Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Үш ақынға қарызбын Роза Әлқожа

Үш ақынға қарызбын Роза Әлқожа

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Нәзік даусымен қаншама тыңдарманның жүрегіне жол тапқан әнші қыздарымыз көп. Сыңғырлаған даусымен ұлттың рухын көтерген Роза Бағланованың, әлемді тамсандырған сахна саңлағы Роза Рымбаеваның дауысына бүкіл ел таңдай қақты. Сол Розалардың бүгінгі жалғасы – Роза Әлқожа. Жақында ақын, сазгер, композитор, әнші елордамызда ерекше форматта шығармашылық кешін өткізді. Жиылған тыңдарман әр әнін қосылып шырқады, енді бірінде көзіне жас алып, өлеңмен сағынышын басқандай тебіренді. Кештің иесі тура он бес өлең оқып, он бес ән орындады. Кеш соңында әншіні әңгімеге тартып, сұхбаттастық.

AIQYN: Қазір жас пен үлкеннің тыңдайтын әндерінде айырма­шылық көзге көрініп тұрады. Сіздің қор­жының­ыздағы әндерді көбіне тыңдайтын ауди­тория кім­дер? Тыңдарман талғамы туралы не айтасыз? 

– Сахнада ән салып келе жатқаныма 25 жыл болыпты. Соңғы 15 жылдан бері гастрольмен жүріп, жылына шамамен 50-60 шақты жеке шығармашылық кеш беремін. Сонда байқаға­ным, кешке келетін қонақтардың ішінде көбіне үлкен кісілер екен. Әндерімнің лирикалық ба­ғыт­та болуы оларға ұнайтын шығар деп ойлай­мын. Жақында өткен «Жүрегім менің» атты кештің афишасында мелика мен лирикалық ба­ғыт екені көрсетілді. Мелика гректердегі ырғақ­ты поэзия, ал лирика – біздің бағытымыз. Сон­дықтан сол шығармашылық кеш – тура осындай адамның ішкі сезімдерін жария ететін, ешкімге айтылмайтын күйді көрсететін өте нәзік, мұңға, сырға толы кеш. Тыңдармандарым әнімді өте жақсы біледі, тіпті өздері де қосылып айтып отырады. Өздерінің жақсы көретін әндерін, мысалы «Мен сыйға тартқан орамал», «Мен сені сүйем, өмір», «Жүрек назы» сияқты ән­дерімді күтіп отырады. Мұндай әндердің де ғұмыры тыңдарман ықыласымен бірге ұзарып келе жатыр. 

AIQYN: «Қинайды Фаризаның аманаты» деген өлең жолдарының мазмұнына үңілсек...        

– Өзімді үш ақынға қарыздар санаймын. Оны сахнада да айтып жүрмін. Біреуі – Мұхтар Шаханов. Оның өлеңдерінен өрелікті, махаб­батқа, достыққа адалдықты үйрендік. Бірде «Аға, сіз бізді өлеңдеріңізбен тәрбиелеп едіңіз. Махаб­бат та, достық та сіз айтқандай емес екен ғой» деп едім өзіне. Жүзіме қарап күлімдеп қойды. Екінші – Фариза Оңғарсынова. Қазақ қыз­дарының болмысын, қайсарлығын, ибалығын Фариза апамыздың өлеңдерінен бойымызға сіңірдік. Үшіншісі – Төлеген Айбергенов. Ол менің – сүйікті ақыным. Біз соларды оқып өстік. 

Сұхбаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 18:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары