Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа талап: Енді смартфон сатушылар құрылғының сәйкестендіру кодын түбіртекте көрсетілуін тексеру керек

Астанадағы нөсерден кейін әкімдік ресми мәлімдеме жасады

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Ұялы телефоны верификациялаудан өтпегендер сатушыдан тауарды ауыстыруды талап ете алады

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мың адамға артты

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

“Мама Люба, давай“ көлікте клип түсіргені үшін блогер қыздарға айыппұл салынды

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

ҚТК тиеуді тоқтатты: Қазақстанда мұнай өндіру азайды

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топқа үкім шықты

Мектептер мен колледждердегі әдістемелік кабинеттер қалай жұмыс істеуі тиіс

“Әкелердің көбі көре алмай қалатын сәттерге куә болдым“: Қазақстандық ерлер неге декретке шыға бастады?

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ел азаматтарына ұсынылған автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі отандық өндіріске тың серпін беріп, жаңа қырынан дамытады деп күтілген еді. Былтыр автолизинг бағдарламасы іске қосылды. Бірақ жұртшылыққа жаңа көлік мінгізуге тиіс бағдарлама басталмай жатып тоқтап қалды. Сарапшылардың пікірінше, жеңілдетілген несиеге балама болатын бастаманың жарты жолдан үзілуіне техникалық түйткілдер себеп болған.

Басқа несие түрлеріне балама ретінде ұсынылған автолизингтің өзіне тән ерекшелігі бар. Қарапайым тілмен айтсақ, сатушы компаниямен бірнеше жылға келісімшартқа отыру арқылы су жаңа көліктің иесі бола алады. Оны сатып алғаннан бастап, ай са­йын келісілген уақытқа дейін ақысын төлейсіз. Содан соң көңілден шықса, көлік құнының қалған бөлігін төлеп, толық сатып алуға болады. Ал оған дейін темір тұлпар ресми сатушы компанияның атында тіркеліп тұрады. Яғни көлікті өзіңіз мініп жүресіз, бірақ ол басыбайлы сіздікі емес. Мәселе де осы жерден туындаған.

Жоғарыда айтқандай, бағдар­ла­ма үзілісінің басты себебі – құ­қықтық база мен техникалық жү­йенің дайын болмауы. Лизингке сәйкес құны толық өтелмейінше, автокөлік заңды түрде лизинг беруші компанияның жеке мүлкі болып қала береді.

Ал пайдаланушы ол кезде көліктің уақытша иесі немесе жалға алушысы болып саналады. Іс жүзінде бұл құқықтық тұрғыдан түсініксіз жағдайға әкелуі мүмкін. Мәселен, жол ережесі бұзылды делік. Автоматты бейнебақылау жүйелері айып­пұл­ды көлік иесінің атына рәсім­дей­тіні түсінікті. Ал көліктің заңды иесі – лизинг беруші компания. Демек, айыппұлдар ереже бұзған жүргізушіге емес, компанияға жіберіледі.

Қазір осы мәселеге қатысты инвесторлар, машина жасау саласының өкіл­дері мен уәкі­лет­ті министрлік үш­жақты ке­лі­сім аясында лизингтің жаңа регламенттерін әзірлеп жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков хабарлады.

«Ұлттық экономика министр­лі­гінен бірқатар ұсыныс түсті. Ішкі істер министрлігі тарапынан да сұрақтар бар. Негі­зі­нен жол ережесін бұзған жағ­дай­да айыппұл іс жүзіндегі пай­даланушыға емес, көлік құра­лының иесіне жазылады. Бағ­дар­лама алғаш рет іске қосылып жатқандықтан мұндай мәселелер жеткілікті», дейді ол.

Оның айтуынша, барлық түйткіл шешілген соң автолизинг­тің жаңарған шарттары қосымша жарияланады. Бағдар­ламаның жаңа нұсқасында көлік маркаларына қатысты шектеулерді алып тастау жоспарланып отыр екен. Лизинг елде өндірілген көліктерге де, шетелдерден әкелінген көліктерге де қолжетімді болады.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Таяуда лизинг кезіндегі айып­пұл мәселесін шешуге Мә­жіліс депутаты Олжас Құспеков ұсыныс берді. Депутат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен Бас прокуратураның Құқық­тық статистика және арнайы есеп коми­тетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбаевқа ресми хат жол­даған. Хатта ол аталған тетік­ті кеңінен іске қосуға кедер­гі кел­­тіретін құқықтық, цифрлық тос­­қауыл­дарды жоюды ұсын­ды. Депутаттың хатында аталып өткендей, «Әкімшілік құ­қық бұзушылықтар туралы» кодекс­тің 31-бабының 2-тармағы көлік­тің нақты иесін айыппұлға тартпауға жол береді. Биыл ақпанда өткен жиында Құқықтық статистика және арнайы есеп коми­те­ті әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық­тар­дың бірыңғай тізілімін (ӘІЖБТ/ЕРАП) жаңарту мүмкін еместігін мәлімдеді. Бұл шешім былтырғы 9 желтоқсандағы Президенттің «Цифрландырудың кейбір мәсе­лелері туралы» Жарлығымен байланысты. Ол QazTech платформасынан тыс жаңа объектілер жасауға мораторий енгізген. Алайда ӘІЖБТ мемлекеттік кредит­тік бюро арқылы құрылған Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен интеграцияланған. Бұл бюро Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне қарайды.

Осыған орай Олжас Құспеков деректер базасына «Лизинг алушы» деген жаңа баған қосып, сақтандыру ақпараттық жүйесі арқылы шешім қабылдауды ұсынды. Бұған сәйкес көлікті нақты пайдаланушы туралы мәлімет сақтандыру келісімшарты негізінде қалыптасып, ӘІЖБТ-ге жолдануы мүмкін. Бұл тәсіл шетелдік көліктерге қолданы­латын тетік­ке ұқсас.

Депутаттың сөзінше, мұндай шешім көліктің нақты пайдаланушысын дұрыс анықтауға, айыппұлдарды бағыттау тәртібін реттеуге, құқықтық белгісіздікті жоюға, құқық қолдануда біріз­ділік­ті қамтамасыз етуге, лизинг қаты­настарының барлық тарап мүддесін теңестіруге, отандық лизинг үлгісін халықаралық тәжірибеге жақындатуға жол ашады.

Кедергілер еңсерілсе, отандас­тарымыз тың тәсілмен су жаңа көлік­терді тізгіндей бастайды. Алайда осы бастаманың қол­да­ныс­тағы қаржылық құрал­дардан қандай ерекшелігі бар? Мәселен, бөліп төлеу арқылы көлікті шартты түрде 10 млн теңгеге сатып алдыңыз делік. Онда сізге бұл соманы 3-5 жылға бірдей айлық төлемге бөліп беруші еді. Тәуелсіз автокөлік одағының басшысы Эдуард Эдоковтың айтуынша, лизингте бұл тетік едәуір күрделі. Себебі мұнда жалға алу мерзімі біткеннен кейінгі көліктің қалдық құны қалай қалыптасады деген сұрақ бар.

«Біріншіден, лизинг беруші сіздің лизингіңізді қаржы­ландыру үшін ақшаны қандай шартпен алатынын білуі ма­ңызды. Ол ақшаның қанша пайыз­бен келетінін, қаншалықты пайда әкелетінін түсінуі керек. Сонымен қатар компания көліктің екі, үш немесе төрт жылдан кейінгі қалдық құны қандай мөлшерде болатынын болжай алуы қажет. Көлік жеке кәсіпкердің қолына тисе, жылына 10 мың шақырым жол жүреді делік. Ал такси жүргізушісі алса, жылына шамамен 50 мың шақырым жүруі мүмкін. Мұндай автокөліктің қалдық құны мүлде басқа болатыны түсінікті», дейді Э.Эдоков.

Осының бәрі лизингтің қаржылық есебін күрделендіреді. Елде мұның қалай есептелетіні әзірге түсініксіз. Оны рет­тейтін нормативтік құқықтық актілер де, ұсы­ныстар да жоқ. Қалдық құн авто­­көлікке, оны қай деңгейде пайда­ланғанына байланысты қалыптасатыны сөзсіз. Эдуард Эдоков көлікті тиісті талаптарды сақтамай пайдаланғаны үшін айыппұл қарастырылуы мүмкін екенін айтады.

«Лизинг беруші мұндайға жол бермеу мақсатында алдын ала ережелер мен төлемдерді жа­зып қояды. Зиян келтірсеңіз, жөндеу ақысын немесе айыппұл төлейсіз. Лизинг дегеніміз – бизнес. Компания ешқашан шығынға жұмыс істемейтінін түсіну қажет. Егер автокөлік әбден тозған болса, оны жай ғана қабылдай салмайды. Келісімшарт талаптары мен сақтандыру шарттары іске қосы­ла­ды», дейді сарапшы.

Оның айтуынша, шартта барлық шектеу көрсетіледі: жылдық жүріс лимиті, тех­ни­калық күйіне қойылатын талаптар мен т.б. Мәселен, жылына 10-20 мың шақырымнан асырсаңыз, тозу нор­масын бұзсаңыз, қосымша ақы төлейсіз. Келісімдегі мерзімнен бұрын лизингтен шықсаңыз да солай. Шартты орындамағаныңыз үшін қандай да бір ақы төлеуіңіз ықтимал.

Ал жеке тұлғаларға арналған жаңа тәсіл автокөлік нарығына қаншалықты әсер ете алады? Автосарапшы Арсен Шакуовтың пікірінше, бұл бағдарламаның шарттарына байланысты.

«Жеңіл автокөліктерге келсек, бәрі бұрынғыдай қала береді деп ойлаймын. Лизинг болсын, несие болсын, шарттар мен пайыздар шамалас болады. Лизинг­ті енгізген соң да автонесие өзектілігін жоймайды. Тек атауы өзгеруі мүмкін, жүйенің өзі баяғыдай сақталады. Бағаларды брендтер өздерінің маркетинг саясаты аясында қалыптастырады. Мысалы, жапон мен корей компаниялары әр нарық үшін өзі баға қояды. Сондықтан лизингтің әсерінен көлік арзандайды немесе қымбаттайды деу дұрыс емес», дейді ол.

Ал Э.Эдоковтың пікірінше, лизинг бөліп төлеуге қарағанда тартымды болуы маңызды. Олай болмаған жағдайда лизинг көп қаржы құралының біріне айналады. Адамдар оған қаржылық жағынан пайдада қалу емес, екі жылда бір көлік ауыстыру мақсатында жүгінетін болады.

«Қазір автокөлік – актив емес. Сон­дықтан кей жағдайда оны жалға алған да жақсы. Бүгінде көбі, әсіресе қазіргі жастар әлдебір пассивтерге байланғысы келмейді. Пәтерді де, көлікті де жалға алады. Сол себепті лизинг ел нарығына айтарлықтай әсер ете алмайды. Әрине, бұл – бүгінгі жағдайға қарап жасалған тұжырым. Елдегі барлық авто­көліктің 67%-ы 10 жылдан асқан. Оларды қандай да бір тәсілмен жаңарту керек қой. Бірақ қар­жы болмай, іс алға баспайды», дейді ол.

Сарапшының пайымдауынша, айлық төлемі несие төлемі мен бөліп төлеуге қарағанда айтарлықтай төмен болғанда ғана лизинг елде өркен жаяды.

«Мәселен, айына 100 мың теңге несиеге төлеймін делік. Ал лизингте бұл 150 мың болса, оның маған қандай қажеті бар? Демек, лизинг бағдарламаларын қаржыландыратын лизинг беру­шілер немесе екінші деңгейлі банктер ақшаны қазіргіден төмен, жеңілдетілген мөлшерлемемен алуы керек не мемлекет субсидия бөлуге тиіс», дейді Э.Эдоков.

Қорыта айтқанда, автолизинг – отандастарымыз үшін көлікке қол жеткізудің жаңа мүмкіндігі бола алатын тетік. Жоғарыда айтқан түйткілдер шешілсе, бұл бастама нарыққа тың серпін беріп, автопаркті жаңартуға жол ашары анық. Сарапшылар да шарттары жеңілдеп, қаржыландыру тетігі тиімді болған жағдайда ли­зингтің сұранысқа ие болатынын айтады. Ең бастысы – жүйе толық қолданысқа енсе, азаматтарға көлік алу бұрынғыдан да қолжетімді әрі икемді бола түспек.

Соңғы жаңалықтар

IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:27

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Мал ұрлығының алдын алу өзекті

Қылмыс • Бүгін, 09:00

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Ұлт көсемі ұрпағының беймәлім суреттері

Тарих • Бүгін, 08:50

Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру

Экономика • Бүгін, 08:45

Алаяқтар айласы таусылар емес

Қылмыс • Бүгін, 08:43

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Сталкингке жол жоқ

Құқық • Бүгін, 08:37

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

Жымпитыдағы тағылымды жиын

Қоғам • Бүгін, 08:32

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Білімді бақылау жүйесінде алға озды

Білім • Бүгін, 08:20

Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді

Үкімет • Бүгін, 08:17

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 09:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа талап: Енді смартфон сатушылар құрылғының сәйкестендіру кодын түбіртекте көрсетілуін тексеру керек

23 Шілде 2026 23:08see158

Астанадағы нөсерден кейін әкімдік ресми мәлімдеме жасады

23 Шілде 2026 19:06see138

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

24 Шілде 2026 18:32see127

Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

23 Шілде 2026 19:57see124

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

23 Шілде 2026 19:44see123

Ұялы телефоны верификациялаудан өтпегендер сатушыдан тауарды ауыстыруды талап ете алады

23 Шілде 2026 23:10see122

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мың адамға артты

23 Шілде 2026 18:43see121

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

24 Шілде 2026 18:31see121

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

24 Шілде 2026 21:05see121

Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

23 Шілде 2026 19:45see120

“Мама Люба, давай“ көлікте клип түсіргені үшін блогер қыздарға айыппұл салынды

23 Шілде 2026 18:24see120

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

23 Шілде 2026 18:09see118

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

24 Шілде 2026 18:54see118

ҚТК тиеуді тоқтатты: Қазақстанда мұнай өндіру азайды

23 Шілде 2026 18:03see118

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топқа үкім шықты

23 Шілде 2026 19:43see118

Мектептер мен колледждердегі әдістемелік кабинеттер қалай жұмыс істеуі тиіс

23 Шілде 2026 18:10see118

“Әкелердің көбі көре алмай қалатын сәттерге куә болдым“: Қазақстандық ерлер неге декретке шыға бастады?

23 Шілде 2026 18:05see116

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

24 Шілде 2026 19:58see111

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

24 Шілде 2026 19:24see110

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

24 Шілде 2026 19:47see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары