Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Баланы жылатқанның бағы жана ма?

Баланы жылатқанның бағы жана ма?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бауыр еті баласының көз жасынан қорықпайтындар әлі де бар. Тіпті жетімді жылатып, мемлекет тарапынан берілуге тиіс қолдауды қиғысы келмейтіндердің кездесетіні алаңдатады.

Сурет: cristyli.com

Мұнайлы өңірде отбасының шырқын бұзып, әлсіздерге тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсететін әпербақандар азаймай отыр. Жыл басынан бері жұдырығын ала жүгіретіндердің салдарынан дағдарыс орталығын 5 әйел мен 11 бала паналауға мәжбүр болды. Ал озбырларға қатысты 2 700-ден аса қорғау нұсқауы беріліпті.

Облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы Әйгерім Мұратованың мәлімдеуінше, жыл басынан бері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 73-бабымен 3 232 әкімшілік құқық бұзу­шы­лық тіркеліп отыр. Отбасы мүшелеріне зорлық-зомбылық көрсететін 700 адамға ерекше талаптар белгіленді.

«Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы» және Қылмыс­тық кодекске енгізілген өзгеріс­тер­ге сәйкес жәбірленуші арыз жазбаса да, полиция құқық бұзу­­шыға қатысты әкімшілік іс қозғай алады. Бұл – зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға зор мүмкіндік бере­тін құқықтық қадам. Көп жағ­­дайда құқық бұзушылық экономикалық сипатта болады. Мысалы, ер адамдар табысын отбасына бермей, ойын автоматтарына немесе ішімдікке жұмсайды. Пси­хологиялық қысым да кең та­ралып отыр. Мұндайда әйелге қол көтерілмегенімен, жүйе­лі түрде тіл тигізу, кемсіту секіл­ді әрекеттер жиі кезде­се­ді. Тұрмыстық зорлық-зом­былыққа әкелетін негізгі себеп­тердің бірі – алкогольге, құмар ойынға және есірт­кіге тәуелділік», деді Ә.Мұра­това.

Ал облыстық прокура­ту­раның мәліметіне сүйенсек, Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөнін­дегі міндетін орындамаған 9 ата-ана анықталды. Алимент үшін төленбеген қа­рыздың жалпы сомасы 46 млн теңгеден асады. Барлық дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.

«Кәмелетке толмағандардың құқын қорғау прокурор­лардың басты назарына алынды. Екі борышкер 12,9 млн теңге көлемінде алимент төле­мегені үшін сотталды. Оларға 1 жыл мерзімге бас бостан­дығын шектеу түріндегі жаза та­ғайындалды. Басқа ата-ана­лар­ға қатысты тергеу әрекеті жүр­гізіліп жатыр. Прокуратура ата-аналық міндетін орындамау тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапқа әкеп соқтыратынын ескер­теді», деп хабарлады облыс­тық прокуратурадан.

Атырау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған 200-ден аса баланың құқын қорғады. Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның 24 қызметкерін тәртіптік жауапқа тартты.

«Мәселен, полиция қыз­мет­­кер­­лері кәмелет жасына толма­ған­дарға қатысты қор­ғаушының қаты­­суынсыз әкім­шілік хат­­­тамалар жасақтаған. Про­­­­куратураның наразылығы негізінде 197 хат­таманың күші жойылды. Ал мүгедектігіне байланысты үйден оқитын балаларға жәрдемақы төленбей келген. Заңмен белгі­ленген нормаларға сәйкес жетім балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтер кезегіне қоймағаны туралы деректер анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 3 жетім бала тұрғын үй алуға кезекке тұрғызылды. Үйден білім алатын 7 мүгедек балаға жәрдемақы төленді», деп мәлім­де­ді облыстық прокуратурадан.

Бұған қоса прокурорлар теріс мазмұнды және өз-өзіне қол жұмсау, есірткі құралдарын насихаттайтын 85-тен жоғары зиян­ды интернет-сайттарды, чаттарды және әлеуметтік желідегі парақшаларды бұғат­тады.

Желіккен жүргізушілер кәмелетке толмағандарды арнайы жолақтан өткізбей, көлі­гімен қағатындар жиі кез­де­седі. Атырау қалалық полиция бас­қар­масының аға инс­пекторы Асхат Шодымовтың айтуын­­ша, жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың жол-көлік оқиғасынан зардап шегуі алаң­датарлық жағдайға айналып отыр.

«Мәселен, 1 шілде күні сағат 18.30 шамасында «Kia Sorento» автокөлігін айдап келе жатқан 47 жастағы жүр­гізуші 2023 жылғы баланы қағып кетті. Ауыр жарақат алған балақай облыстық балалар ауруханасының жан­сақтау бөліміне жатқызылды. Осы тектес оқиға 3 шілде күні сағат 18.50 шамасында тіркелді. «Lada Granta» автокөлігінің жүргізушісі 2020 жылғы баланы қағып, денсаулығына зақым келтірді. Бала аурухананың жансақтау бөліміне түсті», дейді А.Шодымов.

Мұндай оқыс деректің тірке­луіне ата-ананың да кінәсі бары анық. Өйткені ата-аналар балаларын қараусыз жібереді. Бақылаусыз жүрген балалар соңы өкінішке ұрындыратын оқиғаға тап болады. Облыс­тық төтенше жағдайлар депар­таментінің бас маманы Думан Үмбеттің мәлім етуінше, 3–9 жастағы бала­лар­ға тере­зеден құлау қаупі жиі төнеді.

«Биыл жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің тере­зе­сінен құлады. Ата-аналары зардап шеккен 3–9 жастағы балаларды пәтерінде қараусыз қалдырып кеткен. Пәтердегі терезеге таяу тұсқа жиһаз қойылған. Ал тере­зені москитті торға сеніп, ашық қалдырғаны анықталды. Бұл – ата-аналар тарапынан болған сал­ғырттықтың салдары», дейді Д.Үмбет.

Кәмелетке толмағандардың көзіне жас үйірген деректің бір парасы осындай. Тегінде жүрегіне мейірім ұялаған жандар баланы жылатқанның бағы жанбайтынын түсінетін шығар. Ал жүрегі еттен емес, құдды темірден жа­ралғандай қатыгездік танытатындар баланы жылатуды доғара қояр ма екен?

Атырау облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары