Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Банк қаржысын нақты секторға бағыттау мүмкіндігі

Банк қаржысын нақты секторға бағыттау мүмкіндігі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Дамыған елдердің тәжір­ибесіне сүйенсек, жаңа инвестициялық кезеңге өту үшін банктердің қаржысын экономикаға көбірек тарту керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осы мәселе бұрыннан көтеріліп келе жатқанын, нақты шешім қабылдайтын уақыт жеткенін айтты.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

«Еліміздің банктерінің активтері мен капиталы дамыған елдермен са­лыстырғанда бірнеше есе табысты. Қаржы ұйым­дарына экономиканы несиелеуден гөрі, тәуекелі аз бағыттарға қаражат салу тиімді болып тұр. Бұл туралы депутаттар да, сарапшылар да талай рет айтты. Сондықтан бос қаражатты экономикалық айналымға жіберудің нақты тетікте­рін әзірлеу қажет», деген еді Президент.

Шынында да мұндай үдерістің өнімділігі ғылыми тұрғыда да, нақты тәжірбиеде де дәлелденіп келеді. Экономикалық зерттеулердің ішінде банк қаржыландыруының маңызын өте нақты талдаған еңбектер көп. Соның бірі – Роберт Левиннің «Finance and Growth: Theory and Evidence» атты жұмысы.

«Экономика өссін десек, банк жүйесі белсенді жұмыс істеуі керек. Банктер тек ақша сақтайтын жер емес, экономикалық дамуды алға сүйрейтін мотор. Қаржы жүйесі дамыған, банктер бизнеске ұтымды әрі ұзақмерзімге несие беретін елдерде жаңа зауыттар ашылады, технология жаңарады, кәсіпорындар кеңейеді, нәтижесінде елдің табысы да, халықтың тұрмысы да жақсарады. Капитал дұрыс алмаспаса, экономика өспейді. Ал капиталдың негізгі арнасы – банк жүйесі. Қаржы саласы неғұрлым сенімді, ашық және бәсекелі болса, кәсіпкерлер соғұрлым батыл инвестиция жасайды. Банктер тәуекелі жоғары жобаларға да қарауға дайын болады. Сол арқылы ел жаңа инвестициялық кезеңге өтеді. Ақша қаржы секторында «жатпай», нақты экономикаға жұмыс істеуі керек. Сонда жаңа өндірістер пайда болады, инновациялар жүреді, экономика қуат алады», дейді ғалым.

Ал экономист Жарас Ахметовтің айтуын­ша, еліміз табыс деңгейі жоғары орта елдер қатарына кіреді. Бірақ жеке секторды несиелеу деңгейі әлдеқайда төмен. Көп елде банктер экономиканың негізгі тіректерінің бірі болып отыр. Бізде бұл көрсеткіш өте баяу.

«Халықаралық мәліметке қарағанда, Қазақстан жеке сектор несиелеуі бойынша әлемде жүзден аса елден кейін тұр. Осыған дейін де қаншама рет айтқанбыз, біздің көрсеткіш Африка елдеріне жа­қын. Ал Қытай, Малайзия, Таиланд се­кіл­ді елдерде несие көлемі ішкі жалпы өнім­нің жүзден астам пайызын құрай­ды. Бұл елдер экономикасын банк қаржы­­сы арқылы дамытып отыр. Мұның негіз­гі себебі – қорқынышта. Банктер үшін құқықтың үстемдігі маңызды. Егер заң бәріне бірдей қолданылмаса, сот жүйесі тұрақсыз болса, банктер тәуекелге бармайды. Олар ақшаны қайтарып ала алмай қалудан қорқады. Сондықтан несие берудің орнына өздеріне ыңғайлы бағытты таңдайды. Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдары заң үстемдігі бойынша жаһандық орташа деңгейге жақын болды. Кейін саяси билік бір орталыққа топтас­ты. Бұл құқық жүйесіне әсер етті. Кейінгі жылдары ілгерілеу бар. Бірақ сенім толық қалпына келген жоқ», дейді Ж.Ахметов.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлей­менов бұл түйіткілді шешудің екі жолы бар дейді. Банктердің амалсыз түрде бизнеске несие беруге бет бұратын кезеңі жақын.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

«Біз банктерге әсер етудің екі жолын қолдана аламыз. Бірі – ынталандыру. Екіншісі – керісінше белгілі бағыттардан бас тартуға мәжбүр ететін механизмдер. Қазір біз альтернативті құралдар негізінде талаптарды күшейтіп жатырмыз. Ұлттық банкноттар бойынша салық болады. Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша да салық болады. Біздің депозиттік аукциондардан да табысқа салық салынған. Бұл салалар банктер үшін бұрынғыдай тартымды болмайды. Мен банктердің белсендірек болатынына сенемін. Олар корпоративтік секторға жаңаша қарайды деп ойлаймын. Біз бұйрық бере алмаймыз. Бірақ қабылданып жатқан шаралар банктердің иелері мен менеджерлерін осы бағытқа итермелейді», деді ол.

Әсіресе аграрлық секторды қар­жыландыру мәселесі күйіп тұр. Ауыл шаруашылығына несие беру көлемі бар. Бірақ банктер бұл саланы аса тартымды деп санамайды. Бұл туралы бас банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс депутаттарының сұрауына берген жауа­бында айтқан еді. Оның сөзінше, 2025 жылдың 1 тамызына қарай аграрлық секторға берілген жалпы несие портфелі 1,2 трлн теңге болған. Соның ішінде Аграрлық несие корпорациясының үлесі 569 млрд теңге. Банктер берген несие көлемі 501 млрд теңгеге жеткен.

Ал Қазақстан қаржыгерлері қауым­дастығы «қазіргі модель банктер үшін тиімсіз. Себебі салада жүйелі қиындықтар көп» деген пікірден танбай отыр.

«Өндіріс құралдарын сатып алуға кететін шығын өте жоғары. Екіншіден, ауыл шаруашылығында техника ескірген. Жобалар ұзақ уақыттан кейін ғана пайда бере бастайды. Сонымен қатар фермерлердің қарыз жүктемесі де аз емес. Льготалық қаржыға тәуелділік бар. Көбінесе ашықтық төмен. Нарықтық тәуекел де жоғары», деп пікір білдірген қауымдастық.

Мәселенің мәнісі түсінікті болды. Енді мұның шешімі қандай? Банктерді нақты секторға қалай бұруға болады? Бұл сұрақтарды экономист Бауыржан Ысқаққа қойдық.

«Біріншіден, мемлекет тәуекелді бөлісуге тиіс. Мысалы, Даму қоры арқылы кепілдендіру сынды әрекеттер болуы керек. Кәсіпорын төлемей қалса, қарыздың бір бөлігін мемлекет өтейді. Сонда банк тәуекелден қорықпайды. Екіншіден, ұзақмерзімді арзан ақша жүйесі қажет. Яғни, Ұлттық банк немесе даму институттары өндіріс пен ауыл шаруашылығына арнайы жеңіл несие желісін ашуы керек. Үшінші шешім – қор нарығын дамыту. Зауыттар мен компаниялар облигация шығарып, зейнетақы қоры сияқты ірі инвесторлардан қаржы тартуға мүмкіндік алуы қажет. Сосын тұтынушылық несие­ге тежегіш қою да маңызды. Халыққа берілетін несие қатаяды. Есесіне бизнес­ке арналған жеңілдіктер енгізілсе, баланс сақталады. Заңды күшейту де күн тәртібінде. Кепіл мүлкін өндіріп алу үдерісі жедел болса, банк сенімді болады. Тағы бір маңызды тұс – бәсекені арттыру. Шетелдік банктерге жол ашылса, біздің банктер де жылдам қимылдай бастайды. Себебі нарықта жаңа ойыншылар пайда болады», дейді экономист.

Жалпы, экономикаға несие беру ел дамуының негізгі қозғаушысы. Осы түйіннің төңірегіндегі қазіргі ахуал қандай? Бұл сұрақтың жауабын Runking.kz-тің зерттеуінен таптық. Тамыз айының соңында ел банктерінің жалпы несие портфелі шамамен 41 трлн теңгеге жетті деп жазылған. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 14,1%-ға өсті. Мұндай өсімге бизнеске берілген қарыз көлемінің артуы да әсер етті.

«Ең ірі банктер арасында несиелік портфельді жылдам өсірген банк «ForteBank» болды. Жыл басынан бері оның несие портфелі 54,4%-ға ұлғайды. Бұл нарықтағы орташа өсім деңгейінен әлдеқайда жоғары. Банктың несие порт­фелі 2,9 трлн теңгеге жетті. Нәтижесінде, банктің нарықтағы үлесі 5,3% деңгейінен 7,2% деңгейіне өсті. «ForteBank» барлық бағытта несие беруді дамытып жатыр. Оның ішінде корпоративтік сектор ерекше орын алады. Банктің 2024 жылға арналған жылдық есебі бойынша, оның несие портфелінің 62%-ы бизнеске берілген. Оның ішінде 29,1%-ы шағын және орта бизнеске, ал 32,9%-ы басқа корпоративтік сегменттерге тиесілі. Банк металлургия, қызмет көрсету, көтерме сауда және көлік салаларындағы кәсіпорындарды белсенді қаржыландырды», деп жазылған зерттеуде.

Ал «Даму» қоры ел банктеріне жалпы 350,4 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Оның ішінде «ForteBank» 83 млрд теңге алды. Бұл барлық қаржыландырудың 24%-ы. Бұл көрсеткіш банктің шағын және орта бизнеске белсенді қолдау көрсетіп отырғанын дәлелдейді. Екінші орында «Freedom Bank» тұр. Жыл басынан бері оның несие портфелі 21,3% өсіп, 1 трлн теңгеге жетті. Банктің жалпы нарықтағы үлесі 2,4% болды. Үздік бестікке басқа ірі банктер де кірді. «Kaspi Bank» несие портфелін 19,6% өсіріп, 7,2 трлн теңгеге жеткізді. «Bank RBK» көрсеткіші 18,8% өсіп, 1,3 трлн теңгеге жетті. «Банк ЦентрКредит» несие портфелін 11,8%-ға арттырып, 4,5 трлн теңгеге жеткізді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары