Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Басқа бәле тілден, желікпе псевдо патриоттар, әлдебір сыртқы қауіп, әлеуметтік желілердегі дабыра Ермұрат Бапи не айтқысы келді?

Басқа бәле тілден, желікпе псевдо патриоттар, әлдебір сыртқы қауіп, әлеуметтік желілердегі дабыра Ермұрат Бапи не айтқысы келді?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Ермұрат Бапи қоғам мен азаматтық белсенділерге сөз арнады деп хабарлайды Arasha.kz.

Елдегі саяси өзгерістер турасында пленарлық отырысқа мәселе енгізу жөнінде ұсыныс білдірмес бұрын, біз – Бақытжан Базарбек, Еркін Әбіл, Қазыбек Иса, Елнұр Бейсенбев, тағы басқа бір топ депутат бар – бірінші кезекте қазақстандық қоғам мен салауатты азаматтық белсенділерге сөз арнағымыз келген.
«Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру сұраныстарына сәйкес, біздің қоғам елде саяси өзгерістер болуы керек деген талапты талмай айтып келе жатқаны мәлім, - деп бастайды сөзін депутат.

Ермұрат Бапи қоғамдағы конституциялық өзгерістерге қатысты қатаң сынды "түсініксіз жағдайға" балап, "бір жақтан сыңаржақ сындар көп айтылды" деп есептейді.

«Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру сұраныстарына сәйкес, біздің қоғам елде саяси өзгерістер болуы керек деген талапты талмай айтып келе жатқаны мәлім. Бірақ біз елде бұрынғы 
30 жыл бойы қалыптасқан, сірескен саяси режимнің сеңі 
2022 жылғы референдумның барысында сөгіле басталғанына мән бермей жүрміз. Сондағы алғашқы реформаның нәтижесінде бірте-бірте қалыптасқан құндылықтарды бағалай алмай жүрген «созылмалы қарсылық дертіміз» өзіміз аңсап келген конституциялық өзгерістерді өгей көргеніміз тіптен түсініксіз жағдай боп тұр.
Бүгінгі қоғамда, әсіресе әлеуметтік желілерде, соңғы алты ай көлемінде сұлбасы жасалған конституциялық өзгерістерге қатысты батыл, бірақ бір жақтан сыңаржақ сындар көп айтылды. Әрине, азаматтық ұстаныммен және мемлекеттік мүдде тұрғысында айтылатын сындарлы сынға шектеу болмауы тиіс. Бірақ сондай сын айтудың мүмкіндігі қоғамдық құндылық екенін тағы да бағалай білуіміз керек. Назарбаевтың заманында демократиялық демі ішінде тұншығып, суырылып шыға алмай жүрген қоғамның тығыны сол құндылықтардың арқасында ағытылғанын мойындауымыз керек!, - деп бір қайырады Бапи.

Ермұрат Бапидың ойынша, Қазақстан "әумесер әлдекімдерге білек күшін безейтіндей ел емес" екен. Сондықтан "Конституция жобасының жалпы саяси сипатын салауатты саралай білген адам астарлы ишараны түсінсе керек" дейді.

Иә, жаңа Конституцияның жобасына қатысты айтылып жатқан біраз сындарлы сөздің төркіні тілге тіреліп жатыр. Ұлттық намысы селт етіп оянған халықтың талабы теріс деп, үзілді-кесілді кереғар пікір айтудың жөні жоқ. Бұл тақырыпты жылы жауып қоюға тағы да болмайтын еді. 
Бірақ қазақта «басқа пәле – тілден» деген тағы бір тәмсіл бар. Дауылы дүлей қазіргі қатқыл халықаралық қатынастардың қоршауы мен тәртібі күн сайын қырық құбылған геосаяси әлемде біз бұл «пәленің» қатерінен сақтана білуіміз керек. Біз әпербақан, әумесер әлдекімдерге білек күшін безейтіндей ел емеспіз. 
Бізде мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен жасампаз болашағы үшін сырттағы соқтықпалы-соқпақты жолды дипломатияның демеуімен және сырбаз саясатпен жүріп өтуден басқа альтернатива жоқ! Жалпыхалықтық талқылауға ұсынылған жаңа Конституция жобасының жалпы саяси сипатын салауатты саралай білген адам оның мазмұны мен мақсаты мемлекеттілікті, қауіпсіздігіміз бен тәуелсіздіктің тұрақтылығын күйттейтін астарлы ишараны түсінсе керекті. 

Депутаттың ойынша, "Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге әбүйір әпермейді" екен және тағы да белгісіз сыртқы қауіпті алға тартып "біз әлдекімге сес көрсетіндей қай артымызға сенеміз?" дейді.

Үлес салмағы 70 пайыздан асқан халық өзінің тілін өзгеге өктемдікпен емес, сары майға ыстық қасық батырғандай байыппен таңа білу – дәл бүгін әлдеқайда ұтымды айла болар еді. Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге әбүйір әпермейді. Өзінің тілін өктемдікпен тықпалаған имансыз идеялар пайда болған заманда, есермен егесу – естінің ісі болмайды.      
Осы орайда Қызылорда Құрылтайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан бір сөз санаға орала береді: «Қазақстанның патриоты болу – азаматтық жауапкершілікті терең түсіну деген сөз. Ұлт мүддесін желеу етіп, бос айқайға басатын, одан қалды азаматтарымыздың отанымызға деген шынайы сүйіспеншілігін саяси ұпай жинауға пайдаланғысы келетін теріс пиғылды адамдардың бізге қажеті жоқ», - деген еді мемлекет басшысы.
Бүгінгі әлеуметтік желілердегі дабыраға қиқу қосып, қоғамды қажетсіз толқуға шақырып жүрген жекелеген желікпе псевдо-патриоттардың қылығына ішің ашиды. Бір ғана «КТК» мұнай құбырындағы апат елді қандай қаржылық қауіпке тап қыларын бастан кешіре тұра, біз әлдекімге сес көрсетіндей қай артымызға сенеміз?
«Сауда соғысы» /президент Трамптың пошлина шоқпарын еске алыңыз/ мен әлем картасын бөлістерге сала бастаған қатерлер қаулаған заманда, Қазақстан мен оның сыртындағы реалды бағалай, бағамдай алмаған саяси көрсоқырлық бізді орыны толмас өкініштерге тап қылуы мүмкін. Әлдебіреулер тағы да фронт ашамыз деп бізге сес көрсетіп, сыртқы дүние теңселіп тұрған кезде, біз өз қолымызбен ішкі дүниемізді дүрбелеңге салуға қақымыз жоқ!
 

Сондай-ақ Ермұрат Бапи талқыланып жатқан конституциялық жобадағы президент туралы баптарға қатысты ел ішінде болып жатқан әңгімелерге де тоқталып "Әлеуметтік желі қолданушылар арасындағы бұл алаңдаушылық қазақи долбар-дабыраға қиқу қосудың сыңары" деп баға береді.

Конституция жобасының 48-бабына байланысты да қоғам арасында алаңдаушылық бар. Мұнда Республика президентінің ар намысы мен қадір-қасиетіне қорғауға қатысты берілетін конституциялық кепілдіктер айтылады. Ал бұл баптың үшінші тармақшасында: «Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президентіне де қолданылады» деген тіркеске орай «бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайтып келуі мүмкін» деп, күдік келтірушілер бар.
Әлеуметтік желі қолданушылар арасындағы бұл алаңдаушылық қазақи долбар-дабыраға қиқу қосудың сыңары.  Себебі, экс-президент түгілі, бүгінгі «Президенттің отбасы  мүшелері мен оның жақын туыстарына  мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды» деген талап 2022 жылғы 
8 маусымдағы конституциялық заңмен бекіген.
Сөз соңында айтарым – Қазақстанның тұтастығын, қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету – елінің ертеңін ойлаған әрбір азаматтың міндеті болуы керек! «Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім. 
Біз ел бірлігін сақтап, өсіп-өркендеген, абырой-беделі жоғары әрі қуатты мемлекет құруды басты міндетіміз деп санауымыз қажет. Осы мақсатқа стратегиялық тұрғыдан қарап, парасатты, дана халық екенімізді көрсетуіміз керек», - деп ойын түйіндейді депутат.
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары