Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктінің бес баласы балалар үйіне жіберілді

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

Теміржолда төрт жұмысшы қаза тапқаннан кейін күдіктілер ұсталды

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

Парламент реформасы мен бизнес құқықтарын қорғау Конституцияда бекітіледі Азат Перуашев

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

JOLTAP жобасы: Көпбалалы ана Kaspi дүкен арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты үш негізгі ереже көзделген Үнзила Шапақ

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

Пәкістанда Президент Қасым Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

Роза Әлқожа, әнші: Бағы асқанның досы көп

Роза Әлқожа, әнші: Бағы асқанның досы көп

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жақында ақын, сазгер, композитор, әнші елордамызда ерекше форматта шығармашылық кешін өткізді. Жиылған тыңдарман әр әнін қосылып шырқады, енді бірінде көзіне жас алып, өлеңмен сағынышын басқандай тебіренді. Кештің иесі тура он бес өлең оқып, он бес ән орындады. Кеш соңында әншіні әңгімеге тартып, сұхбаттастық.

– Роза ханым, бұған дейін сіздің шығарма­шы­лық кешіңіз үлкен сахналарда өтетін. Ал бұл жолғы концерт шағын әрі жылы форматта ұйымдас­ты­рылды. Не үшін мұндай форматты таңдадыңыз?

– Жақында Жазушылар одағына мүшелікке құжат тапсырдым. Негізі журналистика факуль­тетін бітіргенмін. Бірінші – кәсіби журналиспін. Екінші – үш кітабы шыққан ақынмын. Сон­дықтан бұрын өзім үшін жазған өлеңдерімді енді жеке шығармашылық кеште елдің де керегіне жарайтын шығар, оқырманға ұнайтын шығар деген оймен  оқиын деп шештім. Жалғыз өлең­мен емес, лирикалық әндерді орындап, әсерлі кеш беріп көрсем деп ойладым. Мұндай формат­та бұрын Мирас Асан екеуміз ән айтып жүрдік. Кейін Мирастың өзі «Әдемі акустикалық кеш бер­сеңізші» деп қолқа сала бастады. Сол арман­ым бүгін орындалып жатыр. Поэзия мен әннің кеші болғандықтан шағын форматта өткені жөн деп ойладық. Себебі мұндай ортада тыңдарман­мен жақын отырып, олардың көзіндегі жылы­лықты, жүректегі толқынысты сезіне аласың.

Үш ақынға қарыздармын

– Шығармашылығыңыз туралы сөз етсек. Қазір жас пен үлкеннің тыңдайтын әндерінде айырма­шылық көзге көрініп тұрады. Сіздің қор­жының­ыздағы әндерді көбіне тыңдайтын ауди­тория кім­дер? Тыңдарман талғамы туралы не айтасыз? 

– Сахнада ән салып келе жатқаныма 25 жыл болыпты. Соңғы 15 жылдан бері гастрольмен жүріп, жылына шамамен 50-60 шақты жеке шығармашылық кеш беремін. Сонда байқаға­ным, кешке келетін қонақтардың ішінде көбіне үлкен кісілер екен. Әндерімнің лирикалық ба­ғыт­та болуы оларға ұнайтын шығар деп ойлай­мын. Жақында өткен «Жүрегім менің» атты кештің афишасында мелика мен лирикалық ба­ғыт екені көрсетілді. Мелика гректердегі ырғақ­ты поэзия, ал лирика – біздің бағытымыз. Сон­дықтан сол шығармашылық кеш – тура осындай адамның ішкі сезімдерін жария ететін, ешкімге айтылмайтын күйді көрсететін өте нәзік, мұңға, сырға толы кеш. Тыңдармандарым әнімді өте жақсы біледі, тіпті өздері де қосылып айтып отырады. Өздерінің жақсы көретін әндерін, мысалы «Мен сыйға тартқан орамал», «Мен сені сүйем, өмір», «Жүрек назы» сияқты ән­дерімді күтіп отырады. Мұндай әндердің де ғұмыры тыңдарман ықыласымен бірге ұзарып келе жатыр. 

– «Қинайды Фаризаның аманаты» деген өлең жолдарының мазмұнына үңілсек...        

– Өзімді үш ақынға қарыздар санаймын. Оны сахнада да айтып жүрмін. Біреуі – Мұхтар Шаханов. Оның өлеңдерінен өрелікті, махаб­батқа, достыққа адалдықты үйрендік. Бірде «Аға, сіз бізді өлеңдеріңізбен тәрбиелеп едіңіз. Махаб­бат та, достық та сіз айтқандай емес екен ғой» деп едім өзіне. Жүзіме қарап күлімдеп қойды. Екінші – Фариза Оңғарсынова. Қазақ қыз­дарының болмысын, қайсарлығын, ибалығын Фариза апамыздың өлеңдерінен бойымызға сіңірдік. Үшіншісі – Төлеген Айбергенов. Ол менің – сүйікті ақыным. Біз соларды оқып өстік. 

Фариза апамызды ақын ретінде ғана емес, адам ретінде адамгершілік қасиетін жоғары бағалаймын. Өзінің айналасындағы талант­тардың барлығына тым құрығанда жылы қаба­ғын көрсеткен, қамқор болған тұлға еді. Бірде Қалқаман Сарин хабар­ла­сып; «Сені Фариза апаң іздеп жатыр. Өзіңмен сөйлескісі келеді» дегенде, төбем көкке бір елі жетпеді. Ақын апамның бір-ақ ауыз сөзі әлі күнге дейін маған қуат беріп, сенім сыйлайды. «Тақтайды тақтайға соққан композиторсымақтардың ішінде «Мен сыйға тартқан орамал» деген әні бар қызды сырттай жақсы көретін едім. Өзің жақсы ақын да екенсің» деді. Апамның осы сөзінен кейін өлең жаздым. «Елордаға барып концерт бер» дегенінен кейін Астанаға жиі келе бастадым. Жалпы, адамның өмірінде бағыт беретін, дұрыс жол сілтейтін адамның болғаны үлкен бақыт екен.

– Өлеңді қай кезде жазасыз? Әр өлеңнің, әннің туған тарихы бар шығар?

– Шынымды айтсам, қай жерде қандай ән туғаны естен де шығып қалады екен. Өткенде қасымда көмек беріп жүретін сіңлім Әсел Айымбет «Қасыңызда жүріп, біраз әннің куәгері болыппын» дегеннен кейін ғана кей әндерім есіме түсіп жатыр. Негізі, көбіне табиғат аясында жазамын. Өзім қалаға сыймай, тауға не басқа қалаға кетіп қалатын, қысқасы жол жүргенді жақсы көретін адаммын. Өйткені қазан-ошақ­тың алдында үйге қамалып отыра берсең одан ештеңе тумайды. Адам табиғаттың бір бөлшегі ғой. Өлең тууы үшін ерекше әсер, әдемі сәт болуы керек. Өлең содан туады деп ойлаймын. 

Журналистикаға ренішім жоқ

– «Кез келген сәтсіздіктен сақтап қалған ақ парақ» дейсіз. Неге?

– «Бағы асқанның досы көп, бағы аспаған­ның досы жоқ» деп айтамын. Бағы асқан адам­мен бәрі дос болғысы келеді. Бағы аспаған адам­мен көп адам дос болмайды. Өйткені Мұх­тар Шахановтың «Дара талғам қасіреті» деген өлеңі бар. Біздің, өнер­дегі, өлеңдегі жандардың жалғыздығы өзіне ғана белгілі. «Қиядағы қыранның жалғыздығы, бәй­гедегі тұлпардың жалғыздығы» – олар сонымен ерекшеленеді. Өйткені кейде қасыңдағы сенген адамың ойла­маған жерде сатып кетуі, уәдесінен тайып кетуі мүмкін. Ондай дүниелер көңіліңе қаяу салады, аңқылдаған тап-таза көңіліңді бір сәтте өзгертеді. Мен бұрын бәріне сенгіш, бәріне жүрегімді ала жүгіретін қыз болсам, қазір байыпты, байсалды әжеге айналдым. Бақыттың, тәжірибенің, сол қиындықтардың өзі мені осы деңгейге алып келді. Осынша уақыттың арасында мен тек қа­лам мен ақ параққа ғана сүйендім. Сол кездерде мені құтқарған өлең деп айтқаным сол еді.

– Роза Әлқожа десе, көпшілік ең алдымен сахнада сырлы да сазды әнімен жүректерді тер­беген өнер иесін елестетеді. Алайда сіздің жолы­ңыз журналистика саласынан басталғаны белгілі. Айтыңызшы, ақпарат әлемінен өнер сахнасына түбегейлі бет бұруыңызға не себеп болды?

– Оның себебі – «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді». Мен не журналист, не әнші болуым керек еді. Мен өнер әлемін таңдадым. Журналис­тикада алған білімім бойымда тұр, оны қай кезде істесем де, таңдау еркі өзімде. Сондықтан ән әлемі мен үшін құпия, сырға толы әлем еді, осы әлемнің тұңғиығына үңілгім келді. Бірақ журна­листикаға да ренішім жоқ. «Ақ жол – Қазақстан» газетінде 2 жылдай жұмыс істедім. Қазақ радио­сында «Аққулы айдын», «Ән домбыра»  деген хабарым болды. Телеарнада Жанарбек Әшімжан екеуміз «Жастар жырлайды» атты айтыстың жобасын жүргіздік. Баспасөздің де, радио мен телеарнаның да, әрқайсысының адамды тарта­тын, жібермейтін ләззаты бар. Соны қия тұрып мен әнге келдім, әлі де журналистиканы жақсы көремін, жұмыс істегім келеді. Бірақ бәрін қатар алып жүру мүмкін емес.

– Әндеріңіздің сөзін де, сазын да өзіңіз жаза­сыз. Әуен мен сөздің арасындағы үйлесімді қа­лай табасыз? Ақын мен әншінің арасында қандай байланыс болуы керек?

– Бұрын ақындарға сөз жаздырып, оған әуенді өзім жаза жүрдім. Жаңа да айттым ғой, Фариза апамыздың сөзінен кейін біржола өлең жазуға кірістім. Сол кезде әндерімнің де сөзін жаза бастадым. Өйткені өлең біздікі емес екен. Өлең – тәңірдікі екен. Сен жазасың ба, жазбай­сың ба, сені ақын, сазгер, әнші қылып таңдайтын да тәңір екен. Кейде біз «Әкем өлең жазды, анам ақын. Белгілі ақын ұстазым болды» деп айтамыз ғой. Негізі олар тек бағыт-бағдар беруші, жол көрсетуші. Шын мәнінде, өзім де соны түсіндім. Ақын мен әншінің арасында үнсіз үйлесім, берік байланыс болады. Кез келген әнші ақынға құрмет көрсете алса, соның өзі жеткілікті.

– Үлкен сахнада ән салып жатқанда тыңдау­шыларыңызға ішкі сырыңызды қаншалықты ашасыз? Халық алдында эмоция, көңіл күйіңізді көрсетіп қалатын кез бола ма?

– Жаның салтанат құратын жер болады. Ол қандай жер? Ол – сөз ұғатын жер, ол – дәстүрді білетін, дінді білетін, кісінің қадірін білетін жерде адам өзі толық ашылады. Иә, кейде эмоцияға ерік беретін кездер болады. Бұған дейін үлкен сахнада, мыңдаған адамның алдын­да концерт беріп жүрсем де, бүгінгі  шағын шы­ғармашылық кешімде ерекше толқыдым. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:69
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 06:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

03 Ақпан 2026 22:53see114

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктінің бес баласы балалар үйіне жіберілді

03 Ақпан 2026 16:35see114

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

03 Ақпан 2026 17:28see113

Теміржолда төрт жұмысшы қаза тапқаннан кейін күдіктілер ұсталды

03 Ақпан 2026 13:40see113

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

04 Ақпан 2026 08:23see112

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

04 Ақпан 2026 08:50see112

Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты

03 Ақпан 2026 12:42see111

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

04 Ақпан 2026 00:06see111

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

04 Ақпан 2026 12:08see110

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

04 Ақпан 2026 14:32see110

Парламент реформасы мен бизнес құқықтарын қорғау Конституцияда бекітіледі Азат Перуашев

03 Ақпан 2026 13:43see110

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

04 Ақпан 2026 15:30see109

JOLTAP жобасы: Көпбалалы ана Kaspi дүкен арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

03 Ақпан 2026 14:04see109

Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты үш негізгі ереже көзделген Үнзила Шапақ

03 Ақпан 2026 17:19see109

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

03 Ақпан 2026 19:56see109

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

04 Ақпан 2026 23:15see105

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

04 Ақпан 2026 15:03see104

Пәкістанда Президент Қасым Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

04 Ақпан 2026 13:45see104

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

04 Ақпан 2026 23:15see104

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

04 Ақпан 2026 20:48see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары