Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Keden жүйесі мемлекеттік органдар мен өзге қатысушыларға қандай артықшылық береді

Keden жүйесі мемлекеттік органдар мен өзге қатысушыларға қандай артықшылық береді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Keden жүйесі электрондық декларациялауды, кедендік деректерді өңдеуді, тауарлардың шекара арқылы қозғалысын бақылауды және мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Процестерді цифрландыру және қағаз құжаттардан бас тартудың нәтижесінде ресімдеу айтарлықтай тез жүргізілуде, бұл кедендік рәсімдерден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Keden бизнестің құжаттарды электрондық форматта ұсынуға, декларациялардың мәртебесін бақылауға және бірыңғай цифрлық интерфейс арқылы кеден органдарымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдар үшін жүйе бақылаудың тиімділігін арттырады, аналитикалық мүмкіндіктерді жақсартады және сыртқы сауданы әкімшілендірудің неғұрлым ашықтығын қамтамасыз етеді.

Жүйеде қол жеткізу құқықтарының ара-жігін ажыратуды және ақпаратты қорғалған арналар арқылы беруді қоса алғанда, деректерді қорғаудың қазіргі заманғы технологиялары қолданылады.

Жүйе бірқатар мемлекеттік платформалармен интеграцияланған, бұл деректермен жедел алмасуға және ақпараттың қайталануын азайтуға мүмкіндік береді.

Процестерді цифрландыру адам факторын азайтады және рәсімдерді барлық қатысушылар үшін ашық әрі түсінікті етеді.

Алдағы уақытта жүйенің функционалын кеңейту, мемлекеттік сервистермен интеграцияны күшейту және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін жаңа цифрлық құралдарды енгізу жоспарланып отыр.

Жүйені әзірлеу 2024 жылғы сәуірден бастап кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Қазірдің өзінде "Keden" ақпараттық жүйесінде іске қосылған функционалдарда "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде болмаған бірқатар жаңашылдықтар мен басымдықтар қарастырылған:

экспресс-жүктер бойынша: бұрын кедендік декларациялау қағаз түрінде жүргізілді, қазір 100% электрондық декларациялауға қол жеткізілді; алдын ала ақпарат беру мен транзит: бұрын қайталана отырып бөлек рәсімделді, ал қазір алдын ала ақпарат беру автоматты түрде деректерді қайталап енгізбей-ақ транзиттік декларацияға айналады; кедендік баждар мен салықтарды қамтамасыз етуді алу процестері, тауарларды сақтаудың бизнес процестері цифрландырылды, осылайша тауарды сақтау құжаты уақытша сақтау қоймасында электронды қойманы жүргізуге мүмкіндік береді, бұрын қойма иелері есепті, уәкілетті лауазымды адам олар бойынша бақылауды қолмен жүргізді.

Сонымен қатар "Keden" пайдаланушының жұмысын жеңілдететін функциялар бар: толтыру кезінде кеңестер, автотолтыру, деректер форматын логикалық тексеру және тағы басқа.

Бұдан басқа тауарларды шығарылғаннан кейінгі бақылау, кедендік сараптама, тауарларды кідірту, аналитика және кеден бекеттерін бақылау сияқты бұрын автоматтандырылмаған процестерді де цифрландыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, уақыт өте келе Keden жүйесі 2017 жылы іске қосылған және кедендік декларациялауды 100 пайыз электронды форматқа көшірген АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін толық алмастыруы мүмкін.

Алайда қазіргі заман талаптарын ескере отырып, аталған жүйеде бірқатар кемшіліктер анықталған.

ескірген архитектура – бұл монолит және технология; кедендік құжаттардың форматы мен басқа да параметрлерін жедел өзгертуде икемділіктің жеткіліксіз болуы сияқты бірқатар кемшіліктері бар. Мысалы, Еуразиялық экономикалық комиссия жаңа шешімдері шығады, бұл жүйені жаңа өзгерістерге бейімдеу күрделі, бұл үшін көп уақыт талап етелді; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жүйенің өзін оңтайландыру туралы ережелер, сондай-ақ ішкі контур үшін – талдау жүргізу және деректермен жұмыс жасау қиын; кедендік процестердің бір бөлігі қағаз түрінде қалды.

Осы аталған кемшіліктердің болуын және кеден саласындағы цифрлық шешімді ескере отырып "Keden" ақпараттық жүйесінің микросервистік архитектураны қолдана отырып енгізілуде, бұл жүйенің икемділігі мен кеңейтілуін қамтамасыз етеді, өнімділігін және оның сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа сервистер мен технологияларды интеграциялауды оңайлатады.

Бұған дейін жұмыс істеп келген жүйелердегі деректерді кезең-кезеңімен көшіру жоспарланған. Алғашқы кезеңде мәліметтер АСТАНА-1 ақпараттық жүйесінен тасымалданады. Кейіннен ТАИС-2 жүйесіндегі деректерді көшіру мәселесі қаралады.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ыңғайлы болу мақсатында жүйеде декларациялар бойынша деректерді XLS форматында жаңа "Спецификация" модулі – декларацияларды дайындау және беру құралы арқылы импорттау мүмкіндігі қолжетімді болады.

Сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жаңа жүйеге бейімделуін жеңілдету мақсатында тауар декларацияларын xml форматында тапсыру мүмкіндігі сақталған. Бұл функция бұрынғы АСТАНА-1 жүйесіндегі тәртіпке ұқсас жұмыс істейді.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға декларацияны тестілеу үшін қандай жағдай жасалған?

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мәліметінше, 2025 жылғы 3 қарашадан бастап өңірлерде "Тауар декларациясы" функционалын толық ауқымды тестілеу жүргізіліп жатыр.

Тестілеу сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, декларациялаушылар мен кеден өкілдерінің қатысуымен өтуде. Оның аясында жүйедегі қателер анықталып, жойылып жатыр, сондай-ақ жүйені жетілдіруге қатысты ұсыныстар қаралуда.

Министрлік "Тауар декларациясы" функционалына қатысты маңызды ескертулер толық жойылғаннан кейін оны іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Пайдаланушылардан келіп түскен барлық өтініштер ресми қолдау арналары, соның ішінде Telegram-арна арқылы тіркеліп, жедел түрде қаралады. Әрбір өтінішке техникалық талдау жүргізіліп, қажет болған жағдайда жүйе жұмысына түзетулер енгізіледі.

Қазіргі уақытта Keden жүйесінің функционалы бойынша 500-ден астам кедендік декларациялау маманы оқытылып, тестілеуден өтті.

Сонымен қатар шамамен 800 кедендік декларация тіркеліп, пайдаланушылардан 70 ұсыныс түскен. Министрлік мәліметінше, бұл ұсыныстар қазір қаралып, жүйеге кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ қолдау қызметінің байланыс арналары мен Telegram-арна пайдаланушыларға тұрақты түрде кеңес беріп келеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Мамыр 2026 15:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары