Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Базар реформасы: цифрландыру арқылы ашық сауда жүйесі енгізілмек

Базар реформасы: цифрландыру арқылы ашық сауда жүйесі енгізілмек

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Қарағанды қаласындағы көтерме және әмбебап базарларды аралап, Қарағанды және Ұлытау облыстарының бизнес өкілдері, базар иелері және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен жергілікті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында жиын өткізді. 

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Базарлардағы жасырын схемаларды жоюдың негізгі іргетасы — сауда нысандарындағы процесстерді цифрландыру, базарларды жаңғырту және сауда инфрақұрылымын жақсарту. Осы мақсатта өткен жылдан бері Сауда ережесі толықтырылып, базар әкімшілігі барлық жұмыс процессін арнайы ақпараттық жүйе арқылы цифрлық базада жүргузу міндеттеледі. Яғни базар әкімшілігі мен жалға алушы арасындағы келісім-шарт, ай сайынғы төлем ақпараттық жүйе арқылы жасалып, барлық келісім ашық болуы қажет. Бұл сауда тізбегіне өнімсіз делдалдарды жосықсыз қоспауға, қосқан күнде жауапкершілікке алып келеді.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

— Өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту қажет. Мемлекеттік кірістер департаменті, ішкі істер, монополияға қарсы күрес, сауда департаменті өңірдегі сауда тізбегін ретке келтіруі керек. Комиссияға әкім орынбасары жетекшілік етеді. Өңірлерді аралап келе жатырмын. Тіпті жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен сауда жасап отырған адамдар бар. Делдалдық схема көз алдарыңызда өтіп жатыр. Соған көз жұма қарап отырған әріптестеріміз бар, — деп сынға алды Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев. 

Қарағанды облысында жыл басынан бері 25, ал Ұлытау облысында 16 өңірлік комиссияның отырысы өткен. Нәтижесінде Қарағандыда 41, Ұлытауда 44 өнімсіз делдал анықталған. Аталған дерек бойынша 2 өңірде де өнімсіз делдалдар сауда тізбегінен шығарылды. Ернұр Жәутікбаев Қарағанды қаласындағы мемлекеттік қолдау алып, жаңғыртудан өтіп жатқан «Горняк» базарына барды. Базар иесі Ләззат Бейсен 500 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алып, жаңғырту жұмысын жүргізіп жатыр.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

— Базарды жаңғырту жұмысына мемлекеттік қолдауды өткен жылы алдым. Қазір қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін жаңғыртуды аяқтауды жоспарлап отырмын. 4200 шаршы метрлік жабық базар салып жатырмыз. Бұл біріншіден базарда тұрған сатушыларға, халыққа жағдай жасау. Екіншіден, жаңғыртылған базар — заман талабы. Базарды жалға алушылардан бөлек 50-80 адамға жұмыс орны құрылады. Оның ішінде техникалық қызметкерлер, күзет және әкімшілік бар, — деді Ләззат Бейсен. 

Жалпы Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қолдау аясында 1,7 млрд теңге болатын 9 жоба мақұлданған. Оның жетеуі (1,4 млрд теңге) инвестициялық жобаларға, яғни сауда нысандарын салу мен жаңғыртуға бағытталған. Қалған екеуі айналым қаражатын толықтыруға мақұлданған. Еске сала кетейік, өткен жылдан бастап алғаш рет сауда саласына мемлекеттік қолдау тетігі енгізілді.

Содан бері жалпы сомасы 3,2 млрд теңгені құрайтын 458 жоба субсидияланды, жобалар портфелінің жалпы көлемі 67,5 млрд теңгені құрайды. Аталған мақсатқа биыл республикалық бюджеттен 10 млрд теңге мақұлданған.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

— Мемлекеттік қолдау шаралары сауда инфрақұрылым жаңғырта отырып, сауда тізбегін ашық қылуға бағытталған. Одан бөлек мемлекеттік қолдау алушыларға қарсы міндеттер бар. Ең алдымен отандық тауар өндірушілерді қолдау. Сондай-ақ жұмысын енді бастаған тауар өндірушіге мемлекеттік қолдау алған кәсіпкер 6 ай бойы сөрені тегін, жеңілдетілген шарттармен беруі керек, — деді Ернұр Жәутікбаев. 

Қарағанды қаласына жұмыс сапары аясында сауда комитетінің төрағасы «Алтын арба», көтерме «Шығыс» базарларына барып, «Сарыарқа» ӘКК тұрақтандыру қорын аралады. Өңірдегі инфляциялық жағдайды тұрақтандыру және әлеуметтік тауарлар бағасын тұрақты ұстап отыруға бағыттарған әлеуметтік павильон жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 19:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары