Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Сағадат Омарғазин: Жастық пен шабыт концертінде өнер көрсетіп, арманым орындалды

Сағадат Омарғазин: Жастық пен шабыт концертінде өнер көрсетіп, арманым орындалды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бүгін «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында «Жастық пен шабыт»  атты концерті өтті. Кеш болашағынан зор үміт күттіретін өнерпаздар мен жас дарындарға арналған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нақты айтсақ, бұл – жас таланттарды қолдауға арналған  «Астана Опера» театрының «Жастық пен шабыт» жобасы. Театр әкімшілігінің мәліметінше, игі дәстүрге айналған бұл жоба биыл оныншы рет өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде жоба 200-ден астам жас дарынды қамтып, үлкен сахнада жарқырап шығуына себепкер.

Бүгінгі бағдарламаға беделді халықаралық әрі республикалық байқаулардың лауреаттары – дарынды балаларға арналған мектептің оқушылары мен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті қатысты. Атап айтсақ, скрипкашылар Сағадат Омарғазин, Стефания Мохначева, Елдана Көпбай, Інжу Мырзабаева, виолончельші Сұлтан Бескембиров, валторнашы Арман Жәкен шықты.

«Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залының жетекшісі Маржан Жәкенованың айтуынша, «Астана Опера» театры Қазақстанның жас дарындарын қолдауға бағытталған жобаларды ұдайы өткізеді.

 – Біз камералық зал сахнасында дарынды балалардың қатысуымен концерттер, фестивальдер жиі өткіземіз. Соның бірі – жазда өтетін «Музыкалық демалыс» концерті. Бұған шетелде оқып жүрген қазақстандық музыкант балалар елге оралып, өзінің көрерменіне, ұстаздары мен ата-аналарының алдында өнер көрсетеді.

Сондай тағы бір керемет жобамыз – «Жастық пен дарын», бұл да театрда бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Онда Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің білімді студенттері мен шәкірттері «Астана Опера» сахнасында театрдың симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Олар музыкаға деген сүйіспеншілігін дирижердің басқаруында әлемдік классика туындыларын орындап, өз шеберлігі мен әртістік қабілетін шыңдай түседі. Оның үстіне, өнер жолын енді бастап келе жатқан жас музыканттарға мотивация береді,  халықаралық байқауларға қатысуға шабыттандырады. Осының арқасында өнер айдынына жаңа есімдер шығады, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Жәкенова.

Осыны айшықты дәлелі екенін дирижер Элмар Бөрібаев та сөз етті. Өйткені бүгінгі кеште жас солистер маэстроның басқаруындағы «Астана Опера» камералық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Оның айтуынша, жас таланттар көрерменге түрлі дәуірдің сан алуан жауһарларын таныстыруға тырысқан. Атап айтсақ, Н.Паганинидің оркестр мен скрипкаға арналған №1 виртуоздық концерті және Ф.Мендельсонның оркестр мен скрипкаға арналған терең лирикалық концерті берілді. Сонымен қатар сахнада В.А.Моцарттың керемет  үйлесімділік пен әсемдікке толы шығармалары – Оркестр мен скрипкаға арналған №4 концерті, pе мажор (1-бөлім) және Оркестр мен валторнаға арналған №3 концерт, ми-бемоль мажор (1-бөлім) шырқалды. И.Гайдн – Д.Поппердің Оркестр мен виолончельге арналған шағын концерті, до мажор (1-бөлім) бағдарламаға классикалық жүйелілік пен үннің бекзаттығын көрсетті.

– Бұл концерт алдымен жас әртістердің болашағына зор үміт сыйлайды. Олар сахнада өнер көрсетіп қана қоймай, жер жаһанға өздері жайлы жар салады. Сонымен қатар  жас өнерпаздар танымал шеберлермен шығармашылық диалог орнатуды үйреніп, өздеріне баға жетпес тәжірибе алмасады. Ал көрермендер жас буынның шеберлігін бағалап, өнерімен тамсануына мүмкіндік туды. Ал көрермендер үшін бұл болашақ орындаушылар буынының шеберлігін алғашқылардың бірі болып естуге және бағалауға сирек мүмкіндік болмақ, – деді Элмар Бөрібаев.

Жас таланттың бірі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, оның ішінде Аустрияның Санкт-Пельтен қаласында өткен Бетховен атындағы XIX Халықаралық скрипкашылар конкурсының жеңімпазы Сағадат Омарғазин дирижер Элмар Бөрібаевпен танысып, бір сахнада өнер көрсеткеніне қуанышын жасырмады.

– Бүгінгі кеште Никколо Паганинидің Скрипка мен оркестрге арналған №1 концертін орындадым. Маған оның әсерлі әуені мен жарқын музыкалық бейнесі ұнайды. Шығармада скрипканың мүмкіндігі өте шебер көрсетіліп, музыкасы тыңдарманға ерекше әсер сыйлайды. «Астана Опера» театрының сахнасында «Жастық пен шабыт» концертінде өнер көрсету – ең үлкен арманымның бірі. Ендігі тілегім – театрдың үлкен сахнасында өнер көрсету. Бұл менің – «Астана Опера» театрының сахнасына бірінші шығуым. Осындай мүмкіндік бергені үшін театрдың басшылығына алғысым шексіз, – дейді Сағадат.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 17:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары