Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қызылша – балалар арасында ең жұқпалы аурулардың бірі. Соңғы жылдары әлемнің бірқатар елінде вакцинация деңгейінің төмендеуіне байланысты қызылша ауруының өршуі байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz

Аурудың белгілерін қалай білуге және баланы қалай қорғауға болатыны туралы Алматыдағы №36 қалалық емхананың инфекционист дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Жанат Досбаева айтып берді. Маманың айтуынша, науқаспен байланыста болған жағдайда екпе алмаған адамның жұқтыру ықтималдығы шамамен 100 пайызға жуық.

Науқаспен байланыстан кейін алғашқы белгілер пайда болғанға дейін 7-21 күнге дейін инкубациялық кезең өтеді. Ауру бірнеше кезеңмен дамиды. Бірнеше күнге созылатын продромальды кезеңде баланың дене қызуы 38-40°C-қа дейін көтеріледі, әлсіздік байқалады, мұрыннан су ағып, құрғақ жөтел пайда болады, көз қызарып, жарыққа сезімталдық артады. Қызылшаға тән негізгі белгілердің бірі – ұрттың шырышты қабығында пайда болатын Бельский-Филатов-Коплик дақтары, яғни қызыл жиекті ұсақ ақ нүктелер.

Келесі кезеңде бөртпе пайда болады. Алдымен ол бетте және құлақтың артына шығып, кейін біртіндеп бүкіл денеге тарайды. Бұл кезде дене қызуы 39-40 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін, улану белгілері күшейеді. Сауығу кезеңінде бөртпе біртіндеп жоғалады, алайда теріде уақытша пигментация мен қабыршақтану сақталуы мүмкін. Аурудан кейін екі-үш апта бойы иммунитет әлсірейді, сондықтан ағза басқа инфекцияларға осал болады.

Қызылша ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың қатарында осы аурудан болатын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі саналатын пневмония, ми қабынуы — энцефалит, есту қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін отит, сондай-ақ ларингит, трахеит және бронхит сияқты тыныс жолдарының аурулары бар.

Қызылша вирустық инфекция болғандықтан, оған қарсы арнайы дәрі жоқ. Емдеу негізінен ауру белгілерін жеңілдетуге және асқынулардың алдын алуға бағытталады. Дәрігерлер баланың төсекте тынығуын қамтамасыз етуге, бөлмені жиі желдетуге, ауаны ылғалдандыруға және суды көп ішкізуге кеңес береді. Жарыққа сезімталдық болған жағдайда бөлмеде жарықты бәсеңдеткен жөн. Дәрігердің нұсқауымен қызу түсіретін дәрілер, антигистаминдік препараттар және А дәрумені қолданылуы мүмкін. Антибиотиктер қызылша вирусына әсер етпейді және тек бактериялық асқынулар пайда болған жағдайда ғана тағайындалады.

Егер бала қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, оны балабақшаға, мектепке және қоғамдық орындарға апармау қажет. Дәрігерді үйге шақырып, баланың дене қызуын және жалпы жағдайын бақылап, инфекцияның таралуын болдырмау үшін оны басқа балалардан уақытша оқшаулау маңызды.

Қызылшаның алдын алудың ең сенімді жолы – вакцинация. Екпе қызылша, паротит және қызамықтан қорғайтын біріктірілген ҚҚП вакцинасының құрамына кіреді. Вакцина балаларға 1 жаста және 6 жаста салынады. Екі доза вакцина 97 пайызға дейін қорғаныс қалыптастырып, тұрақты иммунитет береді. Екпеден кейін кей жағдайда дене қызуының аздап көтерілуі немесе қысқа мерзімді бөртпе сынды ағзаның жеңіл реакциялары байқалуы мүмкін.

Маманның айтуынша, кейбір ата-аналар діни көзқарастарға байланысты немесе әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың әсерінен вакцинадан бас тартады. Сондай-ақ, екпе аутизмге әкеледі деген жаңсақ пікір де бар. Алайда аутизм белгілері әрдайым бірден байқалмайды, сондықтан диагноз кейін қойылған кезде кейбір ата-аналар оны бұрын жасалған вакцинамен байланыстырып, қателеседі.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданған. Құжатқа сәйкес қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинация 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға, екпе алмаған 2-5 және 7-18 жастағы балаларға, сондай-ақ екпе алмаған 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жүргізіледі.

Министрлік: Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр

Вакцинация егілетін адамның немесе оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімі алынғаннан кейін ғана салынады.

Маман қызылша тек балалар арасында кездесетін жеңіл ауру емес, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін қауіпті вирустық инфекция екенін еске салады. Сондықтан балалардың денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы – уақытылы вакцинация.

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

Соңғы жаңалықтар

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Медицина • Бүгін, 18:24

12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?

Қоғам • Бүгін, 18:03

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Референдум • Бүгін, 17:55

Солтүстік Қазақстандағы орман шаруашылықтарына 51 жаңа техника берілді

Аймақтар • Бүгін, 17:52

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды референдумға белсене қатысуға шақырды

Референдум • Бүгін, 17:37

Астанадағы Орталық саябақ заманауи талапқа сай жаңғыртылады

Қоғам • Бүгін, 17:22

Референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушылардың ақпараттық штабы жұмыс істейді

Референдум • Бүгін, 17:11

Таразда жас балуандар арасындағы ел чемпионаты басталды

Спорт • Бүгін, 17:06

LRT-да жол ақысы 200 теңге болуы мүмкін

Елорда • Бүгін, 16:57

Өткен жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 306 миллиард доллар болды

Экономика • Бүгін, 16:51

Адал азамат – қауіпсіз қоғам кепілі

Қоғам • Бүгін, 16:33

Париждегі саммит: Әлем елдерінің атом саласындағы ынтымақтастығы нығая береді

Энергетика • Бүгін, 16:24

Астанадағы қылмыс: Сәнияның туыстары тергеудің әділдігіне сенбейді

Қоғам • Бүгін, 16:11

Президент: 2025 жылы 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті

Президент • Бүгін, 16:06

Шавкат Исмаилов: Күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан ел экономикасы нығайып келеді

Қоғам • Бүгін, 16:03

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 18:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see145

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see144

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see142

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see141

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see140

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see139

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see139

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see139

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see137

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see135

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see134

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see132

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see127

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see123

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see119

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see119

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары