Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Халық үні тәуелсіз бақылаушылар тобы: Сайлау әділ өтуі тиіс

Халық үні тәуелсіз бақылаушылар тобы: Сайлау әділ өтуі тиіс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгін бір топ белгілі журналистер мен саясаттанушылар құрған «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы алдағы сайлау процесін бақылайтынын айтып, ресми мәлімдеме жасады. «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының құрамында саясаттанушы Дос Көшім, журналист Ермұрат Бапи, жазушы әрі қоғам қайраткері Бекнұр Кисиков, саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай, саясаттанушы Нұрболат Нышанбай, журналист Нұргелді Әбдіғани бар.

Топ алдағы сайлау науқанын бақылайтынын мәлімдей отырып, ресми үндеуін жариялады. Тәуелсіз бақылаушылар сайлауда бақылаушылар мен тілшілер қауымының жұмысына кедергілер жасалмауын, дауыс берушілердің құқығы толық қорғалуын, партиялар арасындағы бәсекелестіктің әділ әрі тең деңгейде өтуін талап етті.

Қазіргі уақытта «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы дауыс беру күні сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін тәуелсіз бақылаушыларды іріктеуге және оқытуға кірісіп кетті.

«Кәсіби саясаттанушы ретінде елімізде болып жатқан саяси үдерістерді жіті бақылап,  ғылыми әрі практикалық тұрғыдан зерделеу мен үшін әрқашан өте маңызды. Соңғы үш жылда пікірлес әріптестерімізбен бірге еліміздегі бірқатар маңызды саяси науқандарға белсенді қатысып келеміз. Өзім «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында шетелдің бірнеше жетекші жоғары оқу орнында білім алдым. Оқу барысында Батыс елдеріндегі сайлау мәдениетімен, азаматтық қоғам институттарының қызметімен және демократиялық саяси процестердің ұйымдастырылу тәжірибесімен танысуға мүмкіндік болды. Бұл тәжірибе еліміздегі саяси үдерістерге кәсіби тұрғыдан қарауыма және қоғамдық бақылаудың маңызын тереңірек түсінуіме ықпал етті», дейді «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының жетекшісі, саясаттанушы Нұрболат Нышанбаев.

2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық конституциялық референдум кезінде «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы құрылды. Сол науқанда ұйым бақылаушылары Қазақстанның бірнеше қаласындағы жүздеген сайлау учаскесінде жұмыс істеп, дауыс беру процесінің ашықтығы мен заң талаптарына сай өтуіне қоғамдық бақылау жүргізді. Кейіннен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында да бақылаушылық қызмет атқарды. Соңғы реті, 2026 жылы 15 наурызда конституциялық референдум да бақылау жасаған.

«Тәуелсіздіктің кешегісі мен бүгінінде біздің халық сайлау мен саяси науқанның сан түрін көрді. Осыған дейін елімізде өткен сайлаулар мен референдумдар кезінде түрлі құйтырқылықтарды қоғамның көзі көріп, құлағы естіді. Айлакерлікпен жасалған небір заңбұзушылықтарға куә болды, әркім хал-қадірінше ондай өрескелдіктерді әшкерелеуге күш салды. Дауысты көпекөрнеу бұрмалау, бақылаушыларға хаттамаларды бермей, учаскелерден заңсыз шығарып жіберген сәттер де болды. Сөйте тұра, еліміздің сергек саналы азаматтары өздерінің саяси ұстанымдарынан бас тартқан жоқ, азаматтық позицияларынан айныған жоқ», дейді сасаттанушы, журналист Нұргелді Әбдіғани.

Жалпы, демократиялық институттардың орнығуы үшін тәуелсіз қоғамдық бақылау мәдениетінің қалыптасуы аса маңызды. Осы бағытта кәсіби маман әрі азамат ретінде өз үлесімізді қосып келеміз дейді белгілі саясаттанушы, «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының мүшесі Дос Көшім.

«Сайлауды бақылау арқылы біз сайлау заңын жақсартуға, сайлаудың әділ өтуіне міндетті түрде әсер ете аламыз. Осыны ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар біз жыл сайын семинарлар өткізіп, сайлау заңдарын, сайлау кезінде болуы мүмкін түрлі заң бұзушылықтарды түсіндіреміз. Практикалық мәселелерді талқылаймыз. Біздің тобымыз қазір екі мәселені қарастырып отыр. Біріншіден, барлық бақылаушыларға арнайы блокнот беріледі. Онда қалай бақылау керек, дауыс беру уақытында нені ескеру қажет және ең бастысы, дауыстарды санау кезінде қалай бақылау жасау керектігі көрсетіледі. Қазір бәрімізде телефон бар. Сондықтан телефонға арнайы нұсқаулық дайындадық. Әрбір бақылаушы телефон арқылы өзіне қажетті заңдармен танысып, қалай жұмыс істеу керектігі жөніндегі ақпаратты ала алады. Қысқасы, біз жыл сайын тәжірибемізді молайтып, жұмысымызды жетілдіріп келеміз. Мен үнемі айтамын: Қазақстандағы сайлаудың қалай өтетінін, әсіресе жастардың саяси процеске қалай қатысатынын білу маңызды. Себебі сайлауды өз көзімен көрген адамның саясатқа деген көзқарасы өзгереді. Сайлау әділ өтті ме, әділетсіз өтті ме – соны өз көзімен көріп, өзі баға береді. Мұның бәрі адамның көзін ашып, ой-санасының дамуына әсер етеді».

Әрине, мұндай ауқымды жұмысты бір адамның атқаруы мүмкін емес. «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының құрамында қоғам қайраткері Дос Көшім, қоғам белсендісі Бекнұр Кисиков, белгілі журналист Нұргелді Әбдіғани және азаматтық қоғамның басқа да белсенді өкілдері бар. Барлығын біріктіретін ортақ мақсат – еліміздегі сайлау процестерінің ашықтығы мен әділдігіне қоғамдық бақылау жасау.

«Тарихқа көз жүгіртсек, 2005 жылғы президенттік сайлауда қоғамдағы оппозициялық күштер бірігіп, бірыңғай кандидат ұсынған кезде үлкен бақылаушылық жұмыс жүргізілді. Қазақстанның 57 пайызы бақылаушылармен қамтылды. Бұл белгілі бір кандидаттың сайлаудан өткен-өтпегенін анықтау мақсатындағы мүдделі қозғалыс болды. Ал қазіргі тәуелсіз бақылаушылардың мақсаты – ешқандай жеке мүдде емес. Мұндағы басты мүдде – сайлаудың әділдігі мен ашықтығы. Әділет партиясы ма, «Республика» ма, «Ақ жол» ма – кімнің жеңіп жатқаны маңызды емес. Ең маңыздысы – урнаға түскен бюллетеньдердің әділ әрі таза саналуы. Сондықтан қоғам бұл мәселеден шет қалмауы керек. Мүмкіндік болған жағдайда азаматтар сайлау процесіне араласуы қажет. Оның үстіне Құрылтай арқылы елге жаңа бағыт келіп жатыр. Бұл – саяси жүйенің жаңа кезеңі деп айтуға болады», деді «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының мүшесі Ермұрат Бәпи.

Сайлаудағы бақылаушылық – әділдік пен ашықтықтың маңызды кепілі. Бақылаушылық арқылы халықтың таңдауы қорғалып, сайлаудың шынайы әрі сенімді өтуіне жағдай жасалады.

«Әріптестерім айтқандай, сайлаудың ашық өтуі және заң талаптарына сай ұйымдастырылуы маңызды. Ал ашықтық мәселесі бүкіл қоғамның мойнында деп айтуға болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де сайлаудың ашық өтуіне тікелей атсалыса алады. Бұл саяси процесс болғандықтан, бақылаушылардың рөлі де маңызды. Қазір келіп жатқан жас буын үшін осындай процестерге араласу – үлкен мүмкіндік. Біз жастарға осындай тәжірибе беріп, олардың саяси сауатын арттыруға үлес қоса аламыз», деді  «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының тағы бір мүшесі Бақытжан Бұқарбай.

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Мақсаты сайлау процесінің демократиялық қағидаттарға, заң талаптарына және халықаралық стандарттарға сай өтуіне қоғамдық бақылау жасап, азаматтық жауапкершілік пен кәсіби тәжірибелері арқылы елдегі демократиялық институттардың нығаюына өз үлестерін қосу.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 20:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары