Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

Алтын тамыр бастауы

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Бекзат болмысы түрік тілінде

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

Жоғалып табылған Жайық шаһары

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

Мексика мүлт кеткен жоқ

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

Батыс Қазақстанда Мен оқыған 30 кітап жобасы іске асып жатыр

Батыс Қазақстанда Мен оқыған 30 кітап жобасы іске асып жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Президент кеңесшісіне ауыл шаруашылығы саласы, тұрғын үй инфрақұрылымы, «Қаладан-ауылға» өңірлік бағдарламасының жүзеге асырылуы, «Мен оқыған 30 кітап» жобасы және ауылнайлар институтын жетілдіру жөнінде ақпарат берілді. Бұл туралы Aikyn.kz Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Казталов ауданының негізі бағыты – мал шаруашылығы саласы. Бүгінде ауданымызда 168 836 бас ірі қара, 332 932  бас қой мен ешкі, 42 755 бас жылқы, 262 бас түйе бар. 

– Қазіргі таңда 141 шаруашылық ірі қара, 47 шаруашылық қой, 5 шаруашылық жылқы малын асылдандыру бағытында жұмыстарын жүргізім, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысып отыр. Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында соңғы үш жылда 4,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар биыл 15 шаруа қожалығы 1775 гектар жерге екпелі шөп егуді жоспарлап отыр,  – деді аудан әкімінің орынбасары Рашит Нәсіпқалиұлы. 

Аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев тұрғын үй құрылысы мен «Қаладан – ауылға» бағдарламасының ауданымызда жүзеге асырылуына кеңінен тоқталды. 

– 2023-2025 жылдары ауданымызда 3,3 млрд теңге қаражатқа, 33 елді мекенде аумағы 19 174 шаршы метр болатын 223 үй салынды. Ал өңір басшысы Нариман Төреғалиұлының бастамасымен жүзеге асқан «Қаладан-ауылға» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда ауданның 16 елді мекеніне 47 отбасы көшіп келді. 46 отбасы жаңа баспанаға ие болса, 1 отбасыға Көпкүтір елді мекенінің тұрғындарының қолдауымен ауылдағы тұрғын үй жөнделіп берілді. Қазіргі таңда 37 адам тұрақты жұмысқа, 8 адам ақылы қоғамдық және маусымдық жұмысқа орналасты. 3 отбасы мемлекеттік грант алды,  – деді ол. 

«Мен оқыған 30 кітап» жобасы және ауылнайлар институтын жетілдіру жұмыстары жөнінде аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев баяндады. 

– Аудан әкімінің бастамасымен 2023 жылдан бастап «Мен оқыған 30 кітап» аудандық байқауы жүзеге асып келеді. Байқаудың аудандық кезеңіне жалпы 132 оқушы қатысты. Ал өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған байқаудың облыстық кезеңіне 15 оқушы қатысты. Ағымдағы жылы алғаш рет республикалық кезеңін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Жүлде қоры – 4 250 000 теңге,  – деген аудан әкімінің орынбасары 2025 жылы ауданымыздың 31 елдімекеніне ауылнайлар сайланғанын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды таныстырды. 

– Елімізде шекара маңында 65 аудан болса, Казталов ауданы сол аудандардың ішінде көш бастап тұрған аудандардың бірі деп білемін. Өйткені, Казталов ауданы тек шаруашылық жағынан ғана емес, өзінің тарихи орны бар және тарихи тұлғаларды түлетіп шығарған, елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің туған жері. Казталов ауданы – қазақ елі үшін көзіміздің қарашығындай сақтайтын, Президенттіміздің назарындағы аудандардың бірі деп білерсіздер. Бүгінде аудан орталығын аралап, бірқатар ғимараттарды қарадық. Халықтың жағдайы жақсы екенін аңғаруға болады. Сонымен қатар шаруа қожалықтардың ауданның дамуына қосып отырған үлесі зор. Ауылнайлар институты сынды жобалары да сәтті жүзеге асырылып отыр. Бұның барлығы да осы аудандағы қазыналы қарияларымыздан басталған, бүгінгі жастарға дейінгі буынның бірлігі мен ынтымағының арқасында деп білеміз. Халық мықты болса, еліміз сапалы болса, біз сапалы болсақ біздің ала алмас асуымыз, аса алмайтын белесіміз болмайды,  – деген Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. 

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Казталов ауданының тұрғындарымен кездесті. Еліміздегі саяси реформалар талқыланған жиынға аудан активі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ардагерлер, салалық мекеме басшылары, білім және денсаулық сақтау саласының мамандары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесуді Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыстық коалиция басшысы Мұрат Мұқаев жүргізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформалардың мән-маңызы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, 15 наурызда өтетін республикалық референдум арқылы ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатыны айтылып, жаңа Ата заң жобасының қоғам талқысына ұсынылып, жарты жыл бойы жан-жақты талқыланғаны атап өтілді.

Кездесу барысында ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтар сөз алып, жүргізіліп жатқан реформалардың ел дамуына ықпалы жөнінде пікір білдірді. Алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтауда аға буынның жауапкершілігі әрдайым жоғары екенін атап өтті. Ол мемлекет жүргізіп отырған жаңғыру бастамалары халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтып, барша тұрғындарды елдік мүдде жолында бірлік танытуға шақырды.

– Ардагерлер қауымы әрқашан ел бірлігін, тыныштық пен тұрақтылықты ең жоғары құндылық деп біледі. Сондықтан Жаңа Конституцияда айқындалған бағыттарды, еліміздің дамуына негізделген бастамаларды әрдайым қолдайды. Өйткені біз бейбіт өмірдің, тұрақтылық пен татулықтың қадірін жақсы түсінеміз. Бүгінгі таңда әлемде түрлі күрделі жағдайлар орын алып жатыр. Көрші мемлекеттердегі оқиғалар да біз үшін үлкен сабақ болуы тиіс. Ең басты байлығымыз – ел тыныштығы мен бірлігіміз екенін әрдайым есте ұстауымыз қажет. Татулық пен келісім сақталған жерде ғана даму мен өркендеу болады. Сондықтан біз, барша аудан тұрғындары және аудан ардагерлері Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттарды қолдай отырып, елдегі тұрақтылықты сақтау, бірлік пен татулықты нығайту жолында өз үлесімізді қоса береміз,  – деді ол.

Сонымен қатар «Құрмет» орденінің иегері, №2 Казталов аудандық ауруханасының директоры Надежда Васильева ауданның денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, соңғы жылдары ауданның медициналық инфрақұрылымы айтарлықтай нығайып, жаңа медициналық нысандар салынып, жедел медициналық жәрдем көліктері табысталып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың медицина саласына көрсетіп отырған ерекше қолдауын атап өткім келеді. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақорда төрінде Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алу мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Бұл марапатты мен тек жеке еңбегімнің ғана емес, облысымыздың, ауданымыздың медицина саласының қызметкерлеріне көрсетілген жоғары құрмет пен сенімнің белгісі деп қабылдаймын. Мемлекет тарапынан дәрігерлер еңбегінің бағалануы – денсаулық сақтау саласына деген ерекше көңілдің айқын көрінісі, – деген денсаулық сақтау саласының басшысы: «Біз көпұлтты мемлекетпіз, бірақ барлығымызды біріктіретін ортақ құндылықтар бар. Сол құндылықтардың бірі – мемлекеттік тіл», – деп тіл мәселесіне де тоқталды.

Кездесуде білім саласының даму бағыттары да кеңінен сөз болды. Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Марал Әнуарбекқызы Төлекенова білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан жаңашылдықтар мен реформалардың маңызын жеткізді.

– Білім – бүгінгі күннің капиталы, жаңа дәуірдің талабы, еркіндіктің кілті, болашақтың кепілі. Расымен білекпен емес, біліммен жарысатын заман туды. Тұғырлы елдің жастарға қоятын жалғыз талабы да осы. Осындайда Абылайдай алып тұлғаның: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік», –деген сөзі ойға оралады. Білім мен ғылым саласында да бірлік пен ұжымдық күш, әр адамның дамуына берілген мүмкіндік – табыстың кепілі. Біз, барша жерлестер және ұстаздар қауымы, Жаңа Конституцияны қолдай отырып, ел болашағы үшін жасалып жатқан игі бастамалар мен реформалардың табысты жүзеге асуына өз үлесімізді қоса береміз,  – деді жас директор Марал Әнуарбекқызы.

Жиын соңында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз сөйлеп, елімізде қолға алынған конституциялық реформалардың басты мақсаты – әділетті, тиімді әрі халық мүддесіне қызмет ететін мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті. Елімізде шекара маңында 65 аудан болса, Казталов ауданы сол аудандардың ішінде көш бастап тұрған аудандардың бірі деп білемін.

– Қазақта «Заман басқа, заң басқа» деген сөз бар. Жалпы заман өзгергенде, қоғам өзгергенде, адам өзгергенде заңның өзгеруі қисыңды нәрсе. Қазір еліміздің саяси бағдары үшін маңызды сәт. Жаңа Конституция — ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айшықтайтын, көрсететін тарихи құжат. Жалпы, осы конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздегі саяси жүйені жаңғырту бастамасынан туындаған маңызды қадам деп білеміз.  Біздің халқымыз, сапалы тіршілікке, сапалы өмір салтына ұмтылып отыр. Сондықтан конституциялық реформаның да бастауында халықтың сұранысы тұр. Халықтың сұранысы іспен, дәйекті заңмен орындалатыны сөзсіз. Екіншіден, Тәуелсіздіктен кейін 30 жылдан астам уақытты артқа тастаған қоғам идеологиялық бағдар мен тарихи танымда елеулі үзік барын жиі айтатын. Біз әлеуметтік желідегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы айтылатын ащы, кейде тұщы сынды байқаймыз. Мінекей, саяси жаңару осыны да орайымен түзеп, сабақтастықты жалғап келе жатыр. Үшіншіден, заңның өзіне заңдық қағидатпен қарайтын уақыт туды. Біз – ілгері мемлекетпіз. Біздің мемлекеттік тарихымыз ғасырлар бұрын басталып, ғасырлар бойы жалғасып отырады, – деді Президент кеңесшісі.

Ол өз сөзінде Қазақстанның тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімді нығайту жолында әрбір азаматтың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті. Ата заң – мемлекеттің берік іргетасы, ал оны қолдау – әр қазақстандықтың ортақ парызы екені баса айтылды.

Кездесу барысында тұрғындар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, ел болашағына қатысты маңызды бастамаларға қолдау білдірді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 12:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

13 Маусым 2026 18:36see118

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

14 Маусым 2026 18:24see116

Алтын тамыр бастауы

13 Маусым 2026 13:59see114

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

13 Маусым 2026 13:59see114

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

14 Маусым 2026 16:16see111

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

15 Маусым 2026 10:49see111

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

14 Маусым 2026 22:59see110

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

14 Маусым 2026 16:11see110

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

13 Маусым 2026 20:12see110

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

14 Маусым 2026 12:50see110

Бекзат болмысы түрік тілінде

13 Маусым 2026 13:59see109

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

13 Маусым 2026 14:16see109

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

15 Маусым 2026 08:58see108

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

14 Маусым 2026 22:59see108

Жоғалып табылған Жайық шаһары

13 Маусым 2026 14:00see108

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

13 Маусым 2026 21:41see108

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

13 Маусым 2026 18:50see107

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

14 Маусым 2026 22:59see107

Мексика мүлт кеткен жоқ

13 Маусым 2026 14:01see106

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

14 Маусым 2026 13:48see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары