Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде спорт фестивалінің ашылу рәсімі өтті

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде спорт фестивалінің ашылу рәсімі өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде бүгін Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде «Тең мүмкіндіктер» атты балалалар инклюзивті спорт фестивалінің ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Фестивальде үшінші және төртінші, бесінші және алтыншы, жетінші және сегізінші сыныпқа баратын, ерекше қажеттіліктері балалар жарыс жолына түсіп, өзара мықтыларды анықтады.

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында өтіп жатқан іс-шара облыстық партия филиалының жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен өткізілді. Жарысқа барлығы 90 бала, 30 команда қатысты. 

Жарыстың ашылу салтанатына “AMANAT”партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Құдияров қатысып, сайысқа түсіп жатқан балаларға жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестігін білдірді.

«AMANAT» партиясы ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін ашуға, олардың қоғам өміріне белсене араласуына тұрақты түрде қолдау көрсетіп жатқанын облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева айтып өтті. 

«Әр баланың мүмкіндігі шексіз, сол мүмкіндікті ашуға сенім мен жағдай жасау – біз атқаратын абыройлы міндет. Облыстық партия филиалының Әйелдер қанаты өткізіп жатқан «Тең мүмкіндіктер» балалалар инклюзивті спорт фестивалі биыл екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Өткен жылы бұл фестивалді «Түркістан-Арена» стадионында өткіздік. Биыл фестиваль Түркістанның даңқы болып танылған Бекзат Саттархановтың есімін иеленген спорт кешенінде өткізіп отырмыз. Айта кетуіміз керек, бұл спорт кешені «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы бойынша салынды. Партия бекіткен Жол картасы бойынша Сауран ауданындағы Ораңғай елді мекенінде балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Түлкібас ауданының Рысқұлов елді мекенінде «AMANAT» партиясының қолдауымен аутизм диагнозы бар балаларға арналған орталық жұмысын бастады. Балалар арасындағы тең мүмкіндік қағидасын қолдай отырып, қоғамдағы инклюзивті көзқарасты нығайты береміз. Спорт – ерік пен табандылықтың мектебі. Осы фестивальде өз күшін сынап, ерік-жігерін танытып жатқан балаларымыз – елдің ертеңгі мақтанышы. Олар бізге нағыз рух биіктігінің не екенін көрсетіп отыр», - деді Қалыйма Жантөреқызы.

Инклюзивті спорт фестиваліне қатысушы балаларды қолдау үшін 400-ге жуық жанкүйер келді. Жарыс жолында қимыл-тірек аппаратының және менталдық бұзылыстары бар жас спортшылар боччадан жарысқа түссе, «Біз жеңімпаз боламыз!» деп аталатын эстафеталық жарыстарға қатысқан балалар сызық бойынша жүгіру, шеңбер ішінен өтіп, қолына шеңбер ұстап жүгіру, доппен жүгіру, оны аяқпен домалату, кедергілерден жылдам өту тапсырмаларын орындады. Жеңіл атлетика санаты бойынша жарысқа түскен балалар түрлі қашықтыққа жүгіруден жарысты.

Балалардың спорттық жетістіктерін кәсіби төрешілер тобы бағалады. Оның құрамына енген Мамуржан Раубаев – инклюзивті командалық эстафетаның нәтижелерін тіркеу жүргізсе, Ерлан Жаздықбаев пен Жұпар Сейсенбекова – жеңіл атлетика жарыстарының нәтижелерін тіркеуге алды, ал бочча бойынша жарыс нәтижелерін Бақдәулет Орынбасар тіркеді. 

Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, спорттық жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерді Республика күні мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі бұл тек жарыс емес, ол адамгершілік пен бірліктің, сенім мен жігердің мерекесі екенін айтты. Мұнда әр бала жеңімпаз деп бағалай отырып, әр баланың өмірге, спортқа және өз арманына деген шексіз ұмтылысының өзі оны жеңімпаз деп танытатынын білдірді. Осы іс-шараның өтуіне себепші болған «AMANAT» партиясына, облыстық Әйелдер қанатына алғысын жеткізді.

Жарыс түрлері бойынша жеңімпаз деп танылған барлық командаға дипломдар мен кубоктарды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева табыстады. Жарыс қорытындысымен әр санат бойынша жеңімпаз деп танылған жекелеген ойыншылар медалдармен және дипломдармен марапатталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:237
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 17:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары