Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Бала тісіне салғырт қарамаңыз

Бала тісіне салғырт қарамаңыз

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Таяуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ­стан-Ресей медициналық университеті және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғалымдары бірігіп, дәл осы сұраққа жауап іздеп көрді. Олар Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде оқитын 6-10 жас аралығындағы 150 бастауыш сынып оқушысының тіс саулығын тексеріп, ата-аналар арасында арнайы сауалнама жүргізген. Зерттеу нәтижесі қуанта қоймады.

Статистика жаға ұстатады

Жекеменшік мектепте оқитын балалардың тамағы тоқ, жағдайы жасалған десеңіз де, олардың тіс денсаулығы өте аянышты күйде болып шықты. Зерттеу қорытындысы бойынша балалардың 93%-ында тісжегі (кариес) немесе оның асқынған түрі бар. Яғни мектептегі дерлік әрбір баланың тісі емдеуді қажет етеді. 55,1%-ында пародонт (қызыл иек) аурулары анықталған. 28%-ында тіс-жақ аномалиялары бар. Тістің қисық өсуі немесе тістемнің (прикус) дұрыс болмауы келешекте үлкен эстетикалық әрі медициналық мәселеге айналуы мүмкін. Балалардың 14,7%-ында жұмсақ тіндердің, ал 6,9%-ында эмальдың тісжегіге жатпайтын басқа да зақымданулары тіркелген. Бұл сандар жай ғана құрғақ статистика емес. Бұл – мектепте сабақ айтып отырған баланың ауыздағы тұрақты ауырсынуы, ас қорытудың бұзылуы және психологиялық дис­комфорт. Тағы да айтамыз, бұл жекеменшік мек­тепте оқитын, ешқандай мұқтаждығы жоқ балалардың тіс жағдайының көрсеткіші. 

Мәселе балада ма, ата-анада ма?

«Баламыздың тісі неге бұлай жиі ауырады?» деп дәрігерді кінәлауға асығамыз. Сауалнама нәтижесі бұл мәселенің түбірі үйдегі әдеттерде жатқанын көрсетті. Зерттеуге қатысқан ата-аналардың тек 34%-ы ғана баласының тісін дұрыстап жууын тұрақ­ты бақылайды екен. Бұл дегеніміз – қалған 66% бала тісін не жүрдім-бардым жуады, не тіпті ұмытып кетеді.

Екінші мәселе – стоматологқа тек тіс шыдатпай ауырғанда ғана бару. Сауалнамаға сәйкес, балалардың тек 35,3%-ы ғана дәрігердің тексеруінен жүйелі түрде өткізіледі. Ал қалған 65%-ға жуық бала тіс дәрігерінің орындығына ауру асқынып, пульпит немесе периодонтитке айналғанда бір-ақ отырады.

Министр қандай мәселеге көңіл бөлді?

Өткен айда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да балалар стоматологиясына назар аударды. Ол өңір басшыларына балаларға стоматологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Мектепке бармаған балалардың тістері мен  ем алуға талон алу кезіндегі кезектерді жою жайлы мәселе көтерді. 

«Біз үшін ең бастысы – есептілік те, қағаз жүзіндегі көрсеткіштер де емес. Әр көрсеткіштің артында нақты бала және нақты отбасы тұр. Егер ата-ана баласына стоматологиялық көмек алу үшін таңғы сағат бесте келіп, кезекте тұруға мәжбүр болса, демек, жүйе жеткілікті деңгейде жұмыс істеп тұрған жоқ. Біз мұны түзетуіміз керек», – деген еді министр.  

Ол балаларға стоматологиялық көмектің мем­лекет тарапынан қаржыландырылатынын айтып, мәселені ата-аналардың мойнына іліп қоймауды және әр жолы қосымша бюджет қаражатын іздемеу қажеттігін де жауапты тұлғалардың есіне салған. «Ата-аналар әлеуметтік желілерге жүгінуге немесе шағым жазуға мәжбүр болғанша күтпеуіміз керек», –  деп ашық айтқан министр жергілікті жердегі басшылардың мұндай мәселелерді дер кезінде анықтап шешуі керектігін атап өткен болатын. 

Расында да таң атпай емханада тіс емдетудің кезегінде тұратын ата-аналарды көріп жүрміз. Бұл әбден таныс жағдай. Бірақ бұл – қаладағы жағдай. Қаладағы кез келген емханада балалардың тісін емдейтін арнайы стоматологиялық кабинеттер бар. Одан қалса жекеменшік стоматологиялық кли­никаларда да белгілі бір жеңілдіктермен балалардың тісін тегін емдейді. Яғни қалаларда балалардың тісін емдету үлкен мәселе емес. Негізгі қиындық – сол ұзынсонар кезек. Кезек күткен ата-ана барлық шаруасын ысырып тастап, баланың тісімен ғана айналысып қалатыны бар.  Ал шет аймақтар мен ауылдарда балалар тіс дәрігерінің тапшылығы маңызды мәселелердің қатарында екені даусыз. Бірақ оны жауапты органдар ерінбей есептесе, қане?! Әйтпесе Үкіметіміз балалардың тісін емдеуге аянып қалайын деп отырған жоқ.   

«Болашаққа сау тіспен»

2025 жылдан бастап «Болашаққа сау тіспен» Жол картасын іске асыру нәтижесінде білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинеттердің саны 145-тен 288-ге дейін артқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жобаны іске асырудың алғашқы жылы нақты нә­ти­желерді көрсетіп отыр. Астанадағы бес мектепте 2025 жылғы қазан айынан бері 13 мыңнан астам оқушы ауыз қуысының профилактикалық тексеруімен қамтылған. Оның ішінде 5 570 баладан стоматологиялық аурулар анықталып, олардың 1 678-сі  әрі қарай емделуге жіберілген.

Ең көп таралған мәселе – тісжегі (кариес). Стоматологиялық патологиялардың 3 892 жағдайы, яғни 69,9%-ында асқынбаған кариес болса, қалған 1 678 баладан кариестің асқынған түрлері – пульпит және периодонтит анықталған. Бұл балалар әрі қарай ем алу үшін медициналық ұйымдарға жолданған. Сонымен қатар мамандар пародонт және ауыз қуысының шырышты қабаты ауруларын да анықтаған.

Не істеу керек?

Баланың тісі – бұл жай ғана әдемі күлкі емес, ол – бүкіл организмнің саулығы. Бала өздігінен тісін сапалы тазалай алмайды, оған ата-ананың бақылауы мен көмегі ауадай қажет. Сондай-ақ балалардың стоматологиялық денсаулығы – болашақ ұлттың саулығы. Расында мемлекет бұл салаға қаржыны жеткілікті бөліп отыр, басты міндет – қаражат пен ресурстарды дұрыс бағыттау, әрбір баланың тұрғылықты жеріне жақын маңайдан сапалы, дер кезінде әрі тегін көмек алуын қамтамасыз ету болып қала бермек. Мектептердегі стоматологиялық кабинеттерді көбейту және цифрландыру арқылы кезектерді жою, бұл да осы бағыттағы ең маңызды қадамдар болмақ.

Тіс дәрігері не дейді?

Балалар тіс дәрігері Ержан Бақтыбаевтың айтуынша, қазір кариес дертінің күн санап «жасарып» бара жатқандығы маңызды мәселелердің қатарында. Тісжегі тіпті 1-2 жасар сүт тістері жаңадан шыға бастаған сәбилерде де жиі кездеседі, бұған көбінесе «бөтелке кариесі» себеп болуда. Бұған қоса, балалар арасында тістің қисық өсуі мен жақ сүйегінің дұрыс дамымауы сияқты ортодонтиялық ақаулар кең тараған. Мұндай мәселелер емізікті ұзақ уақыт бойы пайдаланудан немесе бас бармақты сору сияқты зиянды әдеттерден, сондай-ақ баланың рационында жұмсақ тағамдардың тым көп болуынан туындайды. Балалардың тіс эмалі өте жұқа әрі нәзік болғандықтан, кішкентай кариестің өзі қысқа мерзімде пульпит пен периодонтит сияқты ауыр асқынуларға өте жылдам ұласып кетеді.

Бүгінгі балалардың рационында қанттың, газды, тәтті сусындар мен жеңіл көмірсулардың шамадан тыс көп болуы тіс эмалін ішінен ыдыратады. Ал бұған ата-аналардың баланың тісін тазалау процесін бақыламауы немесе «сүт тісі бәрібір түседі ғой» деген теріс түсінігі қосылғанда, жағдай тіпті ушыға түседі. Қоғамда профилактикалық тексерістен (әр 3-6 ай сайын) өткізу мәдениеті әлі де қалыптаспағандықтан, балалар дәрігерге тек тіс шыдатпай ауырғанда ғана жеткізіледі.

Балалардың ақ халаттылардан, стоматологиялық құралдардың дыбысынан қорқуы (дентофобия) да олардың дер кезінде тіс дәрігеріне қаралмауына себеп болады. Нәтижесінде ауру асқына береді.  Ал аурудың асқынуы мен зақымдалған тістердің тым көп болуы, әрі баланың үрейі себепті қазіргі уақытта тісті жалпы наркозбен (седация) емдеуге сұраныс күрт өсті. Бұл өз кезегінде ата-аналарға қосымша қаржылық және психологиялық салмақ түсіріп отыр. Сондықтан бұл түйткілдерді шешу үшін тек емдеумен шектелмей, мектептер мен отбасылық деңгейде алдын алу мен гигиеналық тәрбиені мықтап қолға алу керек деп есептеймін. 

Айгүл СЕЙІЛ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 07:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары