Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсуі мүмкін

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

Алматыда коммуналдық қарызы бар 600 ден астам кәсіпорынға қатысты іс қозғалды

Ермұрат Бапи: Адамды сыйға тарту бұл адам сату, адам саудасы санатындағы қылмыс саналуы тиіс!

Ермұрат Бапи: Адамды сыйға тарту бұл адам сату, адам саудасы санатындағы қылмыс саналуы тиіс!

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бір мандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи  қоғамға қауіп төндіретін теріс діни ағымдар жөнінде мәселе көтерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Депутат ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа азаматтық неке жөніндегі заңнаманы бұзып, кей азаматтардың ойына келгенін істеп отырғанын айтты. 

– Бір жағынан азаматтардың жеке мәселесі сияқты көрінсе де, қоғамдық тұрақтылық тұғырын теңселтіп, ұлттық мәдени бірегейлік пен еліміздің ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төндірер қатерлер төңірегіндегі тақырыпты қозғамақпын. Сөз нәзік діни дүниені жалбағай жамылып, елдің интернет әлемінде халықтың санасына манипуляция жасайтын “псевдодіни авторитеттер” турасында болмақ.

Турасын қаймықпай айтқанда, дүмше догманы тықпалаған бұл қарабайыр діндарлар біздің ұлттық ұстанымды ірітіп, мемлекетіміз бен қоғамның тағанын теңселтуде. Соңғы аптада біз бірер осындай даңғаза дабыраның куәсі болдық. Интернет подкастардың бірінде ресми діни құрылымға қатысы жоқ әлдебір “имамсымақ” үш әйелі барын сөз етіп, соңғысын өзінің шәкіртіне “сыйға тартқанын” жайбарақат жария етті.

Бұл мәлімдемені адами моральға жат қылық қана емес, сонымен бірге азаматтық неке жөніндегі заңнаманы көпе-көрнеу бұзу, қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі дінді мансұқ ету және оның құндылықтарына қасақана нұқсан келтіру деп түсіну керек. Жалпы, адамды сыйға тарту – бұл адам сату, адам саудасы санатындағы қылмыс саналуы тиіс! Заңды белшесінен басып, ойына келген шариғатын шатып отыратын мұндайларға тосқауыл қойылуы керек!

Адам түгілі, хайуанға жанашырлық танытуды дәріптейтін дін өкілі өз әйелін хайуаннан бетер етіп, ашық сыйға беруі – қоғамдық жазғыруға пара-пар қылмыс саналуы тиіс, – деді Ермұрат Бапи. 

Оның айтуынша, осыны бүкіл елге дәріптеген подкаст иесі журналист Жанар Байсемізова ең құрығанда журналистік этиканы, кәсіби салиқалықты сақтамаған. Керісінше, хайп қуу, ақырында оның өзі әкімшілік жазаға тартылды.

– Осы орайда ұлттық мәселені популизм жолында құрбан етуге құштар журналист әріптестер мен масс-медианың басқа да өкілдерін кәсіби, адами және азаматтық ұстанымға берік болуға шақырамын! Әрбір редакция мен журналистің есінде  болсын: мыңжылдық ұлттық мұратқа қастық жасауға,  кәсіби сананың іріп-шіруіне жол берілмеуі тиіс. Мұндай сандырақтарға жол беру – заңға өрескел қайшы әрекет деп саналуы керек!

Екінші бір керенау көрініс – Наурыз мерекесі ислам дініне жат мейрам деп жариялаған сақалы бар, мұрты жоқ біреудің видео-былжырағы. Әлеуметтік желілерді кезіп кеткен бұл дақпырт табиғатпен тел туатын мерекені жоққа шығару ғана емес, сонымен бірге біздің халықтың ғасырлардан тамыр тартатын салт-дәстүріне, ұлттық мәдениеті мен бірегейлігіне күмән келтірудің кебі. Тақуаның ел ішіне тарап бара жатқан түрпі тілімен айтқанда: Иншаллах, қоғамды шулатқан қос қиқушы әкімшілік жазаға тартылып, оларға айып салынды!

Бірақ құрметті Бас прокурор мырза, елдегі діни негіздегі қоғамдық жарқышақ асқынып кетпесін десек, әкімшілік жазамен ғана ушығып бара жатқан жағдайды ауыздықтау аздық етеді! Әсіресе, әлеуметтік ресурстар арқылы теріс діни насихат пен діни араздықты қоздырушы тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін заң нормаларын депутаттар корпусының талқылауына ұсынуды сұраймын.

Түптеп келгенде, ұлттық мұрат пен халықтық мұраға орасан зор залалын тигізетін бұл проблеманың тұңғиығы терең және әлдеқайда қауіпті болмақ. Ең бастысы,  бұл – уағызшысымақ тобыр біздің жас өскін ұрпақты, елдің болашағын улауда. Сырттан сіңген теріс діни сойқы уағыз, әсіресе, буыны бекімеген жастардың сарыуыз санасына желімдей жабысып, оларды ұлттық салт-дәстүр дағдысынан айырудың айласын жасауда. Олардың сиқырына алданған, дәстүрлі құндылықтардан қағылу, елдік мүддеден ажырау қатеріне іліккен жастар “жоғалған ұрпаққа” айналуы ғажап емес, – дейді ол. 

Депутат теріс діндар тақуаларға  "егер біздің сан ғасырлық ұлттық дәстүрлеріміз харам болса, Қазақстан мемлекеті сіздерге туған ел емес шығар?! Ұлттық құндылықтарды ғасырдан-ғасырға сақтап қалған қазақтың қасиетті даласы сіздерге атамекен емес болар?! Ендеше, харамы жоқ, сіздер қош көретін елге неге қоныс аударып кетпеске?!" деген сұрағын қойды. 

– Шын мәнінде, біздің бүгінгі қоғам адасу алаяқтығы шылауына шырмалып, “ақпараттық терроризм” деп атауға болатын қиянатты құбылысқа тап болды. Бұны қоғамдық жүйенің құндылықтарын нақақ қирату, түсінік пен түйсікті теріс жолға салу, адамдар санасына маңызы өзгерген мән-мақсатты агрессивті түрде сіңіру құбылысы деп қабылдау қажет!

Іс жүзінде халықтық, қазақтық ұлттық дәстүрлерге қарсы шығу – Қазақстанның конституциялық құрылысына қарсы шығу деген сөз! “Қазақстан – зайырлы мемлекет” деп  Ата Заңда атап көрсетілген қағидатқа діни даңғазамен қарсы шығу – қылмыс! 

Егер біз бұл теріс догмаға бүгін өте қатаң және жүйелік тойтарыс бермесек, ертең тіземізді тістелеп, қапыда қалуымыз әбден мүмкін. Оның күрт кереғар нәтижесі бізге адам айтқысыз ауыр тиері кәдік! Біз қыр арқасы қырқылған, ішкі дүниесі тұлдай, таным-түйсігі быт-шыт болуы шынайы ықтимал қоғамды құтқаруға дәл бүгін кіріспесек, бұл кереғар жағдайды түзеу әрекетінен кеш қаламыз. Кері қайту қиын болады: рубикон тақау қалды!

Себебі, бүгінде әсіресе жастардың сенім-танымы мен қоғамдық көзқарасы дәстүрлі діннің мешіттерінде емес, әлеуметтік желілерде қалыптасуда. Егер бұл ресурстарда ресми институттардың жүйелі, авторитетті және заманауи ұстанымы тапшы болса, бұл бос қалған кеңістікті қарабайыр және қауіпті пропаганда толтырады.

Бүгінде өзінің сандырағын ресми ислам мен шариғаттың нормасына айналдырған, діни білімі кенде, діни статусы күдікті дүмшелер  әлеуметтік желілерде өріп жүр. Олар қоғамды радикалдық ой-әрекетке жетелеп, елдегі мұсылман қауымы арасына іріткі салып, біздің халық ежелден табынатын дәстүрлі исламның діни қағидаларын бұрмалауда. Қазақстан мұсылмандары қауымдастығына  жоғарыда аталған қос дүмшенің дүрбелеңіне қатысты қауымдастықтың дін қайраткерлері мен діни шенеуніктері тарапынан қарсы пікір айтылғанын естімедім. Тіпті,  ресми қауымдастық сырттан сіңген теріс діндарлардан қаймығып, “сен тимесең, мен тимен, бадырақ көздің кебін киген тәрізді. Қарапайым тілде “ДУМК” деп, қысқартылып аталатын қауым өз жұмысын қайта қарауы керек деп есептеймін. Олар цифрлық кеңістікке шығып, ел іші мен онлайн ортадағы діни кикілжіңге дер кезінде реакция жасап, қоғамды зұлым уағыздар қоршауында қалдырмауы тиіс!, –  деді депутат Ермұрат Бапи.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 13:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

29 Маусым 2026 20:49see125

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

29 Маусым 2026 23:54see121

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

30 Маусым 2026 00:07see118

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

30 Маусым 2026 18:55see118

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

29 Маусым 2026 18:04see116

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

29 Маусым 2026 18:42see116

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

30 Маусым 2026 16:16see115

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

30 Маусым 2026 15:53see114

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

29 Маусым 2026 17:49see114

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

30 Маусым 2026 15:16see112

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

30 Маусым 2026 16:10see111

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсуі мүмкін

29 Маусым 2026 23:53see111

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

30 Маусым 2026 15:42see111

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

30 Маусым 2026 15:25see111

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

30 Маусым 2026 20:27see109

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

01 Шілде 2026 00:02see108

Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

30 Маусым 2026 18:57see106

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

30 Маусым 2026 21:08see105

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

01 Шілде 2026 07:07see105

Алматыда коммуналдық қарызы бар 600 ден астам кәсіпорынға қатысты іс қозғалды

29 Маусым 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары