Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бас шаһарда Шабыт халықаралық өнер байқауы өтті

Бас шаһарда Шабыт халықаралық өнер байқауы өтті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Араға бірнеше жыл салып «Шабыт» халықаралық шығармашылық байқауы Астана төріне қайта оралды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен қала әкімдігінің қолдауымен бүгін бас шаһарда дәстүрлі өнер додасының ашылу салтанаты өтті. Төрт күнге ұласатын байқауда 800-ден астам өнерпаз бақ сынайды. 

28-ші «Шабыт» шығармашылық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен өнерлі жастар жиналған. Дені камералық хор, академиялық ән орындау, камералық музыка, фольклорлық ансамбль, эстрадалық вокал, бейнелеу өнері бойынша топтасып өнер көрсетеді. Мұндағы жалқы бағыт - «Поэзия» жанры ғана. Көкшетаулық ақын Абылайхан Әшімхан өнер додасына 10 шақты өлеңін ала келіпті.

Абылайхан Әшімхан, фестивальге қатысушы:

- «Поэзия» бойынша ақындар өңір-өңірлерден келіп жатыр. Таныс еместерімен танысу, көрісу, тек жақсылық күтемін. Бұл  байқау 28-ші рет өтуде. Біздің алдымыздағы аға буын ақындар қатысқан. Сонысымен қызық болды. «Шабытқа» қатысу бала күнгі арманым.

Халықаралық сынға Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан сияқты тоғыз елдің өнерпаздары жиналған. Солардың қатарында қырғызстандық дуэт те бар. Олар қырғыз, испан және қазақ тілінде ән шырқамақ.

Урмат Сатыбалдиев, фестивальге қатысушы:

- Әртістер үшін таңдалған репертуардың маңызы зор. Әннің табиғаты орындаушыға жақын болуға тиіс. Әсіресе дует немесе триомен бірге ән шырқау оңай емес. Оны жүректен жүрекке жеткізу өз алдына, сол ән арқылы әртістердің де ашылғаны аса маңызды. Сол себепті таңдауымыз «Өмір-өзен» әніне түскен.

Айта кетерлігі, биыл «Креативті бағыт» аталымы қосылды. Мұнда заманауи медиа, цифрлық арт, мультимедиялық жобалар бағаланады. Жалпы әр аталымда бес адамнан құралған қазылар алқасы сайланған. «Шабыт» халықаралық байқауы соңғы рет жеті жыл бұрын өткен еді.

Раушан Нұртаза, «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің Ғылыми-шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры:

- Мысалы, ашылу және жабылу салтанаты біздің үлкен залда өтеді. Камерлық залда және Рахмадиев атындағы филармония залында өтеді. Барлық зал бос болмайды.

800-ден астам өнерпаздың шығармашылығы бірнеше көрме, ән мен саз концерттерінде сыналмақ. Сондықтан алдағы үш күнде Астана жұрты мен қонақтары мәдени нысандарға барып, байқау аясындағы іс-шараларды тегін тамашалай алады.

Авторлары: Бақыт Топтаева, Арман Ақшабаев

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 01:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары