Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ермұрат Бапи: Әрбір азамат еліміздің болашағының кепілі болуы тиіс

Ермұрат Бапи: Әрбір азамат еліміздің болашағының кепілі болуы тиіс

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи бүгінгі Мәжіліс отырысында елдің ертеңі мен қауіпсіздігіне деген азаматтық жанашырлықпен және саясаткерлік жауапкершілік жайлы сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

– Бүгін мен Парламент мінберінде бір мандатты депутат қана емес, қазақ қоғамының белсенді азаматы, тәжірибелі журналист ретінде сөз сөйлеп, қоғам жұртшылығына үндеу жасағым келеді. Оның үстіне, жер шарының үлкен ауқымын соғыс өрті шарпып, бізге тақау Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс елдері соғыс аймағына айналған кезде, мен бұл сөзімді елдің ертеңі мен қауіпсіздігіне деген азаматтық жанашырлықпен және саясаткерлік жауапкершілікпен арнаймын. 

Біз қазір әлем елдері арасындағы қарым-қатынас тәртібі күрт өзгеріп, күрделі саяси тәуекелдер қарқын алған, экономикалық тұрақтылық теңселіске тап болған, алмағайып әрі өліара кезеңде тұрмыз. Бүкіл әлемнен тыныштық кетіп, дүние отқа оранып жатқанын көріп отырмыз. Біз бұған дейін талай сындарлы кезеңнен өтіп, бірлік пен берекенің қажеттігін терең түсіндік. Қазіргі сәт – қателікті кешірмейтін, парасат пен пайымды шешімді қажет ететін кезең. Осындай аумалы-төкпелі уақытта Қазақстан өзі таңдаған жолынан таймай, ел қауіпсіздігі үшін батыл бастамаларға бет бұруға тиіс еді.  

Осы бағыттағы біз үшін ең маңызды бастама – жалпыхалықтық референдумға ұсынылған жаңа Конституцияның жобасы. Алайда қоғам көптен күткен нақты саяси өзгерістер бастамасының маңызын түйсінбей, қиямпұрыс қылық танытып жүрген жекелеген азаматтар бар. Осы ретте бірден сұрайын, жаңа Конституцияның жобасын оңды-солды, ретті-ретсіз-төпеп сынаушылар ескі жүйенің «диірменіне су құйып» жүргендерін біле ме екен? Жалпы, елдің іші мен сыртындағы нақты реализм мен конструктивизмнен жұрдай сыншылық бүгінгі жағдайда тап-таза популизмнің үлгісі болмақ. 

Иә, Ата заңның жобасындағы жекелеген баптарда сыртқы тәуекелдерді өз қолымызбен тудырмас үшін, сабырға дес берудің сақтық қажеттілігі жасалғанын жасыруға болмайды. Бұл – жаһандық тұрақсыздық күшейген кезеңде мемлекеттің ішкі бірлігін, басқару тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сақтық шарасы.Дәл осы тұста қоғамда «Жаңа Конституция суперпрезиденттік жүйені қайтадан қалпына келтіреді» деген қаңқу сөздер тарап жүр. Жоғары лауазымды мемлекеттік тұлғалар Сенаттың келісімімен тағайындалатын бұрыннан бар процесуалдық тәртіп ендігі кезекте бір палаталы Құрылтайдың құзіретіне ауысатыны Президенттің құзіретін күшейтеді деген пікір санаға сыймайды. Бұл – негізі жоқ жаңсақ пікір. 

Біз бұл жаңа Конституцияны қабылдаған соң, «ескі Қазақстанмен» толық қош айтысамыз! 2022 жылғы конституциялық реформалар кезінде біз суперпрезиденттік модельден бас тартып, бір рет сайланатын жеті жылдық классикалық президенттік жүйеге көштік. Мемлекеттік саяси қызметтегі туыстық ықпал мен мүдделер қақтығысы конституциялық негізде жойылды. Сондықтан ескі жүйенің етжақын «өкілі билікке қайтып келеді» деген қауесеттің ешқандай негізі жоқ. Жаңа Конституция жекелеген тұлғалардың немесе белгілі бір топтардың ықпалын күшейтуге емес, керісінше, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және туыстық, жеке байланыстар арқылы саяси үстемдік орнату мүмкіндігін шектеуге бағытталған. Бұл жаңа Конституцияның бұлжымас қағидаты, өзгермес нормасына айналды!

Әлдебіреуге құрғақ фраза сияқты болып естілетін «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасы басшылыққа алынды. Бірақ бұл қағида бір демде жөңки жөнелмегенін тағы да жасыруға болмайды, «көш жүре түзеліп» келе жатыр. Мемлекет басқару жүйесінде тежеу мен тепе-теңдік принципін бекіткен нақты, стратегиялық бұл қадам қадау-қадау даму үстінде. Қазақстанның жаңа тарихында бұл даму жолы кейіннен тарихи шешім болды деп бағаланары кәдік.

Біз жаңа Конституция арқылы Қазақстанды тұрақты, әділ және заманауи мемлекетке айналдыруымыз керек. Біз регресске емес, жасампаз прогресске қызмет етейік! Біз азаматтардың сенімін басты орынға қойып, бірінші кезекте мемлекет мүддесін қорғауымыз қажет. Бұл – біздің тарихи миссиямыз, стратегиялық бағытымыз, азаматтық парызымыз болуы тиіс.

Ендеше, преамбуласы мен жеті бірдей бабында Тәуелсіздік пен Егемендікті, елдің тұтастығы мен мемлекеттілікті қорғау маңыздылығы күйттелген жаңа Конституцияның шұғыл қажеттілігін енді түйсіне алдық па? Дабылы дүлей тәуекел туған шақта қоғамның онлайн-протестік бөлігі қоздырып жатқан ішкі толқу мен тұрақсыздық қандай қатер тудырарын бағамдай алуымыз тиіс.

Әлбетте, референдумда Ата заңды қолдау немесе оған қарсы дауыс беру қақысы әркімнің азаматтық ерік-жігеріне байланысты шешім болмақ. Ол шешімге ешкімнің араласу құқы жоқ. Бірақ жер-дүние соғыс дүмпуімен теңселіп тұрған кезде, бізге бітіспес теке-тірес қажет пе, жоқ әлде елдің ертеңі мен тәуелсіздіктің тұрақтылығына жандәрмен азаматтық жауапкершілік артық па? Біз елдік және территориялық тұтастыққа тәнтіміз бе, әлде бізді іштен ірітуге әуес әлдекімдердің әупіліне желігіп, тоз-тоз боп жүре берейік пе?Осы сұрақтардың сұлбасы тұрғысынан айтар болсам, мен 15 наурызда баршаңызды референдумға қатысуға шақырамын. Әрбір дауыс – Қазақстанның орнықты дамуының кепілі, әрбір азамат – еліміздің болашағының кепілі болуы тиіс деп санаймын. Ендеше, бірге шешім қабылдайық, жаңа тарихты бірге жазайық, – дейді Ермұрат Бапи.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:252
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 13:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары