Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Алматы облысында мейрамхана өртенді

Бизнеске қолдау, жаңа жұмыс орындары Respublica партиясының басты басымдықтары

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

Мэрилин Монро бейнесіндегі қуыршақ таныстырылды

Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?

Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Конституция – қоғам мен билік арасындағы ең биік келісім. Ол мемлекеттің не үшін өмір сүретінін және кімге қызмет ететінін анықтайды. Осы өлшеммен қарағанда, 2026 жылғы жаңа Ата заң Қазақстанның құқықтық жүйесінде маңызды бетбұрыс жасады. Бұрынғы Конституция өтпелі кезеңде мемлекетті сақтауға бағытталса, жаңа құжат адамның қадір-қасиетін құқықтық саясаттың алдыңғы шебіне шығаруға талпынып отыр.

Бұл бетбұрыс ең алдымен 1-бапта адамның ең жоғары құндылық ретінде нақты әрі анық бекітілуінен көрінеді. Мұндай норма бұрын да болған, бірақ жаңа мәтінде ол жай ұран емес, бүкіл құқықтық жүйені түсіндіретін басты өлшемге айналған. Мемлекет енді өзін басқару аппараты ретінде емес, адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қызмет ететін институт ретінде сипаттайды. Бұл – биліктің өзіне қойған шектеуі.

Осы тұсты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституцияның мәнін қайта пайымдаумен байланыстырады:

«Жаңа Конституция біздің болмысымызды әлдеқайда айқын көрсетеді және қоғамда табиғи түрде қалыптасқан бірқатар негізгі мәселе бойынша келісімді нақтырақ айқындайды», дейді ол.

Бұл пікір жаңа Ата заңдағы 1-баптың тек құқықтық емес, саяси-философиялық жүк арқалап тұрғанын көрсетеді. Мемлекет пен қоғам арасындағы келісімнің өзегіне адам қойылған кезде ғана билік легитимді сипат алады. Яғни азамат мемлекеттің бағытын мойындап қана қоймай, оның өз құқығын қорғауға қабілетті екеніне сенуі тиіс. Жаңа Конституция осы сенімді қалыптастыруды көздейді.

Ата заң эволюциясы: өтпелі кезеңнен кемел келешекке

Адам мәртебесінің нығаюы тек жалпы қағидаттармен шектелмейді. Бұл ұстаным нақты өмірлік жағдайларда да көрініс табады. Соның бірі – 21-бапта жеке өмірге, дербес деректерге және цифрлық коммуникацияларға берілген кеңейтілген кепілдіктер. Бұл бап жаңа Конституцияның ең заманауи әрі өзекті нормаларының қатарына жатады. Бұрын жеке өмір құпиясы көбіне хат-хабар немесе тұрғын үй шеңберінде қарастырылса, жаңа мәтінде цифрлық кеңістік те адамның жеке аумағы ретінде танылған.

Қазіргі қоғамда адамның бостандығы тек физикалық еркіндікпен өлшенбейді. Ақпараттық бақылау, дербес деректердің заңсыз жиналуы, цифрлық із қалдыру сияқты құбылыстар адамның өміріне тікелей әсер етеді. Осы шындықты ескерген жаңа Конституция жеке өмірді қорғау ұғымын кеңейтеді. Бұл – мемлекеттің технологиялық дамуымен бірге азаматтың қауіпсіздігін де қатар ойлай бастағанының белгісі.

Бұл жаңалықтың мәнін Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ нақтылап көрсетеді. Оның айтуынша, хат-хабар құпиясы, банк құпиясы және цифрлық коммуникацияларды қорғауға қатысты нормалар халықаралық стандарттарға сай және адам құқықтарының заманауи дамуын көрсетеді.

«Конституциялық соттың Конституцияның үстемдігін қорғау және халықаралық шешімдердің орындалуын бағалау жөніндегі өкілеттіктері конституциялық сот төрелігінің қазіргі моделіне сай. Бұл халықаралық міндеттемелерден бас тарту емес, мемлекеттің конституциялық бірегейлігін қамтамасыз ету тетігі», дейді ол.

Бұл жерде екі маңызды мәселе қатар айтылады. Біріншісі – адам құқығының халықаралық өлшеммен үйлесуі. Екіншісі – мемлекеттің өз құқықтық дербестігін сақтай отырып, сол стандарттарды қолдануы. Яғни Қазақстан адам құқықтарын сыртқы қысыммен емес, ішкі қажеттілікпен қорғауға ниет танытады. Бұл жаңа Конституцияның егемендік пен құқықты бір-біріне қарсы қоймай, қатар алып жүргенін аңғартады.

Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?

Адам құқықтарының шынайы кепілдігі олардың қандай жағдайда шектелуі мүмкін екенімен өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, 41-бапта құқықтарды шектеудің нақты шегі мен шектелмейтін құқықтардың айқындалуы – жаңа Ата заңның ең маңызды жаңалықтарының бірі. Бұл норма құқықтық жүйеде биліктің өкілеттігін шектейтін айқын межені қалыптастырады. Яғни мемлекет қандай жағдайда да адам қадір-қасиетіне қол сұға алмайтынын мойындайды.

Практикада құқықтар көбіне «қоғамдық тәртіп», «ұлттық қауіпсіздік», «төтенше жағдай» деген желеумен шектеліп жатады. Ал 41-бап мұндай шектеулердің заңмен ғана және қажетті шамада ғана мүмкін екенін бекітеді. Ең бастысы, бірқатар негізгі құқықтар ешбір жағдайда шектелмеуге тиіс деп нақты көрсетіледі. Бұл – адам қадір-қасиетінің абсолюттік құндылық ретінде танылғанының көрінісі.

Бұл ұстаным халық егемендігі қағидатымен тығыз байланысты. Үнзила Шапақ бұл байланысты былай түсіндіреді:

«Конституция жобасында мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі әрі егемендіктің иесі Қазақстан халқы екені туралы норма бекітілуі халық егемендігі қағидатын тікелей көрсетеді және БҰҰ Жарғысына, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактке толық сәйкес келеді».

Яғни жаңа Конституцияда адам құқықтары мемлекеттің сыйы ретінде емес, халық егемендігінен туындайтын табиғи құқық ретінде қарастырылады. Мемлекет сол құқықтарды таниды және қорғауға міндеттенеді. Ал бұл міндеттен жалтару мүмкіндігі 41-бап арқылы шектеледі.

Осы үш бапты бірге қарастырғанда, жаңа Ата заңдағы адам мәртебесінің тұтас логикасы ашылады. Адам – ең жоғары құндылық ретінде жарияланады. Оның жеке кеңістігі, соның ішінде цифрлық әлемдегі еркіндігі қорғалады. Ал құқықтары биліктің қалауы бойынша шектеле алмайтын деңгейге көтеріледі. Бұл – декларативті құқықтан нақты өмірлік кепілдікке қарай жасалған қадам.

Вице-президент: әлемдік тәжірибе нені дәлелдеді?

Мұндай өзгеріс мемлекеттің өзіне де жаңа талап қояды. Билік енді шешім қабылдағанда тек саяси тиімділікті емес, адамның құқығы мен қадір-қасиетін басты өлшем ретінде ескеруі тиіс. Ерлан Қарин бұл жаңа кезеңнің мәнін былай түйіндейді:

«Жаңа Конституция жобасында ғылым мен білім құндылықтары өзінің айрықша орнын тапты. Алғаш рет ғылым, білім мен инновациялар мемлекеттің дамуының стратегиялық негізі ретінде жеке бапта бекітілді… Сондықтан жаңа Конституция шартты түрде белгілі бір даму кезеңін аяқтап қана қоймай, жаңа кезеңді ашады – мемлекеттің дамуының жаңа басымдықтарын айқындайды».

Бұл жаңа кезеңде мемлекеттің басты өлшемі – адам. Оның еркіндігі, қауіпсіздігі, дамуға деген мүмкіндігі Конституцияның өміршеңдігін айқындайды. Жаңа Ата заң осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін білдіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?

Қазақстан • Бүгін, 09:40

22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды

Қаржы • Бүгін, 09:15

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады

Ата заң • Кеше

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл

Ата заң • Кеше

Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты

Ата заң • Кеше

Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды

Ата заң • Кеше

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті

Олимпиада • Кеше

Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор

Ата заң • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция еліміз қайда бара жатыр және Қазақстан болашақта қандай болады деген сұраққа жауап береді

Ата заң • Кеше

Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Спорт • Кеше

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Кеше

Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Кеше

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Тағайындау • Кеше

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Кеше

Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:218
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 17:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see181

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see122

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see116

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see115

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see114

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see114

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see112

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see111

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see111

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see111

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see111

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see110

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see110

Бизнеске қолдау, жаңа жұмыс орындары Respublica партиясының басты басымдықтары

21 Тамыз 2026 11:44see109

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see108

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see108

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see108

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see107

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

22 Тамыз 2026 09:16see105

Мэрилин Монро бейнесіндегі қуыршақ таныстырылды

21 Тамыз 2026 14:30see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары