Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Жайма базар, жабайы сауда

Жайма базар, жабайы сауда

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әсіресе кейінгі жылдары жергілікті жұртшылыққа «ескі базар» атауымен мәлім болған базар аумағы жайма сауданы кәсіпке айналдырушылардан аяқ алып жүргісіз күйге жетіп тұр.  

Негізінен Сыр өңірінде жайма сау­дадан заманауи сауда ны­сан­да­рына көшу үдерісі бірнеше жылдан бе­рі күн тәртібінен түскен емес. Алайда ме­желенген мерзімдердің бірнеше рет өз­геруі қала тұрғындарының «базарлар қа­шан толық жаңғырады?» деген пікірін қа­лыптастырды.

Нақты айтқанда, бастапқы жоспар бойын­ша Қызылордадағы әмбебап сауда ба­зарларын жаңғырту жұмыстары 2025 жыл­дың соңына дейін аяқталуға тиіс еді. Оның ішінде мәліметке сәйкес, қаладағы  «Сы­баға», «Сұлтан-2», «Асбол» және «Тал­ғат» базарлары жаңғыртуға жат­қы­зыл­ғаны көрсетілген. Жобалардың жал­пы құны бірнеше миллиард теңгеге ба­ға­ланды. Алайда уақыт өте келе алғашқы жос­пар мен нақты нәтиже арасында ал­шақтық көрініс тапты.

Тек биыл бірінші тоқсанда төрт ба­зар­дың бірі «Сұлтан-2» сауда орындары ға­на пайдалануға берілгені жария болды. Ал қалған үш нысанда құрылыс жұ­мыс­тары әлі де жалғасып жатыр. Бұл ба­зар­ларды жаңғырту жұмыстары тағы да ұза­рып отыр деген сөз. Жалпы, құрылыс жұ­мыстарының созбалаңға салынуына се­беп те жоқ емес. Бұл жерде мәселенің бір ұшы қаржыландыруға келіп тіреледі. Мә­ліметке сәйкес,  базарларды жаңғырту жұмыстарын негізінен кәсіпкерлердің қа­ражаты және мемлекеттік қолдау те­тік­тері арқылы қолға алған.  Оның ішін­де кейбір жобалардың екінші деңгейлі банк­тердің ықпалымен жүзеге асырыла бастағаны да айтылады. 

Бұл тұрғыда қала әкімдігінің дере­гін­ше, бүгінде негізгі төрт базар­дың жаңғырту жұмыстары әртүрлі дең­гей­де жүргізіліп жатыр.  

– Бүгінде «Сұлтан-2» ба­зарындағы жаң­ғырту жұмыстары то­лық аяқталып, нысан пайдалануға бе­ріл­ді. Ал «Талғат» базарында құрылыс жұ­мыстары аяқта­лу­ға жақын. Нысанды жа­қын арада қол­данысқа беру жос­пар­ла­нып отыр. Сон­дай-ақ «Сыбаға» және «Асбол» базар­ларында құрылыс жұ­мыс­тары жалғасуда. Жалпы, «Талғат», «Сы­баға» және «Ас­бол» базарларында жалпы құ­ны шама­мен 5 млрд теңгені құрайтын жа­ңа сауда үйлері салынуда. Бұл жо­ба­лардың негізгі мақсаты – сауда орындарын заманауи та­лаптарға сәйкес­тен­діріп, тұрғындар мен кәсіпкерлерге қо­лайлы жағдай жа­сауға бағытталған. Со­нымен қатар ба­зар­лардың инф­ра­құры­лымын жақсарту, сау­да орындарын рет­ке келтіру, сани­тар­лық және қауіп­сіз­дік талаптарын қам­та­масыз етуге ба­сым­дық берілуде.

Жоспарға сәйкес, «Талғат» база­рын жөндеу жақын арада бітеді десе, «Сы­баға» мен «Асбол» ба­­­­­зарларын­дағы құры­лыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жобалар толық жүзеге асқаннан кейін қаладағы сауда орындарының келбеті жаңарып қана қоймай, тұрғындарға қыз­мет көрсету са­пасы да жақсарады деп кү­тілуде, – деп ха­барлады Қызылорда қаласының әкім­дігі. 

Белгілі болғандай,  Қызылордадағы әм­бебап сауда базарларын жаңғырту жұ­­мыстары Жол картасына енгізіліп,  ке­зең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Жаң­ғырту жобаларының көлемі де аз емес. Жекелей тоқталсақ, «Сұлтан-2» ба­­зарының жобалық құны 794 млн тең­гені құраса, «Сыбағадағы» жобаға 710 млн теңге қарастырылған. Ал «Талғат» ба­­зарын жаңғырту құны – 1,5 млрд тең­ге болса, «Асбол» сауда базарындағы жаңа нысанның жобасы 2,8 млрд теңгені құрайды. 

– «Сұлтан-2» базарында жаң­ғырту жұмыстары толық аяқталып, ны­сан пайдалануға берілді. Бүгінде сауда орындарының басым бөлігіне кәсіп­кер­лер орналасып, сауда жұмыстары жолға қойылған. Ал «Талғат» базарында құры­лыс жұмыстары аяқталу кезеңіне жа­қын­дады. Сол сияқты  «Сыбаға» және «Ас­бол» базарларында құрылыс-монтаж жұ­мыстары жалғасуда. Әр нысан бойын­ша құрылыс барысы тұрақты бақылауда. Бұл жерде негізгі мақсат базарларды за­­­­манауи талаптарға сәйкестендіріп, кә­сіпкерлер мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар жаңғырту барысында нысандардың қауіпсіздік, санитарлық және сәулет талаптарына сәйкес келуі на­зарда тұр. Құрылыс жұмыстары бекі­тіл­ген жобалық шешімдер мен белгі­ленген талаптарға сәйкес жүргізілуі қажет, – дейді Қызылорда қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тара­пы. 

Негізінен базарларды жаңғырту жұ­мыс­­тары қарқынды жүріп жатыр. Де­ген­мен оның айналасындағы түйткілдер де түбегейлі өзгерісті күтеді. Соның алғаш­қысы бұған дейін Қызылордадағы базар­ларға қатысты негізгі мәселелердің қа­тарында сауда орындарының ретсіз ор­наласуы, санитарлық талаптар, көлік тұрақ­тары, жаяу жүргіншілер қозғалысы және нысандардың инженерлік инф­ра­құрылымы көпті алаңдатып келді. Сон­дықтан жаңа сауда үйлерінің бой көтеруі осы түйткілдердің оңтайлы шешілуімен бағалануға тиіс.

Әсіресе базар аумағындағы көлік қоз­ғалысы мен тұрақ мәселесі әлі де өз маңызын жойған жоқ. Жаңғыртылған ны­санның ішінде сауда орындары зама­науи талапқа сай болғанымен, оның ай­наласында көлік кептелісі мен ретсіз сау­да сақталса, тұрғын үшін өзгерістің тиім­ділігі төмендейді.

Кезекті мәселе – кәсіпкерлер үшін жағ­дай жасалуының да маңызы айрық­ша. Яғни  жаңа ғима­рат­тағы сауда орындарының құны, жалдау ақысы, орналасу тәртібі мен кәсіпкер­лер­ге қойылатын талаптар да жаңғыр­ту­дың әлеуметтік-экономикалық нәти­же­сін күтеді.

Жалпы, төрт базардың жаңғыртылуы – Қызылорданың сауда инфрақұры­лымын өзгертетін ауқымды жобалардың біріне айналады деген сенім зор. Базар жаңарса, ең алдымен, оның айналасын­дағы орта да өзгеруі керек.

Қалай дегенде де құрылысқа жұмса­ла­тын 5,8 млрд теңгеден астам қаржының нақ­ты нәтижесі қызмет сапасымен, кә­сіп­керге жасалған жағдаймен және қа­ланың сауда мәдениетінің өзгеруімен өл­шенуі керек. Сондықтан Жол карта­сы­ның аясында жүзеге асырылып жат­қан жоба Қызылордадағы сауданың өр­кениетті, қауіпсіз әрі қолайлы жүйеге кө­шуіне негіз қалауға тиіс. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 05:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары