Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Отандық ғылым ел болашағының кепілі

Отандық ғылым ел болашағының кепілі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Отандық ғылым – елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі қозғаушы күші. Ғылым мен инновацияны дамыту – тәуелсіз мемлекеттің тұрақты өсімі мен болашағының кепілі. Сондықтан бүгінгі таңда ғылыми әлеуетті арттыру, жас ғалымдарды қолдау және зерттеу инфрақұрылымдарын жетілдіру – еліміздің өркендеуінің маңызды бағыты.

Кез келген елдің өркендеуі мен әлемдік аренадағы беделі оның ғылымының даму деңгейімен өлшенеді. Осы түрғыдан алғанда, отандық ғылым  – еліміздің ертеңіне жол ашатын шешуші күш, ел дамуының басты кепілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында ғылым мен технология барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екеніне назар аударды.

«Дамыған елдер ғылымға да, технологияға да баса мән беріп жатыр. Қазір – инвестицияның, ғылым мен жоғары технологияның уақыты. Бүгінде кез келген елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады. Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома. Түрлі мемлекеттер арасында технологиясы дамыған озық ел болу үшін күрес жүріп жатыр. Орталық Азиядағы бәсекелестік те күшеюде, бұл – түсінікті, заңды үрдіс. Сондықтан біз де осы салаға баса мән беруіміз керек, нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз қажет», – деді Президент.

Сонымен қатар, «Бүгінде жоғары оқу орындарын бітіріп жатқан түлектердің 90 пайызы – бакалаврлар. Ал ғылым докторларының үлесі 1 пайызға да жетпейді. Сондықтан докторантураға бөлінетін грант санын көбейту қажет. Әсіресе, техникалық мамандықтарға басымдық берген абзал», - деп, атап өткен болатын.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында (2022 жылғы 1 маусым) сөз кезегінде «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» негізінде инженерлік білім мен ғылым саласында жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу хабын және технологиялық парк құру туралы айтылды.

Мемлекет басшысының елдің зерттеу университеттерінде инженерлік хабтар құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында, қазіргі таңда Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті екі үлкен ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыруда:

1)  «Тұрақты құрылыс саласын интеграцияланған дамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық парк құру».

2)  «Тау-кен металлургия кешені үшін ресурс үнемдейтін энергия өндіруші технологияларды әзірлеу және инновациялық инжинирингтік орталық құру».

Бағдарлама отандық, өңірлік жоғары оқу орындары ғалымдарын және шетелдік (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, ҚХР, Украина жіне т.б.), ғылыми-зерттеу ұйымдары мен өндірістік ұйым мамандарын тарта отырып, арнайы консорциум шеңберінде жүзеге асырылып келеді. 

Бағдарлама аясында "идеядан түпкілікті өнімге дейін" тұжырымдамасын іске асырудың толық циклын қамтамасыз ететін 3 әлеуетті мақсат көзделген:

- перспективалы құрылыс материалдарын өндірудің жаңа технологияларын зерттеу және әзірлеу;

- технопарк ашу арқылы инновацияларға, ынтымақтастыққа және кәсіпкерлікке ықпал ететін орта құру арқылы технологиялық кәсіпорындардың өсуін ынталандыру және жәрдемдесу;

- жаңа және перспективалы құрылыс материалдарын шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құру.

Жоғарыда аталған ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде қазіргі таңда 10 ғылыми-зерттеу зертханалары ашылып, елімізде және алыс-жақын шетелдерде сирек кездесетін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, ғалымдарымыздың зерттеу жұмыстарын жүргізуге, өзіміздің отандық өнімді дамытуға өз үлесін қосып отыр.

Технологиялық парк пен инжинирингтік орталықтардың құрылуы іргелі ғылымнан қолданбалы ғылымға көше отырып, әрі қарай өндіріске ендірудегі негізгі ықпал етуші күш саналады.

Жоғарыда аталған бағдарламалар негізінде құрылған  ғылыми-зерттеу зертханалардың негізгі бағыттары: құрылыс және құрылыс материалдары зертханасы; полимербетон негізіндегі композициялық бұйымдар технологиясы мен өндірісі зертханасы; геомеханика және геотехнологиялар зертханасы; химиялық-аналитикалық зерттеулер зертханасы; кендердің байыту қасиетін зерттеу зертханасы; пиро- және гидрометаллургиялық әдістер зертханасы; экологиялық мониторинг зертханасы; нанотехнологиялар және наноматериалдар зертханасы; күрделі құрылымды блоктардан кен өндіру технологияларын цифрлық, компьютерлік моделдеу зертханасы; металлургиялық процестер, жылу техникасы және ұнтақтық металлургия зертханасы болып табылады. Қазіргі таңда зертханаларымыздың алды еліміздің Ұлттық аккредиттеу орталығының «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ISO/IEC 17025–2019 стандартының талаптарына сәйкес сынама зертханасы ретінде арнайы аккредиттеу аттестатына ие болып отыр. Бұл арнайы сынама жүргізуге, ғылыми және өндірістік қауымдастыққа қызмет көрсету бойынша, арнайы техникалық тапсырмалар негізінде кәсіпорындар мен өндірістік ұйымдарға технологиялық процесстер мен өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға, экономикалық тиімділіктерді шешуге ерекше мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда ұлттық аккредитациядан өткен зертханаларымыздың бірі – геомеханика және геотехнологиялар зертханасы, еліміздің ірі таукен-металлургия секторынан, өндірістік кәсіпорындарынан арнайы техникалық тапсырмалар қабыдап, келісім-шарт негізінде сынама жұмыстарын орындап, зертханаға бөлінген жабдықтардың өзін-өзі ақтауы тұрғысынан тиімді нәтиже беріп отыр.

Іргелі ғылымнан қолданбалы ғылымға көшу, ғылыми жобаларды жүргізу мақсатында ең алдымен материалдық-техникалық базаны қалыптастыру, жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беріп келеді. Аталған бағдарламаларды жүзеге асыру барысында, ғылыми-техникалық тапсырма шеңберінде көптеген докторанттарымыз PhD докторлық диссертацияларын қорғап, заманауи бірегей жабдықтармен жұмыс жасауда арнайы оқулардан өтіп, сертификатталған маман ретінде зертханаларда қызмет жасап келеді. Ғалымдарымыздың идеялары білім-ғылым-өндіріс-бизнес тарапынан өзіндік ұштастық тауып, қазіргі таңда ғалымдардың еңбегімен спин-офф және стартап компанияларының құрылуына жол ашып отыр. Яғни, ғалымдарымыздың қолданбалы ғылыми зерттеулері еліміздің экологиялық мәселелерін шешу мақсатында, таукен-металлургия және жылу электр орталықтарынан бөлінетін өндірістік қалдықтарды қайта қолдануды тиімді шеше отырып, отандық өнімдердің дамуына ықпал етуге мүмкіндік беріп отыр. Зерттеу нәтижелерінде өнертабысқа алынған отандық патенттер, халықаралық Derwent Innovations Index (Clarivate Analytics) дерекқорына тіркеліп, стартап идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.  

Сәтбаев университеті еліміздің техникалық бағыттағы іргелі зерттеу университеті ретінде, өзінің ғылыми-зерттеу зертханалары аясында қазіргі таңда тек қала көлемінде емес, сондай-ақ еліміздің аймақтық жоғары оқу орындарына, жас ғалымдарға ғылыми тағылымдамадан өтуге, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғалымдардың ғылыми жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. 

Университетімізде қазіргі таңда қалалық және өңірлік аймақтардың өзекті мәселелерін шешу мақсатында 30-дан аса ғылыми-техникалық бағдарламалар мен 240-тан аса ғылыми жобалар, сондай-ақ коммерцияландыру мен келісім-шарттық зерттеулер жүргізіліп келеді. Зерттеулеріміздің басты бағыттары: таукен-металлургия, геологиялық барлау, энергетика және машина жасау, су ресурстары мен суды пайдалану, экология, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, ақылды қалалар мен урбанистика, киберқауіпсіздік жүйелері, құрылыс және құрылыс материалдары және т.б. Аталған бағыттар бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері Web of Science, Scopus дерекқорларына кіретін шетелдік жоғары рейтингтік, жоғары квартильді ғылыми басылымдарда жариялануы Сәтбаев университетінің әлемдік QS World University Rankings бойынша 331 қатарға енуінің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ғылым, білім және өндіріс өзара тығыз байланыста, бір жүйе ретінде жұмыс істеген жағдайда ғана отандық ғылымның дамуына серпін беріп, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық және инженерлік кадрларды сапалы даярлауға мүмкіндік туады. Бұл өзара сабақтастық – елдің инновациялық әлеуетін арттырып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі деп тұжырымдаймыз.

Сәтбаев университетінің Ғылыми жобаларды сүйемелдеу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменты директоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Жанар Жұмаділова

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 17:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see130

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see128

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see124

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see123

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see122

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see120

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see120

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see120

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see119

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see118

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see117

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see117

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see117

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see115

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see114

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары