық­тау жобаларын уақытылы қар­жыландыруды қамтамасыз етуге міндеттелді. Сондай-ақ ол кәріз-канализация, тазарту құры­лыстарын жаңғырту үшін несие тарту мәселесінде әкімдік­терге әдіснамалық көмек көр­сетуі керек.

Төртіншіден, Ауыл шаруа­шы­лығы, Су ресурстары ми­нистр­ліктері, сондай-ақ Қы­зыл­орда, Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімдіктеріне суды көп қажет ететін дақылдар бойынша егіс алқаптарының құрылымын суды пайдалану ли­миттеріне қатаң сәйкестендіре отырып бекіту туралы бірқатар тапсырма берілді. Яғни, биыл бидай, күріш және басқа да суды көп «ішетін» дақылдарға бөлі­нетін егіс алқаптарының ауқымы азайтылады.  

Бесіншіден, Су ресурстары ми­нистрлігі фермерлерге су беруге қатысты барлық шарттың «Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі Жол картасының» нысаналы ин­дика­­торларына сәйкес жасалуына қол жеткізуі тиіс.

Айтқандай, бұл сала­да да реформа жүргізіліп жатыр. Ол аяқталған соң ауылды сумен қам­­­туға орталық жауап бермеуі мүм­кін, бұл енді әкімнің «бас ауруы» болады.  Су ре­сурстары және ирри­га­ция министрі Нұржан Нұржігітов журналис­тер­ге бүгінде республикалық меншікте халқының жалпы саны 1 млн 330 мың адам бола­тын 546 ауылды сумен қамтама­сыз ететін 26 топтық су құбыры бар екенін хабарлады. Алайда ве­­домствоға қарасты «Қаз­Су­Шар» трансформация­лану үстін­де: оның аясында су құбырларын жергілікті атқарушы органдарға кезең-кезеңімен беру жүргізіліп жатыр. Ендеше су қайнарының мә­селелерінен бастап соңғы тұ­тынушыға дейін су жеткізу мін­деттері әкімге табысталуы мүм­кін. Қай ауыл, аудан, қала бай бол­са, бюджеті толса, сол ғана су­дан тарықпауы мүмкін. 

Сонымен қатар Үкімет су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалып­тастыру бағытында жүйелі жұ­мыстарды жалғастыруға ерекше назар аударғаны абзал. Қорыта айтқанда, халықты ауызсумен қамту мәселесі әрі қарай да күн тәртібінде қала бермек. Бұған қуаңшылық дәуірінде әрбір тамшы суды үнеммен жұмсау, бюджеттік тапшылық кезеңінде бұ­рынғы тоқшылықта тұрғы­зылған қымбат инфрақұры­лым­ды ұқыппен сақтау міндеті үсте­меленді. 

Елдос СЕНБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары