Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандағы қатты аптап ыстық автокөлікті қалай қорғау керек

Қазақстандағы қатты аптап ыстық автокөлікті қалай қорғау керек

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Аптапта көліктің өртену қаупі артады, сондықтан жүргізушілер машинаның техникалық жағдайына ерекше көңіл бөлгені жөн. Қазақстанда жыл сайын көлік құралдарына қатысты 2 мыңға жуық өрт оқиғасы тіркеледі. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қаупін қалай азайту керек екенін және көлік өртенген жағдайда не істеу қажет екенін түсіндірді. Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

Ведомство мәліметінше, көлік өрттері елдегі жалпы өрт санының 15–20 пайызын құрайды және бірнеше жылдан бері тұрғын үй секторындағы өрттерден кейін екінші орында тұр. Өрт оқиғаларының басым бөлігі жеңіл автокөліктерде болады.

Аптапта көлікті қалай қорғау керек?

Қатты ыстық кезінде мамандар қызып кету мен басқа да ақаулардың алдын алу үшін көлікке баса назар аударуды ұсынады. Мүмкіндігінше машинаны көлеңкеге қойыңыз немесе алдыңғы терезеге күннен қорғайтын жабын қолданыңыз.

Бұған дейін автосарапшы Алексей Алексеев айтқандай, қозғалтқыштың қызып кетуі - ыстық ауа райында ең жиі кездесетін мәселелердің бірі. Бұл тіпті техникалық жағынан сау көліктерде де, мысалы, радиатордың ластануынан немесе салқындату жүйесінің ақауынан болуы мүмкін. Сарапшы қозғалтқыш температурасын қадағалап, датчиктер мен құралдардың жұмысын тексеріп тұруға кеңес береді, өйткені олар қызып кету туралы алдын ала ескертеді. Сондықтан көлік иелеріне техникалық қызмет көрсетуді дер кезінде өткізу ұсынылады.

Сондай-ақ, мамандар қозғалтқышқа артық күш түсірмеуге, мүмкіндігінше ыстық шыңына жететін сағаттарда ұзақ жолға шықпауға, шиналардағы қысымды тұрақты бақылауға және көлікте әрдайым мерзімі өтпеген, жарамды өрт сөндіргіш алып жүруге кеңес береді.

Көліктер не себепті өртенеді?

Төтенше жағдайлар министрлігі көліктердің өртенуіне себеп болатын ең жиі кездесетін факторларды атады.

Олардың қатарында - электр жабдықтарының ақауы, қысқа тұйықталу, жанар-жағармай материалдарының ағуы, отын жүйесіндегі ақаулар, қолдан жасалған газ жабдықтарын орнату, қозғалтқышты ашық отпен жылыту, әдейі өртеу және техникалық қызметтің уақтылы көрсетілмеуі бар.

Көліктің өртену қаупін қалай азайтуға болады?

Құтқарушылар көлік иелерін машина қауіпсіздігіне алдын ала қам жасауға шақырды.

ТЖМ газ баллон жабдығы (ГБЖ) бар көлік иелеріне диагностикадан уақтылы өтуді, жабдықты тек мамандандырылған сервистерде орнатуды және жүйенің герметикасын жүйелі түрде тексеріп отыру қажет екенін ескертті.

Сонымен қатар, ведомство көлікте әрдайым жарамды өрт сөндіргіш алып жүруді, техникалық байқаудан уақтылы өтуді және электр сымдарының күйін қадағалауды ұсынады.

Ыстықта көлікте қандай заттарды қалдыруға болмайды?

Бұған дейін Tengri Auto жаз кезінде автокөлік салоны 60-70 градусқа дейін, ал аспаптар панелі, рөл немесе торпедо сияқты жекелеген беткейлер одан да қатты қызуы мүмкін екенін жазған болатын.

Жоғары температураға байланысты көлік ішінде мына заттарды қалдыру қауіпті:

аэрозольді құтылар, газ оттықтары, пауэрбанктер және қосалқы литий аккумуляторлары, смартфондар, ноутбуктер, батареялар, дәрі-дәрмектер, парфюмерия, косметика және газдалған сусындар.

Жоғары температураның әсерінен мұндай заттар қасиетін жоғалтуы немесе істен шығуы мүмкін. Сонымен қатар, литий аккумуляторлары мен пауэрбанктердің қызып кетуі кейбір жағдайларда өртке әкеп соғуы ықтимал.

Машина өртенсе не істеу керек?

Төтенше жағдайлар министрлігі көлік өртенген жағдайда үрейге бой алдырмауға шақырады.

Егер газ иісі, түтін немесе өрттің алғашқы белгілері байқалса, құтқарушылар автокөлікті дереу қауіпсіз жерге тоқтатып, жолаушыларды сыртқа шығаруды, көліктен алыстап, шұғыл қызметтерді шақыруды ұсынады.

"Оқиға туралы дереу 101 немесе 112 нөмірлері бойынша өртке қарсы қызметке хабарлаңыз. Өрт сөндіргішті қолданыңыз, салоннан шығып, басқа жолаушыларға көмектесіңіз. Осыдан кейін жанып жатқан көлік құралынан қауіпсіз қашықтыққа алыстаңыз", – деп ескертті ТЖМ.

Жақын күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер жақын күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты.

Астанадағы ауа райы болжамы

17 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундтына 3-8, күндіз - 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +32...+34 градус жылы болады. 18 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +33...+35 градус ыстық болады. 19 шілдеде күн райы құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундтына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +34...+36 градус аптап ыстық болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

17 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады. 18 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады. 19 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады.

Шымкенттегі ауа райы болжамы

17 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз +45...+47 градус өте қатты ыстық болады. 18 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 8-13, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +25...+27 градус, күндіз +46...+48 градус өте қатты ыстық болады. 19 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +25...+27 градус, күндіз +46...+48 градус өте қатты ыстық болады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Ыстықта көлікте қалдыруға болмайтын қауіпті заттар тізімі

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 12:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары