Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Азғыр полигоны: ядролық сынақтан кейін шұңқырларға су жиналып қалған

Азғыр полигоны: ядролық сынақтан кейін шұңқырларға су жиналып қалған

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ведомство мәліметінше, 1996 жылдан бері бұрынғы Азғыр полигоны мен оған іргелес елді мекендер аумағындағы радиациялық жағдай Ядролық физика институтының Азғыр ғылыми-өндірістік радиоэкология экспедициясының тұрақты бақылауында тұр.

Осылайша, радиациялық деңгей жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде өлшеніп отырады.

— Көпжылдық мониторинг нәтижеcі көрсеткендей, тіркелген радиациялық көрсеткіштер еліміздің санитарлық-гигиеналық нормативтерінде белгіленген шектен аспайды, — деп хабарлады ведомство.

Фото: видеодан скрин

Сондай-ақ Азғыр және Балқұдық елді мекендерінің аумағындағы радиация табиғи аймақтық деңгейге сай және халықтың денсаулығына қауіп төндірмейді деп атап өтілген құжатта.

Агенттіктің дерегінше, 1966-1979 жылдары бұрынғы Азғыр ядролық сынақ полигоны аумағында 12 сынақ алаңы дайындалып, тереңдігі 161 метрден 1491 метрге дейінгі аралықта түрлі қуаттағы 17 жерасты ядролық жарылысы жасалған.

Соның салдарынан жалпы көлемі шамамен 1,2 млн текше метр болатын 9 жерасты қуысы пайда болды. 

— Өнеркәсіптік жарылыс жұмыстары кезінде полигонда бас-аяғы 10 технологиялық алаң пайдаланылған: А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, А-7, А-8, А-9, А-10 және А-11. Бүкіл жарылыстар жер бетіне ядролық жарылыстың екінші өнімдері шықпайтын камуфлеттік типте жобаланған, — деп түсіндірді ведомство.

Сонымен қатар А-6 ұңғымасы бұрғылау кезінде болған апат салдарынан қажетті тереңдікке дейін жеткізілмеген, ал А-12 алаңы дайындалғанымен онда жарылыс жүргізілмеген.

— А-9 алаңында технологиялық ақау салдарынан шұңқыр пайда болып, кейін ол тасқын мен жауын суына толған. Қазіргі уақытта Азғыр полигоны аумағында жарылмай қалған ядролық зарядтар жоқ, — деп нақтылады Атом энергиясы жөніндегі агенттік.

Фото: видеодан скрин

Ресми мәлімет бойынша, А-1 — А-5 қуыстары толығымен суға толған, А-8 және А-11 — құрғақ, ал А-7 мен А-10 — жартылай суға толы. Радиоэкологиялық зерттеу нәтижесінде жерасты қуыстарынан радионуклидтердің қоршаған ортаға таралу белгілері анықталған жоқ.

Агенттік ақпаратына сәйкес, 2001 жылдан бастап бұрынғы Азғыр полигоны мен оған іргелес аумақтарды кешенді мониторингтеу бағдарламасы аясында жерасты суының жағдайына тұрақты бақылау жасалады. 

— Жүргізіліп келе жатқан зерттеу нәтижесі жерасты суында радиациялық көрсеткіштердің артуы байқалмағанын көрсетті. Радиоактивті элементтердің мөлшері табиғи деңгейден аспайды және санитарлық талаптарда белгіленген шектен әлдеқайда төмен. Сондай-ақ жерасты суында техногендік радионуклидтердің миграция белгілері тіркелмеген, — деп мәлімдеді ведомство.

Алайда аймақтың геологиялық ерекшеліктеріне байланысты кейбір табиғи химиялық элементтердің концентрациясы жоғары екені анықталған.

Бұл су сапасына әсер етеді және ішуге жарамдылық бойынша санитарлық талаптарға сай келмейді, дегенмен бұл радиациялық факторға байланысты емес деп көрсетілген ресми жауапта.

Фото: видеодан скрин

Халық денсаулығына әсері болмаған — агенттік

2014-2015 жылдары Үкімет тапсырмасымен Азғыр полигонының ықпал аймағындағы қоршаған орта мен халық денсаулығының жай-күйіне кешенді баға беру жұмысы жүргізілді.

Зерттеу жұмысына Ядролық физика институты, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы, сондай-ақ Атырау облысы әкімдігі қатысты.

— 2004-2013 жылдар аралығындағы сырқаттану, өлім-жітім және тұқым қуалайтын аурулар көрсеткіші талданды. Елді мекендерде кейбір ауру түрлері бойынша орташа және республикалық деңгейден жоғары көрсеткіш байқалғанымен Құрманғазы ауданы бойынша жалпы сырқаттану деңгейі басқа аймақтармен салыстырғанда төмен болды, — деп көрсетілген жауапта.

Фото: видеодан скрин

Агенттіктің мәліметінше, ауру көрсеткіштерін тек бұрынғы ядролық полигон әсерімен тікелей байланыстыру мүмкін емес, себебі оған көптеген факторлар ықпал етеді.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, 2000-2007 жылдары бұрынғы Азғыр полигоны аумағында кешенді радиоэкологиялық зерттеу жүргізіліп, нәтижесі бойынша ластанған топырақ пен радиациялық қалдықтар анықталып, шығарылып көмілген. 

Анықталған бүкіл ластану ошақтары жойылған.

— Қазіргі уақытта жерасты ядролық жарылыстар жүргізілген технологиялық алаңдар қоршалып, бөгде адамдардың, жануарлардың және көліктің кіруіне тыйым салынған. Алаңдарда радиациялық қауіп белгілері мен тыйым салу тақталары орнатылған, — деп мәлімдеді ведомство.

Фото: видеодан скрин

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Азғыр полигонының зардабы әлі толық зерттелмегені жайлы сұхбатты оқырман назарына ұсынған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:253
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 20:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see145

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see144

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see142

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see138

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see131

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see129

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see128

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see127

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see125

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see120

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see119

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see118

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see118

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

17 Қазан 2026 13:44see116

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see115

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see108

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see108

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see108

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see107

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары