Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Азаматтардың басым көпшілігі Заң мен Тәртіп қағидаты мен Таза Қазақстан идеясын қолдайды сауалнама

Азаматтардың басым көпшілігі Заң мен Тәртіп қағидаты мен Таза Қазақстан идеясын қолдайды сауалнама

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Президент Қ.К.Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың басты басымдықтарының бірі саналатын бұл қағидаттың халық үшін жоғары мәнге ие болуы азаматтардың әділдік, жауапкершілік және заңды бұлжытпай орындауға негізделген мемлекетті дамытуға деген сұранысын айғақтайды.
Сонымен қатар, бұл идеологема қала және ауыл тұрғындарына бірдей жақсы таныс: ауылдық жерлерде тұрғындардың 85,1%-ы бұл қағидат туралы біледі. Бұл мемлекеттік саясат ірі қалалар шеңберінен аспайды деген стереотипті жоққа шығарады.
Зерттеу нәтижелері аталған конституциялық қағидаттың қоғамдық сұранысқа толық сәйкес келетінін көрсетеді. Әр түрлі жастағы азаматтар заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын бірдей жоғары бағалайды, яғни, заңдылықты ел дамуының негізгі шарттарының бірі ретінде танитын тұрақты қоғамдық консенсустың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Бұдан бөлек, азаматтардың басым бөлігі заң мен тәртіпті сақтауды мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі ретінде қарастырады. Мұндай көзқарас заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық мәдениетті нығайтуда мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігіне негізделген жаңа Конституция қағидаттарына сәйкес келеді.
Әлеуметтанулық зерттеу деректері бойынша, «елде заң мен тәртіпті сақтауға ең алдымен кім жауапты?» деген сұраққа респонденттердің жауаптары мынадай: 43,6%-ы мемлекет пен азаматтар жауапкершілікті тең дәрежеде көтереді деп есептейді; 30,6%-ы жауапкершілік әрбір қазақстандыққа жүктеледі деп санайды.
Осылайша, халықтың 74,2%-ы заң мен тәртіпті қамтамасыз етуді азаматтардың жеке жауапкершілігі немесе мемлекетпен қатар көтеретін жауапкершілігі деп қарастырады.
Жас бойынша талдау көрсеткендей, бұл ұстаным барлық буын өкілдеріне тән. Жеке жауапкершіліктің ең жоғары көрсеткіші жастар арасында байқалады: 18-28 жас аралығындағы азаматтардың 52,8%-ы заң мен тәртіптің сақталуына бірінші кезекте әрбір азамат жауап береді деп есептейді.
Сонымен қатар, сауалнама деректері Президенттің негізгі бастамаларына, маңызды азаматтық ұстанымдарға деген азаматтардың көзқарастарын және инфрақұрылымның жағдайына деген ризашылық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.
Азаматтардың 67,1%-ы Президенттің «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын басым бастамалардың қатарында атаған. Таза ел, таза ниет туралы идея ұрпақтар сабақтастығын күшейтіп, мамандықтарды байланыстырады: бастаманы студенттердің 65,4%-ы, 46-60 жас аралығындағы орта буын өкілдерінің 68,8%-ы, жеке еңбек қызметімен айналысатындардың 66,3%-ы және жоғары білімі бар респонденттердің 67,0%-ы  тең дәрежеде қолдайды. «Тазалық» тақырыбы бюджеттік және корпоративтік секторлардыңшекарасынан асып, «Таза Қазақстан» идеялық тұрғыда кең аудиторияға өркен жайды.
Инфрақұрылым жағдайына ризалық деңгейінің өсе түскені байқалады, бұл жерде жекелеген нысандар мен қызмет түрлері бойынша оң бағалаудың өсу көрсеткіші 78%-ға дейін артқан. Ризалықтың ең жоғары деңгейі әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігіне қатысты тіркелді.
«Инфрақұрылымдық рейтингтің» ең жоғарғы қатарында мектептер орналасты: бес қазақстандықтың төртеуі немесе 78,9%-ы білім ордаларының қолжетімділігіне ризалығын айтқан. Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің (73,8%), балабақшалардың (73,5%) және спорт кешендерінің (72,3%) қолжетімділігіне қатысты аса жоғары ризалық деңгейі тіркелді.
Демалыс және серуен орындарының (73,7%) болуы да жоғары бағаланады.
Корреляциялық талдау нәтижесібойынша, мемлекеттің жұмысына ризалық пен және ол туралы хабардар болудың ең жоғары көрсеткіші балалары бар отбасыларда, көпбалалы отбасыларда, 28 жасқа дейінгі жастар мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлері арасында тіркелген.

Бұл ретте отбасы неғұрлым үлкен болса және адамның өз мекенімен, жұмысымен әрі балаларымен байланысы неғұрлым берік болса, мемлекеттік институттардың қызметіне берілген баға да соғұрлым жоғары.
Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының маңыздылығын қазақстандықтардың 66%-ы атап өтті.
Бұл бастама жастардың көңілінен шықты деуге толық негіз бар: 18-28 жас аралығындағы топта оны 65,2%-ы қолдаса, ең экономикалық белсенді 29-45 жас аралығындағы топта бұл көрсеткіш 68,6%-ды құрайды.
Бұған қоса, сауалнамаға қатысқандардың 60,7%-ы жасанды интеллект технологияларын ел дамуының негізгі салаларына белсенді енгізуді қолдайды. Ал технологиялық жаңашылдықтар ең алдымен ертеңгі жұмыс орны мен болашағы осыған тікелей байланысты студенттер мен жастардың арасында тез сіңіп келеді.
Жалпы алғанда, зерттеу нәтижесі қоғамның ел дамуының біртұтас стратегиясын қолдайтынын көрсетеді. Әсіресе, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, технологиялық өркендеуге, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, білім беру мен заманауи экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамалар ел ішінде кеңінен қолдау тауып отыр. Бұл қоғамның заманауи құндылықтар мен ұзақ мерзімді басымдықтарға негізделген ізгі өзгерістерді күтетінін аңғартады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 12:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары