Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бас прокуратура 8 наурыз қарсаңында алаяқтық әрекет көбейетінін ескертті

Бас прокуратура 8 наурыз қарсаңында алаяқтық әрекет көбейетінін ескертті

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Бас прокуратура Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алаяқтық фактілері жиілейтінін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

8 наурыз мерекесі қарсаңында алаяқтар азаматтардың мерекелік қарбаласқа байланысты белсенділігін, гүлдер мен сыйлықтарға тапсырыстардың көбеюін, сондай-ақ онлайн-төлемдердің артуын пайдаланып, олардың ақшалай қаражаты мен жеке деректеріне қол жеткізуге тырысады.

Мереке кезеңінде алаяқтар азаматтарға түрлі сылтаулармен қоңырау шалып, хабарламалар жіберуі мүмкін.

Ең көп таралған тәсілдер:

гүл немесе сыйлық жеткізу рәсімделгені туралы хабарлап, "тапсырысты растау үшін" SMS-кодты айтуын сұрау;

жалған ұтыс, бонус немесе акция туралы хабарлап, телефонға келген растау кодын атауды талап ету;

өздерін банк қызметкері, қауіпсіздік қызметінің өкілі немесе курьерлік компания қызметкері ретінде таныстыру.

"Бір реттік SMS-код қаржылық операцияларды растауға арналған құпия құрал екенін есте ұстаған жөн. Мұндай кодты үшінші тұлғаларға беру ақшалай қаражаттың есептен шығарылуына, несие рәсімделуіне немесе банк қосымшаңызға қол жеткізілуіне әкеп соғуы мүмкін. Банктердің қызметкерлері де, құқық қорғау органдары да телефон арқылы SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк картасының деректерін сұратпайды", - делінген хабарламада.

Кейбір жағдайларда тауарларды немесе банк өнімдерін ресми жеткізу кезінде растау коды шын мәнінде қолданылады. Алайда ол тек сіз алдын ала рәсімдеген тапсырыс бойынша, жеткізуді күтіп отырған жағдайда және тауарды алғаныңызды растау үшін пайдаланылады. Егер жеткізу туралы қоңырау немесе хабарлама күтпеген жерден келіп, сізден кодты айту сұралса, әңгімені дереу тоқтату қажет.

"Сонымен қатар мереке қарсаңында алаяқтар әлеуметтік желілерде, оның ішінде Instagram және TikTok платформаларында жалған парақшалар ашып, гүлдер мен басқа да тауарларды айтарлықтай төмен бағамен, ірі жеңілдіктермен және акциялармен ұсынып, алдын ала төлем талап етеді. Ақша алғаннан кейін мұндай парақшалар қызметін тоқтатып, сатушымен байланыс мүмкін болмай қалады", - деп ескертті прокуратура.

Гүлдер мен сыйлықтарды тек сенімді сатушылардан тапсырыс беруге, төлем жасаған кезде алушының деректемелерін мұқият тексеруге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және қандай жағдай болмасын бөгде адамдарға SMS-кодтар мен банк деректерін бермеуге кеңес беріледі. Күдік туындаған жағдайда банкке ресми нөмір арқылы өзіңіз хабарласып, қажет болған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгінген жөн.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 11:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары