Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бақылаушылар референдумның әділ өтуін талап етуде

Бақылаушылар референдумның әділ өтуін талап етуде

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

5-наурыз күні Алматы қаласында бір топ саясаттанушылар мен журналистер, қоғам белсенділері қосылып, алдағы референдум барысын бақылайтынын айтты. «Халық үні» бақылаушылар тобы дауыс берудің әділ, шынайы өтуін талап етуде, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Топ басшысы, саясаттанушы Нұрболат Нышанбай былай дейді: «Референдумда дауыс беру процесін бақылау ең жауапты іс. Міне, осы жауапты іске біз де өз үлесімізді қосуды ниет еттік. Белсенді азаматтар бас қосып, «Халық үні» атты бақылаушылар тобын жасақтадық. 15-наурызда сайлау учаскелеріне бақылаушыларды кіргізіп, референдумның әділ, ашық, заңбұзушылықсыз өтуіне үлес қосамыз. Заңбұзушылық тіркелген сәтте, біздің бақылаушылар оның заңға сай тіркелуін талап ететін болады. 

Жеке тәжірибемде тәуелсіз бақылаушыларды дайындау, оқыту, сайлау процесін бақылау әрекеттері болды. 2024 жылғы референдумда бақылаушыларды жасақтап, оқыттық. 
Саясаттанушы болған соң бұндай процесстерден қалыс қала алмаймыз. Қатарымызда қолдаушылар жеткілікті. Бақылаушыларды оқытуға Дос Көшім ағамыз қатысады. Қоғамдық істерде бой көрсетіп, азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосып жүрген журналист, саясаттанушы, қоғам белсенділері де қатарымызда бар. 
Қазір жаңа Ата заң жобасы халыққа ұсынылуда. Әр адам өз таңдауын жасайды. Бірі қолдап, бірі қарсы дауыс беруі мүмкін. Қандай шешім болса да, бұл халықтың үні деген сөз. Сол себепті де біз «Халық үні» деп атадық. Әр бюллетень бір адамның даусы, үні ғой. Әр дауыстың әділетті саналуына үлес қосу біздің миссиямыз болмақ.

Біздің бақылаушыларымыз өздері бақылайтын учаскелерде референдум күні бастан-аяқ болады. Бақылайды. Заң бұзылған сәтте, оны бірден заң талабына сай рәсімделуін талап етеді. Әлеуметтік желілерде есеп беріп отырады. Мақсатымыз референдумның ашық, әділ өтуіне үлес қосу. Кімнің қалай дауыс беретіні әр адамның өз таңдауы, ал біздің миссия сол берілген дауыстың әділетті түрде саналуын қадағалау», - дейді ол. 

«Халық үні» бақылаушылары еліміздің бірнеше өңірінде бақылаушылық етпек. «Мүмкіндігіміз жеткенше көп елді-мекенді қамтуға тырысамыз» дейді олар. 

Топ мүшесі, журналист Нұргелді Әбдіғани былай дейді: «Тәуелсіздіктің кешегісі мен бүгінінде біздің халық сайлау мен саяси науқанның сан түрін көрді. Осыған дейін елімізде өткен сайлаулар мен референдумдар кезінде түрлі құйтырқылықтарды қоғамның көзі көріп, құлағы естіді. Дауысты көпекөрнеу бұрмалау, бақылаушыларға хаттамаларды бермей, учаскелерден заңсыз шығарып жіберген сәттер де болды. 

Ағылшындар айтатын: «Сайлаудың нәтижесі – дауыс берушінің санына емес, дауыс санаушының пиғылына байланысты», - деген сөз бар. Елішілік саяси процесстерге келгенде, әсіресе сайлау, референдум секілді халықтық ауқымдағы процесстерде нейтралды қалуға болмайды. Осы жолы да бақылаушылық жасайтын топтар көп болады және солай болуы тиіс. Қазірдің өзінде бірлі-жарым топтар мәлімдемелерін жасап жатыр. Бақылаушылық арқылы халықтың таңдауы қорғалып, референдумның шынайы әрі сенімді өтуіне жағдай жасалады. Біздің мақсатымыз сол, дауыс беру науқанының ашық, әділ өтуін қадағалау. Қазір заң қатаңдатылды. Дауыс ұрлау, бұрмалау қылмыс. Осыны әр адам есінде сақтағаны жөн», - дейді. 

«Халық үні» бақылаушыцлар тобындағы тағыц бір тұлға Бекнұр Қисықов. Журналист, қоғам белсендісі ретінде саяси науқандардан тыс қалған емес. Ол былай дейді:  «Как члены группы наблюдателей «Халық үні», мы в очередной раз планируем свое участие в качестве общественных контролеров. За это время мы наработали значительный опыт и компетенции: провели ряд тренингов и сформировали сильный костяк. В этот раз наша группа объединит как опытных экспертов, так и новых участников. Наши двери открыты для всех неравнодушных!

Быть наблюдателем — это не только физическая и умственная нагрузка, но и огромная ответственность. Это важный этап в жизни граждан и всей страны. Именно поэтому наблюдатели должны обладать знаниями, дисциплиной, умением не просто смотреть, а профессионально фиксировать происходящее, и, конечно, искренним патриотизмом.

Считаю, что возможность быть наблюдателем — это большая честь. И мы сделаем всё, чтобы этой чести удостоиться», - деді.

Топ мүшесі Исламбек Дастан қоғамдағы әділетсіздікпен, сыбайлас жемқорлықпен ақпараттық тұрғыдан күресіп жүрген азамат саналады. Ол бақылаушылық арқылы әділ сайлауға қадам басамыз деп санайды. 

«Қоғамдағы саяси процесстерден тыс қалған емеспін. Белсенді ретінде, журналист ретінде маған қоғамда әр істе әділеттілік болғаны маңызды. Осы уақытқа дейін елімізде өткен сайлау, референдумнан тыс қалып көрген жерім жоқ. Дауыс беруге де 18 жасымнан қатысып келемін. 15-наурызда өтетін референдум барысында бақылаушыларды дайындап, дауыс беруді бақылайтын боламыз. Дауыстың ұрлануына, бұрмалануына жол бермеу басты міндетіміз. Бақылаушының миссиясы сол. Заң бұзушылықты тіркеу, хаттаманы алу дегендей. Бізде тәжірибелі бақылаушылар бар. Олармен де жұмыс істейміз, жаңадан бақылаушы боламын дегендерге де есік ашық», - дейді ол. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 18:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары