Батыс Қазақстандағы орман өртін сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Орал орман шаруашылығы аумағында шыққан табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Әуеден өртті сөндіруге ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазавиаорманқорғау" РМК тікұшақтары жұмылдырылған.
"Өртті сөндіру жұмыстарын екпінді жел қиындатып отыр. Соған қарамастан, бөлімшелер өртті толық сөндіру бойынша қажетті жұмыстарды жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Өртті ауыздықтауға 80-ге жуық адам, 10 бірлік жерүсті техникасы және 2 тікұшақ тартылған. Авиация көмегімен жалпы көлемі 68 тонна суды құрайтын 46 рет су төгу жұмыстары жүргізілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 10:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















