Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданы кешенді түрде көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары туралы баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Шаһар басшысының айтуынша, соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, жыл соңына дейін 170-тен астам аула мен қоғамдық орын, соның ішінде парктер, гүлзарлар мен бульварлар ретке келтіріледі.
Мемлекет басшысына Есіл өзенінің бойында қоғамдық және рекреациялық кеңістіктердің бірыңғай жүйесі қалыптасып келе жатқаны туралы мәлімет берілді. Осы жұмыстар аясында қаланың түрлі бөлігіндегі парктер, серуен және спорт аумақтары тұтас жасыл белдеуге біріктіріледі.
Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырыла бастаған кезден бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын баяндады. Оның аясында 3,8 миллион тонна қоқыс жиналып, 10 мыңдай қоқыс төгетін орын жойылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:109
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қыркүйек 2026 14:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















